Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.06.2020

Қызметтер

Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2017 жылдың IІ жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдауының нәтижелері бойынша Талдау анықтамасы

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

Бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету, алдын алу, жол бермеу болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасын негізге алып қызмет ету.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Атырау қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы: Атырау қаласы, С.Сауырғалиев көшесі 1. электронды пошта: gok2007@mail.ru, телефон нөмірі 8(7122) 45-36-94

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: 2017 жылдың IІ жартыжылдығы.

 

І.Ақпараттық-талдамалық бөлім.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында бөлім басшысының 2017 жылдың 9 маусымындағы №53 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы бөлімнің өз қызметінде басшылыққа алатын Заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді басқа да құқықтық актілермен байланысты негізгі функциялары талқыланды.

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

2017 жылдың IІ жартыжылдығында мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауға мына бағыттар:

1.Кадрлардың ауысуы;

Бөлімнің штат саны 5 бірлікті құрайды. Нақты жұмыс істеп жүргендер – 5 адам.

Кадрлардың ауысуы –3 бірлік. Өз еркімен жұмыстан босатылған – 2, қабылданған -1.Жағымсыз себептер бойынша босатылғандар жоқ.

 

2.Бюджет қаржысын игеру;

Бөлімге жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінген қаржы көздері уақытылы орындау актісіне сәйкес игерілуде. Бюджеттік тапсырыстар беріліп, Мәслихат отырыстарында қаржыға қатысты мәселелер қаралады.

 

3.Мемлекеттік сатып алу;

Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің мемлекеттік сатып алу порталында жұмысы заңға сәйкес өткізілуде. Жарияланған электронды конкурс негізінде жеңімпаз деп танылған мердігер мекемемен бекітілген тәртіп және заң шеңберінде келісім шарттар жасақталады. Мемлекеттік қызметшілер сотталмаған және айыппұлдар салынбаған.

1) мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ;

2) бөлім мемлекеттік қызметтер көрсетпейді;

 

4. рұқсат етілген функцияларды және бақылау функцияларын жүзеге асыру:

2017 жылдың IІ жартыжылдығы қорытындысы бойынша көрнекі ақпаратқа байланысты жұмыстарды басты назарда ұстап, оларды үйлестіру бағытында бөлім 1474 жарнама нысанының көрнекі ақпараты мәтініне келісім берді.

 

Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің барлық қызметкерлері ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының «Ақпараттық сервисі» базасы бойынша тексерілген. Мемлекеттік қызметшілер сотталмаған. Жыл сайынғы жеке табысы және мүлкі туралы салық декларацияларын тапсырады.

Бөлімге заңды және жеке тұлғалардан өтініштер түседі, жауап беріліп, уақытылы ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына салыстыру актісі, қала әкімі аппаратына есеп тапсырылуда.

Жергілікті басылым беттеріне сенім телефоны жөнінде ақпарат жарияланды. Арыз-шағым жәшігі ілінген. Прокурорлық қадағалау актілері келіп түскен жоқ.

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын іске асыру мақсатында Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің 2016-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Жоспарда мынадай іс-шаралар

қарастырылған: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама нормаларын, бөлімнің қызметіне қатысты заңдарды, «Нұр Отан» партиясы Атырау облыстық филиалы өткізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы акцияларға қатысу, бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы теріс материалдарға редакцияға мониторинг, бөлім қызметі туралы ақпаратты уақытылы сайтта орналастыруды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы айдарларды жаңарту.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобы құрылыс бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.

Жұмыс тобының құрамы:


 ______________________К.Кумарова
__________________Ж.Мырзағалиева
____________________А.Джанканова

 


Мақаланың шыққан күні: 27.12.2017 23:27

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.12.2017 23:27

Қаралым саны: 1081