Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.06.2020

Қызметтер

«Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі» КММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат

«Мақт аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ

 «Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Қ.Сәтбаев көшесі 1 үйде орналасқан.

Тел: 8(71239) 3-02-77;

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

Мақат аудандық ішкі саясат бөлімінің штат саны –2 (1 басшы, 1 бас маман) адам, азаматтық қызметшілер саны – 2 (1 есепші, 1 әдіскер) адам.

2013 жылдан бастап Хамидуллина Салтанат Жұлдызбайқызы аудандық ішкі саясат бөлімінің басшысы қызметін, 2010 жылдан бастап Кеуелова Алмагуль Куатбаевна аудандық ішкі саясат бөлімінің бас маманы қызметін атқаруда.

Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 07 сәуірдегі №62 қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық ішкі саясат бөлімі туралы Ережеге» сәйкес жүзеге асырады.

2017 жылдың 9 айында өтініш түскен жоқ.

2017 жылдың 9 айы бойынша барлығы – 1 шешім, 10 қаулы, 6 өкім қабылданған.

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты жадынамалар ілінген.

Бөлімде сенім телефоны ретінде 3-02-77 нөмірі бекітілген.

Аудандық ішкі саясат бөлімі Облыс әкімі аппараты, облыстық Ішкі саясат басқармасы, облыстық Жастар саясаты басқармасы, облыстық Дін істері басқармасы, облыс әкімі жанындағы Әйелдері істері және демографиялық саясат жөніндегі комиссия, Атырау облысы Қазақстан халқы Ассамблеясы хатшылығы мен «Қоғамдық келісім» коммуналдық мемлекеттік мекемесі жұмыстарының ауданда орындалуын қамтамасыз етеді.

Бөлімде аудан әкімі жанындағы Мемлекеттік рәміздерді қолдану мен насихаттау жөніндегі комиссия, аудан әкімі жанындағы Жастар істері жөніндегі Кеңес, аудан әкімі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңес, аудан әкімі жанындағы Әйелдер істері және отбасылық саясат жөніндегі комиссия, аудан әкімі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен қарым-қатынас жасау жөніндегі Кеңес, аудан әкімі жанындағы Қоғамдық Келісім кеңес, Аналар кеңесі барлығы 5 кеңес, 2 комиссия жұмыс жасайды.

Аудан әкімінің орынбасары Ж.Гумаровпен ағымдағы жылдың 30 қаңтар күні «Аудан әкімдігіне қарасты дербес бөлімдер мен кент, ауыл округі әкімі аппаратының қызметкерлерімен сыбайлас жемқорлық көріністерінің алдын алуға бағытталған 2017 жылға арналған іс-шаралардың медиа жоспары» бекітіліп, аудандық «Мақат тынысы» газетіне 30 мақала жарияланды.Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

Аудандық Жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен 2017 жылдың 15 наурыз күні сағат 10.00-де Л.Шахатов атындағы орта мектебінің акт залында Жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта жиналыс өтті.

2017 жылдың 28 наурыз күні сағат 15.00-де Х.Санбаев атындағы  орта мектебінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл тақырыбында Брейн-ринг интеллектуалдық ойыны өтті.

2017 жылдың 14 наурыз күні ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ұсынысымен Мақат ауданы бойынша сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру және азаматтарды жедел қабылдау мақсатында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мобильді топ құрылды. Мобильді топ аудан көлемінде орналасқан мекемелерінің еңбек ұжымдарында ақпараттық-түсіндіру шараларын жүргізіп, азаматтарға жеке қабылдаулар өткізді. Сондай-ақ, Мақат мұнай және газ технологиялық колледжінде Мақат аудандық жастар ресурстық орталығы  ауданның жастарымен флэш-моб ұйымдастырды.

Мақат ауданы әкімдігінің 2013 жылғы 27 желтоқсандағы қаулысын басшылыққа алып, 2014 жылдың қаңтар айынан  бастап  Мақат аудандық ішкі саясат бөлімінің «Мақат ауданының Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі құрылды. Мақат аудандық ішкі саясат бөлімінің «Мақат ауданының Жастар ресурстық орталығы» (бұдан әрі –Мекеме) өңірлік деңгейде мемлекеттік жастар саясатының іске асырылуына қолдау көрсетуге бағытталған қызметті жүзеге асыру үшін ұйымдық-құқықтық нысанда құрылған, заңды тұлға мәртебесіне ие коммерциялық емес ұйым болып табылады. Мекеменің түрі коммуналдық. Мекеменің құрылтайшысы Мақат ауданы әкімі аппараты болып табылады. Бұл мекемеде штат саны 6-ау, яғни басшы, заңгер-маман, маман, есепші, инспектор, көлік жүргізушісі.

