Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.12.2017

Қызметтер

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекеменің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық АНЫҚТАМА

І. Кіріспе

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім)- бөлім басшысы басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті білім беру саласын басқаруды жүзеге асыратын атқарушы мемлекеттік орган.

Бөлім Құрманғазы ауданы әкімдігінің бөлімшесі болып табылып, дербес бөлім ретінде жергілікті атқарушы органдарының бiртұтас жүйесiне кiредi, атқарушы билiктің жалпы мемлекеттiк саясатын тиістi саланы дамыту мүдделерімен және қажеттілігімен үйлестіре жүргізуді қамтамасыз етеді.

Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны-5; азаматтық қызметшілер саны-20. Олар: 5 мемлекеттік қызметкер (бөлім басшысы және орынбасары, 3 бас маман) мен 2 штаттан тыс қызметкер (іс жүргізуші, автокөлік жүргізушісі) бөлімнің әдістемелік кабинетінде 14 қызметкер (1 әдістемелік кабинет меңгерушісі, 12 әдіскер, 1 хатшы) мен бухгальтериясында 6 қызметкер (бас есепші, 5 есепші) барлығы 27 қызметкер жұмыс істейді.

Бөлімге қарасты 4 бастауыш, 4 негізгі орта, 26 жалпы орта, барлығы 34 мектеп, 21 балабақша, 7 мектептен тыс мекеме жұмыс жасауда.

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Бөлімдегі және бөлімге қарасты мекемелердегі сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі. мекен жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы, Құрманғазы ауданы, Ганюшкин ауылы, Көшекбаев көшесі 25 үй, тел.: 8(71233)2-04-00 эл.поштасы: kurmangazy.roo@mail.ru

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:

Басталды: 20 маусым 2017 жыл, аяқталды: 03 шілде 2017 жыл.

4. Бақыланатын кезең: 2017 жылдың 01 қаңтары мен 2017 жылдың 30 маусым аралығы.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

Құрманғазы аудандық білім бөлімі бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы

стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы басшылыққа алынып, іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында «Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының 2017 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» бөлімінің 2016 жылдың 20 желтоқсан күнгі №755 санды бұйрығымен іс шаралар жоспары жасақталып бекітілді. Жоспар барлық білім беру ұйымдарына таратылған. Сәйкесті жоспарлау жұмыстары барлық білім беру ұйымдарында да жүзеге асқан.

Бөлімнің жоспарына сай бөлім жанынан Сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім мәселелері бойынша және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы жүргізудің жұмысшы тобы мүшелері қызметінің негізгі бағыттары мен міндеттері бекітіліп өздеріне таныстырылған. Бөлімнің жоспары бойынша жоспарлы жұмыстар жүргізілген.

1) 2017 жылдың алты айы бойынша бөлімде қабылданған құқықтық акті саны: барлығы –430 бұйрық берілген. Құқықтық актілердің дұрыс жасақталуы үнемі бақылануда және 2017 жылдың маусым айында Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексі өзгерістері негізінде құқықтық акті мен іс қағаздарды жүргізу заңнамаларынан біліктілікті арттыру мақсатындағы «Бизнес тренинг» оқу орталығының семинар курстарынан 14 мектеп басшысы, 3 балабақша меңгерушісі, бөлімнің басшысы мен бас есепшісі және бас маманы барлығы 20 қызметкер өткізілді.

Бөлімге қарасты білім мекемелеріндегі түрлі тексерістер кезінде қатаң есептегі құжаттар тобында мекемелердегі бұйрықтардың жүргізілуі бақыланып отыр.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

Бос лауазымдарға конкурстар әкімшілік мемлекеттік бос орындарына конкурс өткізу Ережелері қатаң сақтала отырып жүргізіледі. 2017 жылдың алты айы бойынша: 2 жалпы орта мектепке, қайта құрылу жолымен құрылған 4 мектептен тыс мекеме, 2 балабақшаға конкурс жарияланылды.

Бөлімдегі мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген.

