Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
09.07.2020

Қызметтер

2017 жылдың бірінші жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама «Атырау қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі»

«Атырау қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында бөлім басшысының бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

«Атырау қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесі Атырау қаласы әкімдігінің 2012 жылғы 25 маусымдағы №1028 «Атырау қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесін құру туралы қаулысымен құрылып, Атырау облыстық Әділет басқармасында Заңды тұлға ретінде 2012 жылдың 7 тамызында тіркелген мемлекетті мекеме.

Бөлім өз құзіретіндегі функцияларын жеке-дара қолданатын Атырау қалалық әкімдігінің 2013 жылғы 11 сәуірдегі №348 «Атырау қаласы тұрғын үй инспекциясы бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» қаулысына және Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 16 сәуірдегі №94 «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңына сәйкес атқарады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы бөлімнің өз қызметінде басшылыққа алатын Кодекстер, заңдар, нормативтік- құқықтық актілер, басқа да құқықтық актілерді қарастырды.

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

2017 жылдың бірінші жартыжылдықтағы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауға мына бағыттар:

1.Кадрлардың ауысуы;

Бөлімнің штат саны 6 бірлікті құрайды.

Кадрлардың ауысуы – ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдық қорытындысы бойынша - 1 бірлік (қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ергалиев Нурлан Муратович Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 61-бабы 1-тармағына сәйкес өз еркімен қызметінен босатылды және аталған лауазымды орынға «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 27-бабы 5-тармағына сәйкес Байдошев Тлеккабыл Гайнуллаевич тағайындалды);

2.Бюджет қаржысын игеру;

Бөлімге жергілікті және республикалық бюджеттен бөлінген қаржы көздері уақытылы орындау актісіне сәйкес игерілуде. Бюджеттік тапсырыстар беріліп, Мәслихат отырыстарында қаржыға қатысты мәселелер қаралады.

3.Мемлекеттік сатып алу;

Бөлімде мемлекеттік сатып алу жұмыстары Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сатып алу заңнамасына сәйкес жүргізілуде және аталған жұмыстар бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекеліне жататын фактілер анықталмады. Жарияланған электронды конкурс негізінде жеңімпаз деп танылған мердігер мекемемен бекітілген тәртіп және заң шеңберінде келісім шарттар жасақталады.

1) мүдделер қақтығысы – ағымдағы жылдың бірінші жарты жылдық жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ;

2) бөлім мемлекеттік қызметтер көрсетпейді; бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызмет бойынша бақылау-қадағалау функциялары көрсетілмейді, ал ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ;

3) бөлімде рұқсат беру функциялары жоқ;

Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің барлық қызметкерлері ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының «Ақпараттық сервисі» базасы бойынша тексерілген. Мемлекеттік қызметшілер сотталмаған. Жыл сайынғы жеке табысы және мүлкі туралы салық декларацияларын тапсырады.

Бөлімге заңды және жеке тұлғалардан өтініштер түседі, барлық өтініштерге жауаптар Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» №221 Заңы негізінде уақытылы қаралып, жауап берілуде.

Жергілікті басылым беттеріне сенім телефоны жөнінде ақпарат жарияланды.

Бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері келген жоқ.

«Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986 Жарлығын іске асыру мақсатында Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің 2015-2017 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша іс-шаралар жоспары бекітілген болатын. Жоспарда мынадай іс-шаралар қарастырылған: сыбайлас жемқорлықпен күрес туралы заңнама нормаларын, бөлімнің қызметіне қатысты заңдарды, «Нұр Отан» ХДП облыстық филиалы өткізетін сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыптағы акцияларға және компанияларға қатысу, бөлім құзыретіне кіретін мәселелер бойынша бұқаралық ақпарат құралдарындағы теріс материалдарға реакцияға мониторинг, бөлім қызметі туралы ақпаратты уақтылы сайтта орналастыруды қамтамасыз ету, сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы ақпараттарды жаңарту.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобы тұрғын үй инспекциясы бөлімінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.

Қалалық тұрғын үй инспекциясы бөлімінің
сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингі мен
сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі
талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобы

 


Мақаланың шыққан күні: 16.10.2017 08:37

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.10.2017 08:37

Қаралым саны: 1169