Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
16.07.2020

Қызметтер

«Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің 2017 жылдың 9 айында сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі – 2017 жылғы 9 ай.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында бөлім өзінің қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, Заңдар, нормативті құқықтық актілер, құқықтық актілер қарастырылды.

Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары аппарат қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер (Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі, Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министірінің 2016 жылғы 21 ақпандағы №58 бұйрығы «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министірінің 2016 жылғы 19 қаңтардағы №15 бұйрығы «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарты, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы,Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы)бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, аппаратқа келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, аппарат бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша жасалды.

Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты бойынша 2017 жылдың 9 айында барлығы 140 мемлекеттік қызмет көрсетілді олар:

Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейінгі) жастағы балаларды кезекке қою -72;

Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру -;68

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мерзімінен кешіктіру және қызмет алушылар тарапынан қызмет көрсету сапасына арыз шағымдар болған жоқ.

2017 жылдың қазан айына дейін заңды және жеке тұлғалардың 41 арыздар мен өтініштер түсіп, уақытылы жауап берілді. Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшіктер мекемеде көрнекі жерге орнатылып, 26-410 сенім телефоны орнатылған.

Жергілікті басылымға аппараттың қызметіне қатысты мақалалар жарияланып тұрады.

Мемлекеттік сатып алулар бойынша заң бұзушылықтар орын алған жоқ. Прокурорлық наразылық келіп түскен жоқ.

«Округтің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша мүдделер қақтығысы, басшымен қызметкерлер арасында келіспеушілік болған жоқ, аппарат қызметкерлері тұрақты жұмыс істеуде, сондай-ақ, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қабылданған шектеулер мен тыйым салуларды бұзушылықтар анықталған жоқ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезінде бөлімде 1 бірлік округ әкімі, 4 бірлік бас маман болды. Кадрлар тұрақсыздығы жоқ.

2017жылғы аттестаттау нәтижелері бойынша округтің барлық мамандары лауазымдарына лайық деп танылды.

Жоғарыда аталған Заң талабын жүзеге асыру және қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем» төзбеушілік ахуалын қалыптастыру мақсатында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаменті ұсынған (бұдан әрі-Департамент) «Мемлекеттік қызметтерді алушылардың құқықтары» және «Пара беру-бас бостандығыңнан және болашағынан айырады» тақырыптары бойынша жадынамалары әзірленіп,ауыл тұрғындары мен мекемелерге таратылды.Баннер,бильбордтар орнатылды.

Есептік кезеңде Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады, қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

«Бөдене ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі


Мақаланың шыққан күні: 05.10.2017 02:48

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.10.2017 02:48

Қаралым саны: 1090