Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.09.2017

Қызметтер

Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекция басқармасының 27.06.2017 жылғы жағдайына сыбайлас жемқорлық тәуекелдігіне ішкі талдаудың нәтижесі туралы талдау анықтамасы

Атырау облысы мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы қызметі аясында (бұдан әрі - басқарма) Сыбайлас жемқорлық тәуекелдігіне талдау Мемлекеттік еңбек инспекция басқармасы басшысының 2017 жылғы 26 маусымдағы №81 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдігіне талдау» туралы бұйрығына сәйкес жүргізді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдігіне ішкі талдау қорытындысымен талдау анықтамасына жұмыс тобы құрылды, құрамында:

1. Ибрашев Батырбек Қуаниязұлы – басқарма басшысының орынбасары;

2. Джабасов Сырым Әменұлы – еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімі басшысының у.м.а.

3. Мүсен Серік Сағынтайұлы – еңбек қатынастарын бақылау бөлімінің басшысы;

4. Мусина Шынар Қанатқызы – ақпараттық талдау бөлімінің бас маманы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдігіне ішкі талдау жүргізу мерзімі 2017 жылдың 26 – 27 маусым аралығы.

Талданатын мерзімі: 2017 жылдың 1 жарты жылдығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдігіне ішкі талдау нысаны:

1. Персоналды басқару, оның ішінде кадр ауысымы;

2. Мүдделер қақтығысын реттеу;

3. Бақылау функцияларын іске асыру;

4. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы;

5. Қызметтік этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықты сақтау;

6. Талдау кезінде анықталған өзгеде мәселелер;

 

Талданатын объекті туралы мәлімет

Басқарма Қазақстан Республикасының заңдылықтарын сақтауды мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган болып табылады.

Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасы Конституциясына, Қазақстан Республикасы Президентінің және Үкіметінің актілеріне, өзгеде нормативтік құқықтық актілерге, сонымен қатар Атырау облысы әкімдігінің 2016 жылғы 8 қарашадағы №260 басқарма ережесіне сәйкес жүзеге асырады.

1. Персоналды басқару, оның ішінде кадр ауысымы

Мекен жайы: Атырау облысы, Атыру қаласы, Пушкин кқшесі 163 үй, 2 қабат.

Басқарманың әкімшілік мемлекеттік қызметшісінің штаттық саны 17 адамнан тұрады, нақты 14 адам, 3 бос лауазым бар (еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғауды бақылау бөлімі басшысы, әкімшілік бөлімінің басшысы және еңбек

қатынастары бөлімінің бас маманы). ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне ұсынылып отырған есепке сәйкес 2017 жылдың 2 тоқсанына кадр ауысымы (арту қорытындысымен) анықталады.

2. Мүдделер қақтығысын реттеу

Ішкі талдау жүргізу кезінде басқарма қызметкерлерінің арасында жеке қызығушылықтары өздерінің лауазымдық өкілеттігін лайықсыз орындауға әкеп соғатын өзара жеке қызығушылықтарымен болңан қарсылықтар фактісі анықталған жоқ.

3. Бақылау функцияларын іске асыру

2017 жылдың 6 айы бойынша Басқармамен мемлекеттік еңбек бақылау саласында бір қатар жұмыстар атқарылды.

Басқарманың жұмысы ағымдағы жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес ұйымдастырылады. Талданып отырған кезеңде Басқармамен облыстағы заңды тұлғалардың қызметіне 240 тексеріс жүргізілді, оның ішінде жоспардан тыс – 202, іріктелген тексерулер – 38. Тексеріс нәтижесімен 332 бұзышылықтар анықталып, олардың: 201- еңбек қатыныстары бойынша, 76 – еңбек қауіпсіздігі және және еңбекті қорғау саласы бойынша, 55- жұмыспен қамту мәселелері бойынша.

Жіберілген заң бұзушылықтары үшін заңды және жеке тұлғаларға 118 қаулы шығарылып, 24,9 млн (24 936 310) теңгеге айыппұл салынды, олардың 17,1 млн (17 119 605) теңгесі өндірілді.

Есептік кезенде Басқармамен сот және құқыққорғау органдарына 62 материалдар жолданды. Еңбек қызметімен байланысты 23 жазатайым тіркелді. Кәсіпорын қызметкерлерінің білімдерін тексеру бойынша 28 емтихан комиссиялары құрылды.

Бүгінгі күні жыл басынан бері Басқармада 37 ұжымдық келісім шарттар тіркелді, олардың 12-і өзгерістер мен толықтырулар енгізу үшін, 9- ұжымдық шартқа қосымшасын қалыптастыру үшін қайтарылды.

Жүргізілген талдаумен, іріктелген тексерістер тізімі Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму Министрінің 2015 жылғы 25 желтоқсандағы №1022 және Қазақстан Республикасы ұлттық экономика Министрінің 2015 жылғы 28 желтоқсандағы №801 «Қазақстан Республикасы еңбек заңнамасы сақталуының тәуекел дәрежесін бағалау өлшемшарттары мен тексеру парақтарын бекіту туралы» біріккен бұйрығына сәйкес жасақталғаны анықталды.

4. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы

Есептік кезең кезінде Басқармамен еңбек заңдылығы мәселесі бойынша 414 өтініш қаралды.

Оның ішінде 272 өтініш қанағаттандырылды, 19–ы өзге органға жолданды, 51 өтініш кері қайтарылды, 26 өтініш иесіне түсінік берілді.

5. Қызметтік этиканы және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңдылықты сақтау

Басқармада мемлекеттік қызметшілерге қойылған талаптары, мемлекеттік қызметшінің мәртебесімен байланысты белгіленген шектеулерді және Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасының, Әдеп кодексінің талаптары қатаң сақталады. Талдау жүргізу кезінде Әдеп кодексі талаптарын сақталмауымен байланысты тәуекелдер туындау жағдайлары анықталмады. Басқарма қызметкерлерінің тараптарынан сыбайлас жемқорлық бұзушылықтарының фактілері тіркелген жоқ.

6. Талдау кезінде анықталған өзгеде мәселелер

Басқарма қызметкерлері туралы БАҚ-да сын жарияланымдар болған жоқ.

Қорытынды: Талдау жүргізу кезінде басқармада жемқорлық тәуекелдігі анықталған жоқ.

Басқарма қызметінің тиімділігін арттыру мақсатында сыбайлас жемқорлық белсенділігіне жол бермеу жұмысын, құқықтық біліктілікті арттыру және сыбайлас жемқорлық белсенділігіне төзбеушілікті көтеру жұмыстарын жалғастыру.

 

Жұмыс тобы:

Басқарма орынбасары ______________ Б.Қ.Ибрашев

Бөлім басшысы ________________ С.А. Джабасов

Бөлім басшысы __________________ С.С.Мүсен

Бас маман __________________ Ш.К.Мусина


Мақаланың шыққан күні:: 01.08.2017 02:51
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 01.08.2017 02:51