Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.06.2020

Қызметтер

«Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ-нің қызметіндегі 2019 жылдың I жартыжылдығы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысы туралы 28.06.2019ж. жай-күйі бойынша талдамалы анықтама

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 2019 жылдың 14 маусымдағы №14-н/қ «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті» РММ қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу туралы» бұйрығына сәйкес жүргізіледі.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалы анықтама жұмыс тобымен жасақталады:

1. Имангалиева Асыл Имангалиевна – бөлім басшысы;

2. Гатамова Эльмира Қасымбайқызы - бас маман м.а.;

3. Бисенбай Салтанат Жексенбайқызы - жетекші маман.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мерзімі: 2019 жылғы 28 маусымнан 02 шілдеге дейін.

Талданатын мерзімі: 2019 жылдың I жартыжылдығы.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдаудың мәні:

1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы;

2. Мүдделер қақтығысын реттеу;

3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы;

4. Бақылау-рұқсат беру функцияларын іске асыру;

5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері қарау сапасы;

6. Қызметтік этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың талаптарын сақтау;

7. Талдау барысында туындайтын өзге де сұрақтар;

8. Департамент қызметіне қатысты нормативті-құқықтық актілер.

Талданатын объект туралы мәліметтер

Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитетінің Атырау облысы бойынша департаменті (бұдан әрі – Департамент), «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті» РММ-нің Атырау облысында техникалық реттеу және өлшем бірлігін қамтамасыз ету саласында мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын аумақтық департамент болып табылады.

Департамент өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдары және Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің актілері және өзге де нормативтік құқықтық актілермен, сонымен қатар Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің бұйрығымен бекітілген департамент ережелеріне сәйкес, Атырау облысы әділет департаментінің Атырау қаласы әділет басқармасында тіркелген заңды тұлғаны мемлекеттік қайта тіркеу туралы 19.02.2019 ж. анықтама негізінде жүзеге асырады.

Заңды және нақты мекен-жайы: Атырау облысы, Атырау қаласы, Абай көшесі, 10Аүй, 3-қабат.

1. Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы

Департаменттің әкімшілік мемлекеттік қызметшілерінің штат саны 6 адамды құрайды.

Іс жүзінде-бас мамандардың 2 бос лауазымы бар:

- а. ж. 17 мамырынан бастап бас маман А.М.Иманғалиева 17.05.2019ж. № 8 бұйрықпен бөлім басшысы лауазымына тағайындалды, осыған байланысты бос орын пайда болды және үшінші кезең бойынша бос лауазымға орналасуға конкурс өткізіледі;

- а. ж. 09 маусымынан бастап бас маман Г.Д.Баделова декреттік демалысқа шығып, екінші кезең бойынша бос лауазымға орналасуға конкурс өткізіледі.

Ағымдағы жылдың 11 маусымынан бастап Департаментте 4 адам жұмыс істейді (департамент басшысы, бөлім басшысы, бас маман (декреттік орын), жетекші маман (декреттік орын), декреттік демалыста 3 адам бар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментіне 2019 жылдың 2 тоқсан қорытындысы бойынша кадрлардың ауысымы туралы есебі мен Техникалық реттеу және метрология комитетіне кадр тұрақтылығы бойынша ай сайынғы есебімен ұсынылды. (4 тарау «Ауысым» 1М-2-СНП есебі Мемлекеттік органдардың интранет порталының «Мемлекеттік қызметкерлердің мониторингі» тарауына орналастырылды).

2. Мүдделер қақтығысын реттеу;

Департамент мамандарының тексеріс субъектілерімен жеке қарым-қатынастарының алдын-алу мақсатында Департаментте «Мүдделер қайшылығы» журналы жүргізіледі. Аталған журналда 2018 жылдың II жартыжылдығы бойынша мамандардың қызметтік өкілеттіліктерін жеке қарым-қатынас арқылы тиісінше орындамауы тіркелген жоқ.

3. Мемлекеттік қызмет көрсету сапасы

Департамент 1 (бір) қызмет көрсетеді – «Асыл тастар мен бағалы металдар мен бағалы тастардан жасалған зергерлік бұйымдармен, сонымен қатар табиғи өңделмеген алмаздармен операцияларды жүзеге

асыратын жеке кәсіпкерлер мен заңды тұлғаларды арнайы есепке қою туралы анықтама беру».

Аталған қызмет «Хабарламалар нысандарын және Мемлекеттік органдардың хабарламаларды қабылдау қағидаларын бекіту туралы, сондай-ақ хабарламаларды қабылдауды жүзеге асыратын мемлекеттік органдарды айқындау туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 6 қаңтардағы № 4 бұйрығына сәйкес реттеледі.

«Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 444-V ҚРЗ Заңының 7 бабына сәйкес арнайы есепке алынғандығы туралы анықтама беріледі.

