Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.10.2017

Қызметтер

«Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ-нің сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша 2017 жылдың 15 маусымындағы жай-күйі туралы талдамалы анықтама.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2017 жылдың 14 маусымдағы №15-н/қ «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалы анықтама жұмыс тобымен жасақталады:

1. Елеусінова Алмагул Ерболатқызы- бас маман;

2. Баделова Гауһар Даулетқызы - бас маман;

3. Имангалиева Асыл Мухитқызы - бас маман;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мерзімі: 2017 жылдың 14-15 маусым аралығы.

Талданатын мерзімі: 2017 жылдың 1 – жартыжылдығы.

 

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың мәні:

1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

2. Мүдделер қақтығысын реттеу;

3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы;

4. Бақылау-рұқсат беру функцияларын іске асыру;

5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қарау сапасы;

6. Қызметтік этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың талаптарын сақтау;

7. Талдау барысында туындайтын өзге де сұрақтар.

 

Талданатын объект туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент), «Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті» РММ-нің Атырау облысында техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын аумақтық бөлімшесі болып табылады.

Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары және Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілері және өзге де нормативтік құқықтық актілермен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің м.а. бұйрығымен бекітілген департамент ережелеріне сәйкес, Атырау облысы әділет департаментінің Атырау қаласы әділет басқармасында тіркелген заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы 17.11.2014 ж. анықтама негізінде жүзеге асырады.

Мекен-жайы: Атырау облысы, Атырау қаласы, Абай көшесі, 10Аүй, 3-қабат.

 

1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Департаментте мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің штаттық саны 7 адам, нақты – 5 адам, 2 бос орын бар (бөлім басшысы және департаменттің бас маманы). 2017 жылдың Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне 2 тоқсан қорытындысы бойынша кадрлардың ауысымы туралы ұсынылған есеппен расталады. (4 тарау «Ауысым» 1М-2-СНП есебі Мемлекеттік органдардың интранет порталының «Мемлекеттік қызметкерлердің мониторингі» тарауына орналастырылды)

 

2. Мүдделер қақтығысын реттеу;

Департаментте «Мүдделер қайшылығы» журналы жүргізіледі, Департамент мамандарымен жеке қарым-қатынастың алдын-алу, олардың қызметтік өкілеттіліктерін жеке қарым-қатынас арқылы тиісінше орындамауы тіркелген жоқ.

 

3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы

Департамент 1 (бір) қызмет көрсетеді – «Асыл тастар мен бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сонымен қатар табиғи өңделмеген алмаздармен операцияларды жүзеге асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды арнайы есепке қою туралы анықтама беру».

Бұл қызмет Асыл тастармен, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сондай-ақ өңделмеген табиғи алмаздармен операцияларды жүзеге асыратын заңды тұлғалар (Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкісінен басқа) мен жеке кәсіпкерлерді арнайы есепке алу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрінің 2012 жылғы 26 желтоқсандағы №479 бұйрығымен реттеледі.

2014 жылдың 5 тамызынан бастап бұл қызмет түрі «Е-лицензиялау» АЖ арқылы көрсетіледі. Қызмет көрсету мерзімі – 3 жұмыс күн. 2017 жылы өтініштер түскен жоқ.

 

4. Мемлекеттік метрологиялық бақылау жүргізу және ұйымдастыру

Мемлекеттік метрологиялық бақылау министр бұйрығымен бекітілген іріктеме тексеріс тізіміне сәйкес, сонымен қатар заңды және жеке тұлғалардың өтініштері мен прокуратура органдарының талаптарына сәйкес жоспардан тыс жүзеге асырылады.

2017 жылдың 1-ші жарты жылдық (өсімді нәтижесімен қоса алғанда) Департамент 14 іріктеме тексеріс жүргізіп, оның 7-уінен өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында бұзушылық анықталды, яғни 50% құрайды.

1-ші жарты жылдық тізіміне енгізілген 14 іріктеме тексеріс толықтай орындалды.

Бас көлік прокуратура органдарының қаулысы негізінде метрологиялық қамтамасыз ету саласында өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында бұзушылық орын алған мұнай секторындағы кәсіпорынға бірлескен тексеріс жүргізілді. Тексеріс қорытындысы бойынша сомасы 453 800 теңгені құрайтын әкімшілік айыппұл салу туралы Қаулы шығарылды.

Мемлекеттік метрологиялық бақылау нәтижесі бойынша салыстырып тексеруден өтпеген 124 өлшеу құралдарын қолданыстан алып тастау туралы 7 ұйғарым берілді.

Әкімшілік айыппұл салу туралы жалпы сомасы 2 110 170 теңгені құрайтын 7 Қаулы шығарылып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Талдау нәтижесінде, іріктеме тексеріс тізімі соңғы 5 жылғы тексерісті есепке алу журналы және Қазақстан Республикасының инветсициялар және даму министрінің міндетін атқаруышысының 2015 жылғы 14 желтоқсандағы №1199 және Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика Министрінің 29 желтоқсандағы №826 бірлескен бұйрығымен бекітілген, сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы Қазақстан Республикасының заңнамасы негізінде және техникалық реттеу және метрология саласында тәуекелді бағалау дәрежесінің критерийлеріне сәйкес жасалады.

