Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

«Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ-нің қызметіндегі 2019 жылдың II жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы туралы 19.12.2019ж. жай-күйі бойынша талдамалы анықтама

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2019 жылдың 12 желтоқсандағы №32-н/қ «Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігіТехникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалы анықтама жұмыс тобымен жасақталады:

1. Имангалиева Асыл Имангалиевна – жұмыс тобының жетекшісі-бөлім басшысы;

2. Гатамова Эльмира Қасымбайқызы - бас маман;

3.Баделова Гауһар Дәулетқызы-бас маман.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мерзімі:2019 жылғы 18-19 желтоқсан.

Талданатын мерзімі: 2019 жылдың II жартыжылдығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың мәні:

  1. Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы;
  2. Мүдделер қақтығысын реттеу;
  3. Мемлекеттік қызметтерді көрсету;
  4. Рұқсат беру функцияларыніскеасыру;
  5. Бақылауфункцияларыніскеасыру
  6. Жеке жәнезаңдытұлғалардыңөтініштерінқараусапасы;
  7. Қызметтікэтиканыжәнесыбайласжемқорлыққақарсызаңнаманормаларынсақтау;
  8. Талдаубарысындатуындайтынөзге де мәселелер;
  9. Департаменттіңқызметінеқатыстынормативтік-құқықтықактілер

Талданатын объект туралы мәліметтер

"Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті" РММ (бұдан әрі – департамент) "Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология Комитеті" РММ-нің Атырау облысында Техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету салаларында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады.

Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ Қазақстан Республикасы сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2019 жылғы 25 шілдедегі № 9 бұйрығымен бекітілген Департаменттің Ережесіне сәйкес, Атырау облысы Әділет департаментінде тіркелген 18.08.2019 жылғы Заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы анықтама негізінде жүзеге асырады. Қазақстан Республикасы сауда министрлігінің 2019 жылғы 29 қарашадағы № 118 бұйрығымен Департамент туралы ережеге өзгерістер енгізілді.

Заңды және нақты мекенжайы: Атырау облысы, Атырау қаласы, Абай көшесі, 10 А үй, 3-ші қабат.

1.Персоналды басқару, оның ішінде кадрлардың ауысуы

19.12.2019 жылғы жағдай бойынша Департаментте 5 адам жұмыс істейді, іс жүзінде-1 бірлік жетекші маман бос лауазымы бар:

- А. ж. 17 мамырынан бастап ,бас маман А. М. Иманғалиева 17.05.2019 ж. № 8 бұйрығымен бөлім басшысы лауазымына тағайындалды. Осылайша, жалпы конкурс бойынша бас маманның бос орнына 2019 жылғы 31 шілдеде Э. Қ. Гатамова қабылданды. ;

- А.ж. 09 маусымынан бастап бас маман Г. Д. Баделова бала күтіміне байланысты демалыста болды, екінші кезең конкурсы бойынша уақытша бос лауазымға 2019 жылғы 29 шілдеде А. Т. Жаманшин қабылданды.

Алайда, 2019 жылғы 03 желтоқсаннан бастап негізгі қызметкер бас маман Г. Д. Баделова бала күтіміне байланысты демалыстан жұмысқа шықты, бұл 2019 жылғы 4 тоқсандағы кадрлардың ауысуы бойынша берілген есептермен (өспелі қорытындымен) ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігініңАтырау облысы бойынша департаментіне (МОИП-да "мемлекеттік қызметшілердің мониторингі" бөлімінде орналастырылған 1 М-2-АЕМ есебі 4-бөлім "ауысушылық") және ҚР СИМ ТРМК кадр тұрақтылығы бойынша ай сайынғы есебімен расталады.

2.Мүдделер қақтығысын реттеу

     Департамент мамандарының тексеріс субъектілерімен жеке қарым-қатынастарының алдын-алу мақсатында Департаментте «Мүдделер қайшылығы» журналы жүргізіледі.

3. Мемлекеттік қызметті көрсету

Департамент мемлекеттік қызмет көрсетпейді.

4. Рұқсат беру функцияларын іске асыру

Департаменттің құзыретіне рұқсат беру функциялары кірмейді.

