Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.07.2020

Қызметтер

Мақат аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша талдамалық анықтама

«Мақат аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ, Мақат кенті, С.Мұқашев көшесі, 36, тел.: 8(71239)3-15-11.

 

1.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:

1) бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқолық тәуекелдерін анықтау.

2.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі:

2017 жылғы 1 жарты жылдық.

3.Нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мақат аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі (әрі қарай -Бөлім) өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 1 шілдедегі № 122 қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлімнің қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

Бөлім өз жұмысында Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі № 228-V Заңын басшылыққа алады.

4.Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәукелдерін анықтау.

Бөлімнің қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктелген.

Бөлімнің штат саны – 2 адам, азаматтық қызметшілер – 3 адам. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Аудан әкімінің 25.07.2017 жылғы № 220-Ө өкімімен бөлім басшысы Ә.Ерғожиев өз өтініші бойынша 2017 жылдың 1 тамызынан бастап жұмыстан босатылды.

Бөлімде тұрғындар үшін қолжетімді жерде шағымдар мен ұсыныстарға арналған «жәшік» орнатылған. Күні бұгінге дейін ешқандай арыз-шағым, ұсыныс-пікір түскен жоқ. Сенім телефоны 3-15-11 нөмірі бекітілген. Сенім телефоны тоқсан сайын аудандық газетте жарияланады.

Еңбек тәртібінде Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 153 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі қатаң сақталады.

Бөлімде мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі, дене шынықтыру және спорт саласында мемлекеттік көрсетілетін регламенті мен стандарты стенді, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тақырыбында жадынамалар орналастырылған.

Сыбайлас жемқорлық бойынша, мемлекеттік қызмет көрсету бойынша бөлімнің қызметіне байланысты мақалалар жариялануда. Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Қазақстан Республикасының «Дене шынықтыру және спорт туралы» 2014 жылғы 3 шілдедегі Заңының 35 бабы негізінде спорттық разрядтар мен санаттарын беру туралы мемлекеттік қызмет көрсетіледі. 2017 жылы спортшылар тарапынан өтініштер түспеуіне байланысты, мемлекеттік қызмет көрсетілген жоқ.

Күнтізбелік жоспар бойынша жарыстар өткізіледі және аудан спортшыларының Республикамыздың басқа аудан, қалаларында өткізілетін жарыстарға белесенді қатысуы қамтамасыз етіледі.

Бөлімнің ұйымдастыруымен жыл басынан бері 36 жарыс өткізіліп, оған 475810 теңге бөлінді, аудан спортшылары облыс көлемінде өткен 13 жарысқа қатысты, оған 2175000 теңге қаражат бөлінді, барлығы 2650810 теңге. Бөлінген қаражат толықтай игерілді.

Бөлімге қарасты Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс жасайды. Мектеп ғимараттары Мақат және Доссор кенттерінде орналасқан.

Мақат ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 4 сәуірдегі №47-ө қаулысымен «Мақат дене шынықтыру және спорт бөлімінің «Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің Ережесі бекітілді.

Спорт мектебінің штат саны – 58 адам.

Мақат балалар-жасөспірімдер спорт мектебі оқушыларды дене шынықтыру және спортпен жүйелі шұғылдануға тарту, оқушыларды белгілі бір спорт түріне қабілетін анықтау, оқу-жаттығу процесі мезгілінде спорт резервін даярлауды қамтамасыз ету және спорт мектебінде жоғары дәрежелі спортшыларды тәрбиелеу, спорт мамандары арасында әртүрлі спорт түрінен тәжірибе алмасу мәселелерімен айналысады.

 


Мақаланың шыққан күні: 06.10.2017 08:32

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.02.2019 05:11

Қаралым саны: 1351