2014 жылдың 5 тамызынан бастап бұл қызмет түрі «Е-лицензиялау» АЖ арқылы көрсетіледі. Қызмет көрсету мерзімі – 3 жұмыс күн. 2018 жылы арнайы есепке алу туралы анықтама берілген жоқ.

4. Мемлекеттік метрологиялық бақылау жүргізу және ұйымдастыру

Мемлекеттік метрологиялық бақылауды жүзеге асыру Министрдің бұйрығымен бекітілген I-ші жартыжылдыққа профилактикалық бақылау тексерулер тізіміне сәйкес, сондай-ақ жоспардан тыс тәртіппен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің, прокуратура органдарының талаптары негізінде жүргізіледі.

2019 жылдың I-ші жартыжылдығының қорытындысы бойынша Департамент барлығы 10 тексеріс жүргізді, оның ішінде 3 жағдайда бұзушылықтар болды, ол 30 % құрайды:

- субъектіге бару арқылы Профилактикалық бақылаудың 7 тексерісінен, 2 жағдайда тексерілмеген 127 өлшем құралдарын пайдалану бойынша бұзушылықтар болған. Осылайша, ҚР «Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы» Заңының 19-бабының талаптары бұзылған. Тексеру нәтижелері бойынша бұзушылықтарды жою туралы 2 ұйғарым берілді;

- ҚР ТРМК-нің тапсырмасы бойынша 2 жоспардан тыс тексерулердің бірінде бұзушылық болды. Тексеру нәтижелері бойынша, әкімшілік құқық бұзушылық жасалған күннен бастап 2 ай өткеннен кейін сарапшы-аудитор З. А. Балахметова ҚР ӘҚБтК 62-бабына сәйкес, ескіру мерзімінің өтуіне байланысты әкімшілік жауаптылықтан босатылды.

- бір тексеру 29.03.2019 ж. № 1 ұйғарымның орындалуын бақылау бойынша жүзеге асырылды.

Мемлекеттік бақылау барысында метрология және аккредиттеу саласында түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

5. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау сапасы

Есепті кезеңде техникалық реттеу және метрология сұрақтары бойынша 266 өтініш келіп түсті және уақытылы жауаптары беріліп отырады, ол ҚР Бас прокуратурасының құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасының салыстыру актісімен және ЕСЭДО базасында тіркелумен расталады.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштері заңда белгіленген уақытта қаралады, бұзушылықтар анықталған жоқ.

6. Қызметтік этика мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалардың талаптарын сақтау

Департаментте Әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптары, мемлекеттік қызметші статусымен байланысты шектеулер және мемлекеттік қызметшіге қойылатын талаптар қатаң сақталады. Талдауды жүргізу барысында Әдеп кодексі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын бұзушылық анықталған жоқ. Департамент қызметкерлеріне қатысты қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік істер қозғалған жоқ.

Сыбайлас жемқорлықты болдырмау мақсатында, төмендегідей жұмыстар жүргізілуде:

1) Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тақырыбында саяси партиялар мен үкіметтік емес ұйымдармен бірлескен тыңдалымдар, сонымен қатар Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің өкілдерінің қатысуымен техникалық оқулар мен дөңгелек үстелдер өткізіледі, сонымен қатар, ҚР ИИДМ Әдеп жөніндегі уәкілі – Гульмира Амангельдиевна Аубакировамен бейнеконференция арқылы кездесулер өткізілуде;

2) «Сенім телефоны» жұмыс жасайды, сонымен қатар «Атырау» және «Прикаспийская коммуна» облыстық газеттерінде және Департаменттің кіре беріс қабырғасында жарияланған;

7. Талдау барысында туындайтын өзге де сұрақтар.

БАҚ-да департамент қызметкерлеріне қатысты сын мақалалар жарияланған жоқ.

8. Департамент қызметіне қатысты нормативті-құқықтық актілер.

Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау кезінде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында, Департамент қызметкерлерінің өтініш берушілермен байланысын болдырмау қажет, сондықтан, Egov.kz яғни өтініштер электрондық үкімет порталы арқылы түсуді ұсынамыз.

Қорытындылар мен ұсынымдар:

Қазақстан Республикасы заңнамасының нормаларына сәйкес келмейтін себептер мен жағдайларды, сондай-ақ жүктелген функцияларды орындау кезінде жұмысты ұйымдастырудағы кемшіліктерді жоюға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою мақсатында:

1. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес ішкі нормативтік-құқықтық актілерді сәйкестікке келтіру, функционалдық

міндеттерді орындау бөлігінде Департамент қызметін бақылауды жалғастыру;

2. Департамент қызметкерлерімен Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамасын бұзу фактілеріне жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізуді жалғастыру.


Мақаланың шыққан күні: 09.07.2019 08:53

Парақтағы соңғы өзгерістер: 09.07.2019 08:53

Қаралым саны: 1225