Бөлімде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда және мемлекеттік қызметшілерге

теңестірілген басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (facebook, mail.ru, instagram, vk) жарияламау және сол сияқты бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізілуде. Осылайша, 2017 жылдың 06 ақпан күні Құрманғазы аудандық білім бөлімінде құпиялылықты және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі шараларды қамтамасыз ету туралы түсінік беру аппарат мәжілісі өтіп, бөлім басшысының міндетін атқарушы Е.Баяров күн тәртібіндегі мәселе бойынша түсінік беріп, мемлекеттік мекемелерге фото, бейнежазба және интернетке шығу функционалдығы бар мобильдік құрылғыларды енгізбеудің қатаң сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстарды жүргізу мен нұсқаулықтардың орындалуын қамтамасыз ету керек екендігінен хабарлама жасап, барлық бөлім қызметкерлеріне осы хаттамамен ескертілген болып саналатындарынан хабардар етіп, осы аппарат мәжілісінің хаттамасымен тиісті қызметкерлерге қол қойдырып таныстыру жүргізілді.

Құрманғазы ауданы бойынша білім беру ұйымдарында да білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық сипатындағы фактілерге жол бермеу мақсатында педагог қызметкерлер мен оқушылардың және олардың ата-аналарының құқықтық сауаттылығын арттыру жолға қойылған.

Бөлімнің дәлізіне мемлекеттік органдар ғимараттарында ұялы телефондарды сақтауға арналған ұяшықтары бар металлды шкафтар орнатылуын 2017 жылдың 01 наурызына дейін қамтамасыз етудің мәселесін шешу тапсырмасы беріліп, орындалды.

Бөлімге қарасты барлық білім беру ұйымдарында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген. Салалардағы мекеме басшылары мен есепшілердің білім мекемелеріндегі материалдық құндылықтарын өз деңгейінде сақтау, бухгалтериялық шаруашылық есепті стандарттарға сәйкес жүргізу мен мемлекеттік сатып алу заңнамаларының өзгерістерімен таныстырып отыру мақсатында олардың білімін жетілдіру, тәжірибелер алмасу мақсатында тұрақты білімін жетілдіру дәстүрге айналып, 2017 жылдың ақпан айында білім бөлімінің ұйымдастыруымен Astana-Gold Қазақстандық кәсіптік оқыту орталығының мамандарының оқытуымен «Электрондық мемлекеттік сатып алу: 2017 жылы енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды толығымен шолу. Өзекті мәселелер тақырыбында барлық білім беру ұйымдарының басшылары мен есепшілері үшін арнайы түсінік беру семинары өткізілді. Бұл басқосудың мақсаты: бухгалтериялық шаруашылық есепті стандарттарға сәйкес жүргізу мен мемлекеттік сатып алу заңнамаларының өзгерістерімен таныстыру арқылы олардың білімін жетілдіру. 20 мектеп басшысы мен есепшісі, 6 балабақша басшысы мен есепшісі сонымен бірге, бөлімнің бас есепшісі мен 1 есепші қызметкері де мемлекеттік сатып алу заңнамаларындағы өзгерістерін түсіндіретін біліктілік арттыру семинар курстарынан өткізілді.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2013 жылғы 18 қыркүйектегі №983 қаулысымен бекітілген мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, аудандық білім бөлімі бойынша 2017 жылы 25 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілді, оның ішінде 10 мемлекеттік қызмет «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсетіліп келеді. Осы 25 мемлекеттік қызмет түрінің 21-і қағаз түрінде, 1 қызмет электрондық түрде көрсетілді. 2017 жылы қаңтар-маусым айларында барлығы 1024 мемлекеттік қызмет көрсетілді.

Мемлекетті қызметтер үлесін арттыру мақсатында, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер туралы жергілікті Серпер газетінде «Тегін тамақ кімдерге тиесілі» атты мақала жарияланды.

Мемлекеттік органдармен мемлекеттік қызметтер сапасын арттыру мәселесі бойынша «Жалпы білім беретін мектептердегі білім алушылар мен тәрбиеленушілердің жекелеген санаттарына тегін және жеңілдетілген тамақтандыруды ұсыну», «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау», «Негізгі орта, жалпы орта білім беру туралы құжаттардың телнұсқаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттары мен регламенттеріне түсінік беру, талқылау, оқыту мақсатында балабақша меңгерушілеріне, мектеп директорларына, аудан тұрғындарына 2 семинар кеңестер мен 29 түсіндіру іс-шаралары өткізілді.