2017 жылдың 2-ші жарты жылдық іріктеме тексеріс тізімін қалыптастыру кезінде, сонымен қатар бизнес субъектісіне әкімшілік шаралар қабылдау кезінде кәсіпкерлік субъектісі санатын анықтау бойынша, (шағын, орта, ірі) ҚР Ұлттық экономика министрлігінің электрондық жүйесін

басшылыққа алу қажет (2015 жылғы 29 қазандағы №375-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексінің 25 бабы). Яғни «Кәсіпкерлік субъектісі тізілімі» 2016 жылдың желтоқсан айынан бастап жүргізіледі.

Алайда, тексерісті тағайындау туралы акт тіркеу кезінде ҚР Бас Прокуратурасының ТОСБТ (ЕРСОП) жүйесі мен ҚР Ұлттық экономика министрлігінің электрондық жүйесінде кәсіпкерлік субъектісі (шағын, орта, ірі) санаты туралы мәлімет бойынша айырмашылықтар бар.

Мысалға:

№ Субъект атауы ҚР Ұлттық экономика министрлігінің электрондық жүйесі (кәсіпкерлік субъектісі тізбесі) ҚР Бас Прокуратурасының ТОСБТ (ЕРСОП)

1. «АтырауМұнайөңдеузауыты» ЖШС Микрокәсіпкерлік Ірі кәсіпкерлік субъектісі

2. «Нефтепродукт Компани» ЖШС Микрокәсіпкерлік Орта кәсіпкерлік субъектісі

Осыған байланысты, ірі кәсіпкерлікті жауапкершіліктен босату жолымен әкімшілік шара қабылдау кезінде сыбайлас жемқорлық тәуекелі қарастырылады, яғни микрокәсіпкерлік әкімшілік айыппұл салуға, сонымен қатар кәсіпкерлік субъектісінің санаты ТОСБТ (ЕРСОП) базасындағы деректерге сәйкес келмегендіктен, тексеріс тағайындау актісін және тексеріс нәтижесі актісін күшін жоюға негіз болады.

 

5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы

Есепті кезеңде 15 маусымдағы мәлімет бойынша техникалық реттеу және метрология сұрақтары бойынша 174 өтініш қаралды, ол ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына жолданған 2017 жылдың 02 маусымдағы шығыс №26-7-11-6-72 салыстыру актісімен және ЕСЭДО тіркелумен расталады.

 

6. Қызметік этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың талаптарын сақтау

Департаментте Әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, мемлекеттік қызметші статусымен байланысты шектеулер және мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар қатаң сақталады. Талдауды жүргізу барысында Әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзушылық анықталған жоқ. Департамент қызметкерлеріне қатысты қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік істер қозғалған жоқ.

 

7. Талдау барысында туындайтын өзге де сұрақтар.

БАҚ-да департамент қызметкерлеріне қатысты сын мақалалар жарияланған жоқ.

Департамент тексерісті тағайындау туралы акт қалыптастыру кезінде ҚР Ұлттық экономика министрлігінің электрондық жүйесінде «Кәсіпкерлік субъектісі тізілімін» басшылыққа алады.

2015 жылғы 29 қазандағы №375-V ҚРЗ Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексінің 25 бабына сәйкес, кәсіпкерлік субъектілерінің санаттары туралы деректерді пайдалану үшін кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті орган кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізеді.

Алайда, ҚР Бас Прокуратурасының ТОСБТ (ЕРСОП) жүйесінен құрылған «Кәсіпкерлік субъектісі тізілімі» айырмашалықтар болуы, кәсіпкерлік субъектісі санаты туралы мәлімет күмән тудырады және сыбайлас жемқорлық тәуекеліне акеліп соғуы мүмкін.

 

Қорытынды мен ұсыныс: Кәсіпкерлік субъектісі санаты туралы бірыңғай электрондық жүйесі болмаған жағдайда, бизнес субъектісіне әкімшілік айыппұл салу туралы заңсыз шешім қабылдау кәсіпкерлік санатын қоса алғанда, іріктеме тексеріс тізіміне кәсіпкерлер субъектісін дұрыс емес енгізу тәуекелдері туындайды.

Кәсіпкерлік субъектісі санаты бойынша құрылған «Кәсіпкерлік субъектісі тізілімін» Қазақстан Республикасының кәсіпкерлік кодексінің 24 бабы талаптарына сәйкес қалыпқа келтіру ұсынылады.

 

Жұмыс тобы мүшелері:

Бас маман_________________А.Елеусінова

Бас маман_________________Г.Баделова

Бас маман_________________А.Имангалиева


Мақаланың шыққан күні:: 25.08.2017 06:37
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 25.08.2017 06:37