Олар: Орталық басшысы Балашева Айдана Русланқызы

Заңгер-маман Есенаманова Алытынгүл Қабидоллақызы

Маман Сәпенова Мейрамгүл Әлібекқызы

Есепші Әленова Ляззат Нұрқанқызы

Инспектор Жалмұханов Бейбіт Асқарұлы

Жүргзуші Айтуаров Равиль Мақсотұлы

Мекеменің орналасқан жері 060600, Қазақстан Республикасы, Атырау облысы,  Мақат ауданы,  Мақат кенті, Қ.Сатпаев көшесі 1 үй.

Мекеме қызметінің мақсаты Мақат ауданының жастар қоғамдық бірлестіктерінің, білім мекемелерінің және еңбек ұжымдарындағы, ұйымдар мен кәсіпорындардағы жастар активтерінің мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру мәселелері қызметін үйлестіру болып табылады. Мекеме қызметінің мақсаты жастардың азаматтық бастамаларын, рухани-адамгершілік, зияткерлік, шығармашылық және дене күш қуатының әлеуетін дамыту, қазақстандық отансүйгіштікті қалыптастыру, аудандағы мемлекеттік жастар саясатын іске асыруды қамтамасыз ету болып табылады.

Мекеме мақсатқа қол жеткізу үшін мынадай қызмет түрлерін жүзеге асырады: жастармен тұрғылықты жері, оқу, жұмыс орындарында мекен-жайы бойынша жұмыстар жүргізу; ауылдағы жас мамандардың (түлектердің) бейімделуіне көмектесу; жастар үшін кеңестер ұйымдастыру, соның ішінде жас отбасыларға, Қазақстан аумағында іске асырылатын барлық мемлекеттік, салалық және өңірлік бағдарламалар мен жобалар бойынша кеңес беруді ұйымдастыру; өмірдің қиындығына тап болған, бақылаусыз және қараусыз қалған жастарға, жас мүгедектерге, сондай-ақ, басбостандығынан айыру орындарынан босатылған жас азаматтарға психологиялық көмекті қамтамасыз ету; құзыреті шегінде жас адамдардың жұмысқа орналасуына, кәсіби даярлауға және қайта даярлауға ықпал ету; еріктілік, әскери-патриоттық ұйымдардың, әскери-патриоттық, әскери-ізденушілік, спорттық-техникалық және аула клубтарының желісін қалыптастыру арқылы жастардың әскери-патриоттық тәрбие желісін дамытуға ықпал ету; ақпараттық дерекқор қалыптастыру, жинақтау, қорыту мен жіктеу жөніндегі жұмыстарды жүзеге асыру, сондай-ақ, инновациялық идеялар мен жобаларды жүзеге асыруда өндіріс (бизнес қоғамдастық) пен жастар арасындағы қарым-қатынасты үйлестіру; жастарға арналған өзекті тақырыптарға семинарлар, дөңгелек үстелдер мен пікірталас алаңдарын өткізу және ұйымдастыру; жастар мен балалар қоғамдық ұйымдарының жетекшілері мен көшбасшыларының кәсібилігін жетілдіру мен оқытуға ықпал ету; жастар қозғалыстары мен бірлестіктеріне өңірлік және республикалық деңгейлерде мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыруда әдістемелік, ұйымдастырушылық және практикалық көмек көрсету; түрлі мәдени, ойын-сауық, танымдық бұқаралық-спорттық, денешынықтыру-сауықтыру шараларды ұйымдастыру және өткізу.

Аудан бойынша жастар саясаты және азаматтарға патриоттық тәрбие беру жөнінде арнайы іс-шаралар жоспары жасақталды.

Қазіргі таңда жыл басынан бері 76 шара ұйымдастырылып оған 3764 жасты қамтып отыр.

Орталықта сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты жадынамалар ілінген.

 

Электронды пошта:Makat_zhastary @mail.ru

Facebook парақша: https://www.facebook.com/profile.php?id=100003382165897

VK парақша: https://vk.com/zhastarresursty1179ortaly1171y

Телефон нөмір: 871239 3 23 62 (факс), 871239 7 91 40 

Сенім телефоны:  871239 3 23 62

 


Мақаланың шыққан күні: 06.10.2017 08:39

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.02.2019 05:14

Қаралым саны: 1365