2017 жылы мерзімдері бұзылуымен көрсетілген қызмет болған жоқ. Білім бөлімінен бас маман Р.Құмарова мемлекеттік көрсетілетін қызметтер бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткен.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында стенд жасақталып, ілінген.

4) Бөлімге 2017 жылдың 6 айында 5 жеке тұлғадан арыздар түсіп, оның қанағаттандырылғаны 1, түсіндірілгені 4. Жұмыс мәселесіне байланысты-1, жеке мәселеге байланыстысы-4.

5) Барлық білім беру ұйымдарына сыбайлас жемқорлыққа байланысты жоғарғы органдардан келген нұсқау хаттар мен жоспарлар уақытылы жолданып, таныстырылуда.

Білім бөлімінің дәлізінде арнайы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - басты міндет» тақырыбында ақпараттық стенд пен мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі жаңадан жасақталып орналастырылған. Бөлімнің ғимаратында тұрғындар үшін сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған шағымдар мен ұсыныстарға арналған «сенім жәшігі» орнатылған. Бөлімнің сенім телефоны ретінде 2-08-89 нөмірі бекітілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әлеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша барлық білім беру ұйымдарында ақпараттық стендтер орналастыруға тапсырма беріліп, ауданның барлық білім мекемелерінде және білім бөлімінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытындағы стендтер орналастыру жұмыстары түгелімен орындалды. Күні бүгін 34 мектепте «Парасатты азамат»

тақырыбындағы бұрыш жасақталды. «Парасатты Азамат» бұрыштары барлық білім беру мекемелерінде дайындалып, жоспарға сәйкесті материалдары өзгертіліп тұрады.

Сонымен бірге, барлық білім беру ұйымдарында «сенім жәшігі» мен «сенім телефондары» жұмыс жасайды.

Осы ақпараттық-түсіндірме стендте: «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңынан шолу ақпараты; Осы Заңды жүзеге асыруға арналған бағдарламалар мен заңнамалар және т.б. тізімі мен қысқаша білім саласына қатысты бөліктерінен үзінді және т.б. білім ұйымдарындағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес» жұмысын бейнелейтін осы тақырып аясында жүріп жатырған шаралардан көрсетілген фото суреттер; сенім телефоны номері мен сыбайластыққа жол бермеуге шақырған сақтандыру ұранды сөздер қамтылып, көрініс тапты.

Атырау облысы білім беру департаментінің 2014 жылғы 12 мамыр күнгі №158 бұйрығын басшылыққа алып, барлық білім беру ұйымдарында ақша жинауды болдырмау, мектеп бітіру мен мерекелерде мұғалімдерге сыйлыққа ата-аналардан, оқушылардан ақша жинауды болдырмау шаралары үнемі қатаң қадағалауға алынып отыр. Барлық білім беру ұйымдарында «Құрметті ата-аналар ақша жинауға тиым салынады» банерлері ілінді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті насихаттау бағытында брошюралар, буклеттер, бетшелер мен жадынамалар шығару, тарату, таратылған жұмыстарды мониторингілеу жұмыстары жүргізіліп отыр. Осыған орай қоғамда сыбайлас жемқорлық көріністеріне «мүлдем» төзбеушілік ахуалын және оған қарсы мәдениетті қалыптастыру және халықты ақпараттандыру мақсатында бөлімнен 2017 жылғы 29 мамырдағы №08-04-01-01/695-ші және 2017 жылғы 13 маусымдағы №08-04-01-01/791-ші хаттары негізінде мемлекеттік қызмет көрсету орындарында қызмет көрсету нәтижесімен бірге қызмет алушыларға жадынамаларды тарату жұмыстары жемқорлық стендісіне немесе мекеменің көрнекі жеріне осы жадынамалардың және хабарландырудың ілу жұмыстары жүргізілді.

Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған жұмыстар барысында Құрманғазы ауданы мектептерінде «Адал ұрпақ» клубтары» құрылып, клубқа 459 оқушы тартылды. «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы қызметінің ережесі басшылыққа алынып жұмыстар жалғасын табуда.

Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен оқушылар және педагогтар арасында кездесулер ұйымдастыру барлық білім беру мекемелерінде өткізілді.