5.Мемлекеттік метрологиялық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу

Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру Министрдің бұйрығымен бекітілген 1 және 2 жартыжылдыққа профилактикалық бақылауды тексеру тізіміне сәйкес, сондай-ақ жоспардан тыс тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, прокуратура органдарының талаптары негізінде жүргізіледі.

2019 жылдың қорытындысы бойынша Департамент барлығы 18 тексеру жүргізді, оның ішінде 7-де бұзушылықтар болған, 39 %:

- субъектіге бару арқылы профилактикалық бақылауының 11 тексерісінен 6 жағдайда салыстырып тексерілмеген 174 бірлік өлшеу құралдарын пайдалану бойынша бұзушылықтар болған. Осылайша, ҚР "Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы"Заңының 19-бабының талаптары бұзылған. Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы 6 ұйғарым берілді;

- 7 жоспардан тыс тексерулердің ішінде бір жағдайда бұзушылық болған, бұл 14-ті құрайды %;

- ҚР ТРМК-нің тапсырмасы бойынша 2 жоспардан тыс тексерулердің бірінде бұзушылық болды. Тексеру нәтижелері бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 2 ай өткеннен кейін сарапшы-аудитор З. А. Балахметова ҚР ӘҚБтК 62-бабына сәйкес, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылды;

- 5 Тексеру берілген нұсқамалардың орындалуын бақылау бойынша жүзеге асырылды, бұзушылықтар анықталған жоқ;

Мемлекеттік бақылау барысында метрология және аккредиттеу саласында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

6. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы

Есепті кезеңде техникалық реттеу және метрология сұрақтары бойынша 289 өтініш келіп түсті және уақытылы жауаптары беріліп отырады, ол ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының салыстыру актісімен және ЕҚАБЖ базасында тіркелумен расталады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері заңда белгіленген уақытта қаралады, бұзушылықтар анықталған жоқ.

7. Қызметтік этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың талаптарын сақтау

Департаментте Әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, мемлекеттік қызметші статусымен байланысты шектеулер және мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар қатаң сақталады. Талдауды жүргізу барысында Әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзушылық анықталған жоқ. Департамент қызметкерлеріне қатысты қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік істер қозғалған жоқ.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында, төмендегідей жұмыстар жүргізілуде:

1) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен тыңдалымдар, сонымен қатар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдерінің қатысуымен техникалық оқулар мен дөңгелек үстелдер өткізіледі, сонымен қатар, ҚР ИИДМ Әдеп жөніндегі уәкілі – Гульмира Амангельдиевна Аубакировамен бейнеконференция арқылы кездесулерөткізілуде;

2) «Сенім телефоны» жұмыс жасайды, сонымен қатар «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» облыстық газеттерінде және Департаменттің кіре беріс қабырғасында жарияланған;

8. Талдау барысында туындайтын өзге де сұрақтар.

БАҚ-да департамент қызметкерлеріне қатысты сын мақалалар жарияланған жоқ.

9. Департамент қызметіне қатысты нормативті-құқықтық актілер.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, Департамент қызметкерлерінің өтініш берушілермен байланысын болдырмау қажет, сондықтан, Egov.kz яғни өтініштер электрондық үкімет порталы арқылы түсуді ұсынамыз.

Қорытындылар мен ұсынымдар:

Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес келмейтін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ жүктелген функцияларды орындау кезінде жұмысты ұйымдастырудағы кемшіліктерді жоюға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында:

  1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ішкі нормативтік-құқықтық актілерді сәйкестікке келтіру, функционалдық міндеттерді орындау бөлігінде Департамент қызметін бақылауды жалғастыру;
  2. Департамент қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзу фактілеріне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыру.

Жұмыс тобының жетекшісі-

бөлім басшысы       ______ А.М.Имангалиева

Бас маман                                                 _______ Э.Қ.Гатамова

Бас маман                                                 ________Г.Д.Баделова


Мақаланың шыққан күні: 16.01.2020 11:39

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.01.2020 11:39

Қаралым саны: 150