Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
06.06.2020

Қызметтер

2016 жылғы сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» ММ

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес, «Индер аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінде 2016 жыл бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында бөлім өзінің қызметінде басшылыққа алатын кодекстер, заңдар, нормативті құқықтық актілер, құқықтық актілер қарастырылды.

Аудандық жер қатынастары бөлімі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау жұмыстары бөлім қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер (Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 20 маусымдағы Жер кодексі, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы және №271 «Жер қатынастары саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығы, Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы № 182 «Жер қатынастары саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 792 "Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы № 290 «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде, ұйымдастыру мен өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 4 желтоқсандағы «Мемлекеттiк сатып алу туралы» Заңы) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар, бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері, бөлім бойынша көрсетілетін мемлекеттік қызметтер, прокурорлық қадағалау актiлерi, ұсынылуына Қазақстан Республикасының заңнамасымен тыйым салынбаған өзге де мәліметтер бойынша жасалды.

Индер аудандық жер қатынастары бөлімі бойынша 2016 жылы барлығы 130 мемлекеттік қызмет көрсетілді олар:

1) Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту-20;

2) Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекiту-62;

3) Жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру - 47;

4) Iздестіру жұмыстарын жүргізу үшiн жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беру-1;

Көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді мерзімінен кешіктіру және қызмет алушылар тарапынан қызмет көрсету сапасына арыз шағымдар болған жоқ.

Бөлімге барлығы 69 өтініш келіп түсті (заңды тұлғадан 5, жеке тұлғадан 64).

Жер кодексінің 48 бабына сай, 2016 жылы барлығы ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін жер учаскелерін жалға беру жөнінде 2 конкурс өткізіліп, конкурс қорытындысы бойынша көлемі 28213 гектар 36 жер телімі конкурс жеңімпаздарына уақытша өтеулі жер пайдалану құқығымен 10 жыл мерзімге табысталды. Округ әкімдерінің шешімдері және аудан әкімдігінің қаулысы негізінде 160 жер учаскесін жалға беру туралы және 34 жер учаскесін сату-сатып алу туралы келісім шарттар жасақталды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында бөлімнің мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді. Зерттеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.

Прокурорлық қадағалау актілері келіп түскен жоқ. Мемлекеттік сатып алулар бойынша заң бұзушылықтар орын алған жоқ. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы, мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ.

Бөлім бойынша қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлықты болдырмау, алдын-алу мақсатында 2016 жылы бөлім қызметкерлері арасындағы 2 жиналыс өткізіліп, «Дендер» газетіне 3 мақалаларжарияланды. Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және болдырмау мақсатында «Біздің қоғамда сыбайлас жемқорлыққа орын жоқ!» тақырыбында 50 үстел күнтізбесі жасақталды.

Есептік кезеңде Индер аудандық жер қатынастары бөлімі қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады, қызметкерлері тарапынан сыбайлас жемқорлыққа қатысты қандай да бір құқық бұзушылық орын алған жоқ.

Индер аудандық жер қатынастары
бөлімінің басшысы Қ.Бағынов


Мақаланың шыққан күні: 04.10.2017 00:47

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.10.2017 00:47

Қаралым саны: 1006