Аудан бойынша білім беру мекемелеріндегі сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар жоспары бойынша жұмыстар жалғасын табуда.

Атырау облыстық білім беру басқармасының мектепке дейінгі ұйымдарда, жалпы орта білім беретін мектептерде сыбайлас-жемқорлыққа қарсы күрес

тақырыптарында сынып сағаттары, тәрбиелілік шаралар өткізу Тұжырымдамасы бойынша 1-4 сыныптар аралығында «Құқықтық тәртіп деген не?» тақырыбында, 5-9 сыныптар аралығында «Сыбайлас жемқорлық қылықтары мен зардаптары» тақырыбында және 10-11 сыныптар аралығында «Сыбайлас жемқорлықтың түйіні неде?» деген сынып сағаттар кешені өткізілуде.

Ақпан айында «Сыбайлас жемқорлықсыз-жарқын болашақ» театырландырылған көріністер байқауын ұйымдастырылып, жеңімпаз Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің оқушылары облыстық кезеңге ұсынылып, облыстан ІІ орын иемденді.

«Транспарентті есеп беретін мемлекет» бейнероликтер байқауы аудан көлемінде наурыз айында өткізіліп, облыстық кезеңге Гагарин орта мектебі қатысып, облыстан жүлделі І орын иемденді.

Аудандық «Менің бүгінгі сабағым-жемқорлықсыз қоғам» атты байқау наурыз айында өткізіліп, жеңімпазы Абай орта мектебінің сыып жетекшісі Аккалиева Нүргүл облыстық кезеңге жолданып, облыстық кезеңнен жүлделі ІІ-ші орынды иемденіп қайтты.

Барлық білім беру ұйымдарының кітапханаларында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес - ортақ міндетіміз» тақырыбымен тұрақты кітап көрмесі жаңартылып жасақтау тапсырмасы беріліп, орындау барысында жұмыстар жалғасуда.

Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы Кешенді жоспар жобасының күнтізбелік шараларды жүзеге асыру бағыты бойынша:

2017 жылдың 24 ақпаны күні аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен, «Қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы 2017 жылға арналған облыстық Кешенді жоспарға сай, білім беру мекемелері басшыларымен Бегалиев атындағы жалпы орта мектебінің акт залында «Мемлекеттік білім беру мекемелері басшыларының дискрециялық өкілеттіктерін азайту тәжірибесі» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге 24 мектептен 15 балабақшадан мекеме басшылары қатысты. Дөңгелек үстелдің теориялық бөліміне: «Бірлесіп күрессек қана...» тақырыбымен айдар тағылып, онда Қиғаш жалпы орта мектебінің директоры С.Капуова «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V Заңынан ақпараттық презентация түрінде және бөлім әдіскері Ж.Хасанова мен Санаторлық «Балауса» бөбекжай балабақшасының тәрбиешісі А.Рамазанова «Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік ахуалын қалыптастыру жолдары мен мәселелері» тақырыбында презентациялық таныстырылым түріндегі құқықтық оқыту жұмыстарын жүргізіп, мектептердегі және балабақшаларда сыбайлас жемқорлық көріністеріне төзбеушілікті қалыптастыру жөніндегі іс-шараларын үйлестірудің нұсқаулықтары мен жолдарынан түсінік берді. Практикалық бөлім

«Ымырасыз күрес – ардың ісі» тақырыбымен айдар тағылып, дөңгелек үстелдің бұл кезеңінде Ақкөл жалпы орта мектебінің директоры Т.Тулемисов «Мемлекеттік білім беру мекемелері басшыларының дискрециялық өкілеттіктерін азайту тәжірибесінен» шеберлік сыныбын өткізсе, М.В.Ломоносов атындағы жалпы орта мектебінің директоры К.Тулегенов пен «Нұрбөбек» бала бақшасының меңгерушісі Л.Кисметова «Азаматтардың құқықтық мәдени деңгейін арттырудың белсенді бағыттары» тақырыбымен тренинг өткізіп, шығармашылықтарымен бөлісті. Ал, Н.К.Крупская атындағы жалпы орта мектебінің директоры Ш.Исатаева өзі басқаратын «Адал ұрпақ» ерікті мектеп клубы қызметінен» презентациялық жобасын қорғады. Қортынды бөлім: «Сыбайлас жемқорлықтың түйіні неде?» тақырыбымен айдар тағылып, онда Ш.Уалиханов атындағы негізгі орта мектебінің директоры З.Канатова «Мемлекеттік білім беру мекемелері басшыларының дискрециялық өкілеттіктерін азайту тәжірибесінен» тақырыбымен дөңгелек үстелге қатысушылар жұмысын SWOT-талдау әдісімен рефлексия жүргізді. Аудандық дөңгелек үстел соңында бөлім басшысының міндетін атқарушы Е.Баяров бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының 2016-шы және 2017 жылдарға арналған жоспар негізінде өткізілген шаралар мен байқаулар нәтижесі бойынша және осы дөңгелек үстелге белсене қатысып, тәжірибе бөліскен бір топ мектеп басшыларына марапаттауларды табыстап, шараны қортындылады.

