Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.11.2017

Қызметтер

Мақат аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық анықтама

«Мақат аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» ММ, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36, тел: 8(71239)3-01-39.

1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқолық тәуекелдерін анықтау.

2.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

2017 жылғы 1 жарты жылдық.

3.Нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мақат аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі (әрі қарай -Бөлім) өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 20 мамырдағы № 95 қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

4.Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәукелдерін анықтау.

Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелген.

Бөлімнің штат саны – 2 адам, азаматтық қызметшілер – 4 адам. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Бөлім басшысының 2017 жылғы 7 қыркүйектегі № 111 бұйрығымен бөлімнің бас маманы С.Кожагуловаға бала күтіміне байланысты жалақысы сақталмайтын демалыс берілді.

Бөлімде тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «жәшік» орнатылған. Күні бүгінге дейін ешқандай арыз-шағым, ұсыныс-пікір түскен жоқ. Сенім телефоны 3-01-39 нөмірі бекітілген. Сенім телефоны тоқсан сайын аудандық газетте жарияланады.

Еңбек тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы

29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі қатаң сақталады.

Бөлімде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында жадынамалар орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлық бойынша мақалалар жариялануда. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Бөлімнің ұйымдастыруымен жыл басынан бері 5 шара өткізіліп, барлығы 710.000 теңге қаражат бөлінді. Бөлінген қаражат толықтай игерілді.

Бөлімге қарасты Мақат аудандық мәдениет үйі, Доссор мәдениет үйі, Аудандық орталық кітапханасы жұмыс жасайды.

Мақат ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қарашадағы №237-қаулысымен «Мақат аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Мақат аудандық мәдениет үйі» коммуналдық қазыналық кәсіпорынның Ережесі бекітілді.

Аудандық мәдениет үйінің штат саны – 50 адам.

Кәсіпорын өз мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес төмендегідей қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) тұрғындар арасында түрлі мәдени- көпшілік жұмыстар жүргізу арқылы, олардың бс уақыттарын тиімді пайдалануына жағдай жасау;

2) халық арасында ұлттық өнер мен салт-дәстүрді насихаттау, ақыл-ойы дамыған ұрпақты тәрбиелеуге қажетті әдістер мен тәсілдерді пайдалана отырып,Кәсіп орынның әлеуметтік-экономикалық статусын көтеру;

3) тұрғындардың әртүрлі топтарының тілек-мүдделері мен рухани қажеттілектерінің сұраныстарына байланысты жаңа мәдени қызметтерді ұйымдастыру жұмыстарының әдістері мен нормаларын енгізу . Жас ұрпақты мәдени шараларға белсенді қатыстыру;

4) Қазақстан Республикасынң заңнамаларына сәйкес тұрғындарды ақылы қызмет түрлерімен қамту және ақылы қызметтен түскен қаржыны мақсатына пайдалану, түскен қаржыны Мемлекеттік мекеменің есеп-шотына жинақталады және Мемлекеттік мекеменің ішкі қызметіне ,ауданның мәдени өміріне жұмсалады.

Мақат аудан әкімдігінің 2014 жылғы 17 сәуірдегі №99-қаулысымен «Мақат аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің Доссор мәдениет үйі» коммуналдық мемелекеттік қазыналық кәсіпорынның Ережесі бекітілді.

Доссор мәдениет үйінің штат саны- 32 адам.

Кәсіпорын өз мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес төмендегідей қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1)тұрғындар арасында түрлі мәдени- көпшілік жұмыстар жүргізу арқылы, олардың бос уақыттарын тиімді пайдалануына жағдай жасау;

2) халық арасында ұлттық өнер мен салт-дәстүрді насихаттау, ақыл-ойы дамыған ұрпақты тәрбиелеуге қажетті әдістер мен тәсілдерді пайдалана отырып,Кәсіп орынның әлеуметтік-экономикалық статусын көтеру;

3) тұрғындардың әртүрлі топтарының тілек-мүдделері мен рухани қажеттілектерінің сұраныстарына байланысты жаңа мәдени қызметтерді ұйымдастыру жұмыстарының әдістері мен нормаларын енгізу . Жас ұрпақты мәдени шараларға белсенді қатыстыру;

Аудан әкімдігінің 2013 жылғы 20 маусымдағы №183- қаулысымен «Мақат аудандық мәднеиет және тілдерді дамыту бөлімінің аудандық орталық кітапханасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі туралы Ережесі бекітілді.

Аудандық орталық кітапханасының штат саны-48 адам.

1) Мемлекеттік мекеме қызметінің мақсаты Қазақстан Республикасының азаматтарының мәдени, кәсіби жалпылама білім дәрежелерін көтеруге ықпал ету болып табылады;

2) Мемлекеттік мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады:

1) барлық жүйенің негізгі орталық кітапханасының қызметін атқарады;

2) барлық кітапханалардың қызметіне басшылық етеді;

3) жаңа әдебиеттерді толықтыру мен өңдеуді бір орталықтан жүзеге асырады;

4) оқырмандардың сұранысын зерттеп, қанағаттандырады;

 


Мақаланың шыққан күні:: 12.10.2017 07:57
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 12.10.2017 07:57