Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.09.2017

Қызметтер

Атырау облысы Қаржы басқармасында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша 2017 жылдың 01 маусымындағы жай-күйі туралы талдамалық анықтама

Атырау облысы Қаржы басқармасының 2017 жылғы 16 маусымындағы №62 бұйрығына сәйкес кадр және құқықтық жұмыстар бөлімінің қызметіне 2017 жылдың 1 қаңтарымен 1 маусымы арлығындағы жұмыс кезеңіне ағымдағы жылдың 19 маусымы күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалы анықтама жұмыс тобымен жасақталды:

1. Бисембиев Нурсултан Оракович – басшы орынбасары;

2. Курманова Эльмира Кабыловна – бөлім басшысы;

3. Джумагазиева Самал Мубараковна – бөлім басшысы.

«Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша:

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:

- Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексі;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы;

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградалары туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңы;

- «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығы;

- Мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы 2017 жылғы 21 ақпандағы №40 бұйрығы;

- «Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасы 2016 жылғы 21қазандағы №15 бұйрығы;

Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 29 қарашадағы №271 қаулысымен бекітілген Атырау облысы Қаржы басқармасы мемлекеттік мекемесі туралы ережесі.

Талдау анықтамасы бойынша нормативтік – құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.

Дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

«Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы - ағымдағы жылдың 5 ай қорытындысымен: басқарманың бас маманы А.Имашев Қазақстан Республикасының

2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 61-бабының 1-тармағының 1) тармақшасына өз еркімен қызметінен босатылды;

2) мүдделер қақтығысы – ағымдағы жылдың 1 маусым жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;

3) бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;

4) рұқсат беру функциялары іске асырылмайды;

5) бөлімде бақылау функциялары іске асырылмайды;

6) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер жоқ.

7) кадр және құқықтық жұмыстар бөліміне қатысты 2017 жылғы 1 қаңтар мен 1 маусым аралығында тексеру жүргізілген жоқ.

8) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар – әр тоқсан сайын жергілікті «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттеріне басқарма «Мемлекеттік корпорация –«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорацциясында тұрғындарды қабылдау кестесі, сенім телефон нөмірлері жарияланып тұрады. Бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;

10) прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;

11) сот актілері-басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

Қорытынды және ұсыныс:

Басқармадағы уақытша бос орын бірлігіне уақытылы орналастыру жөнінде шаралар қабылдау.

Жұмыс тобы:

__________________________Бисембиев Н.О.

__________________________Курманова Э.К.

__________________________Джумагазиева С.М.

Келісемін:
_________________________Махметова А.О.


Мақаланың шыққан күні:: 28.06.2017 05:38
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 28.06.2017 05:38