Сонымен бірге, білім беру мекемелері басшылары үшін 2017 жылдың 03 наурыз күні Абай атындағы жалпы орта мектебінің акт залында «Педагогикалық кадрлардың категориясын көтеру: сыбайлас жемқорлық тәжірибесінің шешілу жолдары мен мәселелері» тақырыбымен дөңгелек үстел өткізілді. Бұл дөңгелек үстелде Теориялық бөлім: «Мақсат – жемқорлықты жеңу» тақырыбымен айдар беріліп, Абай атындағы жалпы орта мектебінің директоры Н.Хасанова «Педагогикалық кадрлардың категориясын көтеру: сыбайлас жемқорлық тәжірибесінің шешілу жолдары мен мәселелері» тақырыбымен мониторингтік талдауын ұсынса, «Айжан» балабақшасының меңгерушісі К.Исағалиева, «Айгөлек» балабақшасының меңгерушісі М.Кереева, «Боташым» балабақшасының меңгерушісі Т.Утегуловалар жадынамалар, таратпа бетшелер мен брошуралар таратылымын ұйымдастырды. Ал, практикалық бөлімге: «Әр ісіңе адал бол!» тақырыбымен айдар беріліп Еңбекші жалпы орта мектебінің директоры М.Шаяхметов «Мектеп орынбасарларын аттестаттаудан өткізудің тәртібі мен шарттарын сақтау іс-тәжірибесінен» шеберлік сыныбын өткізсе, Педагогикалық кадрлардың мәртебесін арттырудың белсенді бағыттары «Мерей» балабақшасының меңгерушісі А.Ашимова «Педагогикалық кадрлардың мәртебесін арттырудың белсенді бағыттары» тақырыбымен презентациялық таныстырылым жасады.

Қортынды бөлімге: «Сыбайлас жемқорлықсыз қоғамды бірге құрайық» тақырыбымен ұйымдастырылып, Нәжімеденов атындағы негізгі орта мектебінің директоры Р.Хасантаев «Педагогикалық кадрлардың категориясын көтеру: сыбайлас жемқорлық тәжірибесінің шешілу жолдары мен мәселелері» тақырыбындағы рефлексия түріндегі талдамалық қортынды жасады. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалынан, ата-аналар комитеті мен ардагерлер кеңесінен, аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес комиссиясының мүшелерінен, жергілікті БАҚ өкілдері қоғамдық бақылаушылар ретінде қатыстырылды. Осы шараның өткендігі туралы жергілікті «Серпер» басылым бетіне 2017 жылғы 30 наурыздағы №13 –ші номерде «Дөңгелек үстелде талқыланды» және 2017 жылғы 06 сәуірдегі №14-номерде «Педагогтар парақорлыққа қарсы» тақырыбымен жарияланды.

Бөлімге қатысты сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Бөлімнің веб-сайтына сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бойынша ақпараттар орналастырылуға екі тілдегі ақпарат Құрманғазы аудандық ішкі саясат бөліміне уақытылы жолданып отыр.

ІІІ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағытта бойынша жүзеге асты :

1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізуге және жұмыстың нәтижесіне басшылық, үйлестіру және жауаптылық жүктелетін сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау субьектісінің лауазымды тұлғасы: Е.Баяров- бөлім басшысының орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі. 8(71233)2-08-89.

