Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.06.2020

Қызметтер

2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама Атырау қалалық құрылыс бөлімі ММ

 

І.Кіріспе.

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

Бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету, алдын алу, жол бермеу болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасын негізге алып қызмет ету.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

Атырау қалалық құрылыс бөлімі мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы: Атырау қаласы, Қ.Смағұлов көшесі 52 «А». электронды пошта: Atyraugorstroy@yandex.ru, телефон нөмірі 8(7122) 25-11-72.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: 2017 жылдың І жартыжылдығы.

 

ІІ.Ақпараттық-талдамалық бөлім.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында бөлім басшысының 2016 жылдың 7 желтоқсанындағы №103 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы бөлімнің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, заңдар, нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.

Талдау нәтижелері бойынша келесідей ақпаратты мәлімдейді.

2017 жылдың І жартыжылдығында құрылыс бөлімінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауға мына бағыттар қарастырылды:

1.Кадрлардың ауысуы;

Бөлімнің штат саны 13 бірлікті құрайды. 2017 жылдың І жартыжылдығында 1 бос орын болды, бөлім басшысының орынбасары лауазымы.

Бос лауазым орындарына орналасуға ішкі және жалпы конкурс өткізіліп, Атырау қаласы әкімі аппараты жанындағы әкімшілік мемлекеттік бос лауазымдарға жұмысқа қабылдау жөніндегі конкурстық комиссия отырысының 2017 жылдың 27 ақпанындағы №43 хаттамасы негізінде арнайы тексеруден өткенге дейін Т.К.Басаровпен келісім шарт жасақталып, бөлім басшысының орынбасары міндетін атқарушы болып қызметке қабылданды. 2017 жылдың 5 маусымынан бастап арнайы тексеруден кедергісіз өтуіне байланысты Т.К.Басаров мемлекеттік қызметке қабылданып, 3 ай сынақ мерзімі белгіленді.

Бухгалтерлік есеп және есептеу секторының бас маманы міндетін атқарушы С.Сапаров арнайы тексеруден өтуіне байланысты мемлекеттік қызметке қабылданып, үш ай сынақ мерзімі белгіленді және тәлімгері болып бөлімнің ӨТС бас маманы А.Б.Серікбаева бекітілді.

ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментімен 2016 жылдың ІІ жартыжылдығы бойынша бөлімнің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген сыртқы талдау туралы анықтамасына сәйкес 2017 жылдың 7 ақпанындағы №6 «2016 жылғы 20 желтоқсандағы №104 «Ж.А.Килыбаеваны қызметінен босату туралы» бұйрықтың күшін жою туралы» бұйрығы бекітіліп, 2017 жылдың 7 ақпанындағы №7 «Ж.А.Килыбаеваны қызметінен босату туралы» бұйрық негізінде бұрынғы бухгалтерлік есеп және есептеу секторының меңгерушісі міндетін атқарған Ж.А.Килыбаева ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 61-бабы 1-тармағының 15-тармақшасы және 21-тармақшасына сәйкес қызметінен босатылды.

Жоғарыда аталған анықтама талаптарының басқа да тармақтарына сәйкес бөлімнің мемлекеттік әкімшілік және штаттан тыс қызметкерлеріне тәртіптік шара қолданылды.

Бөлімнің келесідей қызметкерлеріне арыздарына сәйкес кезекті еңбек демалыстары берілді. Өндірістік-техникалық секторының (ӨТС) бас маманы Б.Жолгуттиев, ӨТС бас маманы Ш.Асабаева, ӨТС бас маманы Г.Кубиева, бухгалтерлік есеп және есептеу секторының (БЕжЕС) меңгерушісі Е.М.Мусин, БЕжЕС бас маманы Г.Матжанова, ӨТС бас маманы О.Хасанов.

ӨТС бас маманы Б.Жолгуттиев, ӨТС меңгерушісі Д.Жумашев, бөлім басшысының орынбасары міндетін атқарушы Т.Басаров қызмет бабында іссапарға барды.

Бөлімнің 4 қызметкерінен басқасы түгелдей кешенді аттестациялаудан өтті. Өтпегендер БЕжЕС бас маманы Г.Матжанова жүктілігіне байланысты, БЕжЕС бас маманы міндетін атқарушы С.Сапаров арнайы тексеруде болуына байланысты, ӨТС бас маманы А.Серікбаева баласының 3 жасқа толмауына және ӨТС бас маманы Ш.Асабаева зейнеткерлік жаста болуына байланысты.

2.Бюджет қаржысын игеру;

Бөлімге жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінген қаржы көздері уақытылы орындау актісіне сәйкес игерілуде. Бюджеттік тапсырыстар беріліп, Мәслихат отырыстарында қаржыға қатысты мәселелер қаралады.

3.Мемлекеттік сатып алу;

Бөлімнің негізгі қызметі қала аумағындағы бюджет қаржысына құрылыс нысандарын жүргізу мақсатында жүргізілетін мемлекеттік сатып алу жұмысы заңға сәйкес өткізілуде. Жарияланған электронды конкурс негізінде жеңімпаз деп танылған мердігер мекемемен бекітілген тәртіп және заң шеңберінде келісім шарттар жасақталады.

1) мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ;

2) бөлім мемлекеттік қызметтер көрсетпейді;

3) бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ;

Құрылыс бөлімінің барлық қызметкерлері ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының «Ақпараттық сервисі» базасы бойынша тексерілген. Мемлекеттік қызметшілер сотталмаған. Жыл сайынғы жеке табысы және мүлкі туралы салық декларацияларын тапсырады.

Бөлімге заңды және жеке тұлғалардан өтініштер түседі, осы мерзімге жеке тұлғалардан 27 арыз түсті, жауап беріліп, уақытылы ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына салыстыру актісі, қала әкімі аппаратына есеп тапсырылуда.

Жергілікті басылым беттеріне сенім телефоны жөнінде ақпарат жарияланды. Арыз-шағым жәшігі ілінген.

2017 жылдың І жартыжылдығында бөлімде Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері Комитетімен, Атырау облысы бойынша Ішкі Аудит департаментімен, Атырау қалалық прокуратурасымен тексерістер жүргізілді. Қазіргі уақытта бөлімде Атырау облыстық ревизиялық комиссиясы қызметкерлерімен тексеріс жүргізілуде.

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын іске асыру мақсатында Қалалық құрылыс бөлімінің 2017-2019 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес бағдарламасын жүзеге асыру бойынша іс-шаралар жоспары бекітілді. Жоспарда мынадай іс-шаралар қарастырылған: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнама нормаларын, бөлімнің қызметіне қатысты заңдарды, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы өткізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы акцияларға және компанияларға қатысу, бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы теріс материалдарға реакцияға мониторинг, бөлім қызметі туралы ақпаратты уақтылы сайтта орналастыруды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы айдарларды жаңарту.

 


Мақаланың шыққан күні: 16.10.2017 04:09

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.10.2017 04:09

Қаралым саны: 1024