Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
31.03.2020

Қызметтер

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау анықтамасы

Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу үшін басқарма басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Аталған жұмысшы топ төмендегі көрсеткіштер бойынша талдау жүргізді:

ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – 2017 жылғы 04 қазандағы жағдай бойынша кадр ауысушылығы болған жоқ;

2) мүдделер қақтығысы - 2017 жылғы 04 қазандағы жағдай бойынша мүдделер қақтығысы болған жоқ;

3) басқарма бойынша 3 мемлекеттік қызмет көрсетіледі:

- «Мәдени құндылықтарды уақытша әкету құқығына куәлік беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша 6 жеке тұлғалардан өтініш түсті. Барлығына уақытында мемлекеттік қызмет көрсетілді;

- «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша өтініштер түскен жоқ;

- «Архивтік анықтамаларды беру» мемлекеттік қызметі бойынша 2017 жылдың 9 айында мемлекеттік органнан тікелей қағаз түрінде 2315 сұранысқа, Мемлекеттік корпорация арқылы 4736 сұранысқа, Портал арқылы 926 сұранысқа жауап берілді. Барлығы 7977.

4) рұқсат беру функцияларын іске асыру – «Жергілікті маңызы бар тарих және мәдениет ескерткіштерінде ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүргізуге келісім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметі бойынша өтініштер түкен жоқ.

5) бақылау функцияларын іске асыру - басқармада бақылау функциялары іске асырылмайды;

6) басқарманың ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер - жоқ.

Басқарманың қызметін қозғайтын нормативтік-құқықтық актілер:

- Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 23 мамырдағы №116 қаулысымен бекітілген Атырау облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы туралы Ереже;

- Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 3 шілдедегі №198 қаулысымен бекітілген «Мәдениет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысы Атырау облысының Әділет департаментінде 2015 жылғы 05 тамызда №3275 болып тіркелген;

- Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 5 сәуірдегі №68 «Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі №213 «Мұрағат анықтамаларын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентiн бекіту туралы» қаулысына өзгерістер енгізу туралы» қаулысы бекітіліп, Атырау облысы Әділет

департаментіндегі нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тізіліміне 3473 болып тіркелді.

2) Басқармаға қатысты мемлекеттік органдардың бұрын жүргізген тексеру нәтижелері- басқармаға Атырау облысы прокуратурасының 01.08.2017 жылғы №2-05070-17-060072 тексеруді тағайындау туралы хаты негізінде, ҚР Қаржы министрлігі Қаржылық бақылау комитетінің Атырау облысы бойынша қаржылық бақылау инспекциясымен бақылау жүргізілді. Бақылау түрі: тақырыпты, бағдарламада қаралған сұрақтар бойынша. Нәтижесінде сыбайлас жемқорлық көріністері анықталмаған.

3) бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдар-басқарма бойынша облыс әкімдігінің «Облыстық басқармалардың халыққа қызмет көрсету орталықтарында азаматтарды қабылдау өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына сәйкес, басқарма басшылығының азаматтарды қабылдау өткізу жөніндегі және басқарманың сенім телефоны туралы хабарландырулар облыстық «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» газеттеріне жарияланды. Қабылдауға келген азаматтардың өтініштері уақытында қаралып, жауап беріледі.

4) Басқармаға келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша – басқармаға 37 өтініш келіп түсті барлығына уақытында жауап берілді. Мерзімін бұзу фактілері орын алмады. Сонымен қатар, басқарма ғимаратында жеке және заңды тұрғалардан келіп түскен өтініштерді қабылдау жәшігі орналасқан.

5) прокурорлық қадағалау актiлерi жоқ;

6) сот актілері - басқарма бойынша сот актілері түскен жоқ.

Қорытынды: Басқарма бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау нәтижелеріне сәйкес, басқармада сыбайлас жемқорлық тауекелдері жоқ екендігі анықталды.


Мақаланың шыққан күні: 05.10.2017 01:00

Парақтағы соңғы өзгерістер: 05.10.2017 01:00

Қаралым саны: 1171