Бөлімнің және бөлімге қарасты білім беру ұйымдарындағы ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталды:

1) Қазақстан Республикасы «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының заңнама талаптарының бұзылуына жол бергені үшін «Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебі» директоры Б.Сайыповқа білім бөлімінің 2017 жылғы 12 қаңтардағы №10 бұйрығымен «қатаң сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. (Бұйрық көшірмесі жалғанды)

2) Құрманғазы ауданы прокуратурасының 2017 жылғы 22 ақпан күнгі №2-05-17-00311 хатымен жолданған заң бұзушылықты және оған ықпал еткен мән жайлар мен себептерді жою туралы ұсынысы негізінде қызметкерлерді жұмысқа орналастыруда өзінің қызметіне салғырттық танытып, заң бұзушылықтарға жол бергені үшін «Ақкөл жалпы орта мектебі» директоры Т.Тулемисовке, «С.Н.Имашов атындағы жалпы орта мектебі» директоры Р.Сапаровқа, «Ә.Сәрсенбаев атындағы жалпы орта мектебі» директоры Қ.Бисенғалиевке, «Ақмарал бөбекжай балабақшасының» меңгерушісі Б.Утегуловаға білім бөлімінің 2017 жылғы 16 наурыздағы №120 бұйрығымен «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. (Бұйрық көшірмесі жалғанды)

3) Құрманғазы ауданы прокуратурасының 2017 жылғы 06 наурыз күнгі №2-05-17-00387 хатымен жолданған заң бұзушылықты және оған ықпал еткен мән жайлар мен себептерді жою туралы ұсынысы негізінде бюджеттік мекемелер мен кәсіпорындардың қызметінде қызметкерлерге сыйлықақы беру кезінде заңдылықтардың сақталмауына, бюджет қаражатын мақсатты жұмсалуы кезінде өзінің қызметіне салғырттық танытып, заң бұзушылықтарға жол бергені үшін «Ганюшкин мектеп интернаты» директоры М.Бисенғалиевке білім бөлімінің 2017 жылғы 17 наурыздағы №122 бұйрығымен «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. (Бұйрық көшірмесі жалғанды)

4) Өзінің қызметіне салғырттық танытып, мектептің бұйрықтарын дайындау «Мемлекеттік және мемлекеттік емес ұйымдарда құжаттама жасаудың және құжаттаманы басқарудың үлгілік қағидаларының» 7,8 қосымшалары басшылыққа алынуын тиісінше қолға алмай және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 17 қыркүйектегі №375 бұйрығымен бекітілген «Білім беру деңгейлері бойынша білім беру ұйымдары қызметінің үлгілік қағидаларының» 10 тармағында мектепке педагогикалық жұмысқа мамандығы бойынша біліктілік сипаттамасының талаптарына сәйкес келетін және білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттармен расталған қажетті кәсіптік-педагогикалық біліктілігі бар тұлғалар қабылданады делінген ереже талаптарының бұзылуына жол бергені үшін «Н.Манаев атындағы жалпы орта мектебі» директоры Б.Мусаевқа білім бөлімінің 2017 жылғы 05 маусымдағы №312 бұйрығымен «сөгіс» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. (Бұйрық көшірмесі жалғанды)

Бөлімнің және бөлімге қарасты білім беру ұйымдар қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұқушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

ІІІ. Қортынды:

«Атырау облысы Құрманғазы аудандық білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл заңнамасын зерделеу бойынша құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жалғастыру;

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру, БАҚ-та кеңінен ақпараттық-насихаттау жұмыстарын ұйымдастыру;

3. Қолданыстағы заңнама нормаларын түсіндіре отырып азаматтар мен заңды тұлғалардың өтініштерін қарастыру кезінде заңдылықты қамтамасыз ету.

 

1. ____________Е.Баяров- бөлім басшысының орынбасары, жұмыс тобының жетекшісі

2. ____________Т.Медеугалиева- бөлімнің бас маманы жұмыс тобының хатшысы

 

Жұмыс тобының мүшелері

3. ____________ Е.Джумабаева- бөлімнің бас маманы

4. ____________ Р.Кумарова- бөлімнің бас маманы

5. ____________ Р.Абишева- бөлімнің бас есепшісі

 


Мақаланың шыққан күні:: 12.07.2017 02:17
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.07.2017 02:17