Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің "Аққала орта мектебі коммуналдық мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезіндегі талдамалық анықтама

І. Кіріспе

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің Аққала орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мектеп)- мектеп басшысы басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті білім беру саласын басқаруды жүзеге асыратын атқарушы мемлекеттік орган.

Мектепте педагог -40 оның ішінде мұғалім -35, қызметкер -36 оның ішінде 6 маусымдық жұмысшы жұмыс істейді.

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Мектепте сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Индер ауданы білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің Аққала орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы, Индер ауданы, Аққала ауылы, Т.Жылысов көшесі 47, тел.: 8(71234)79-0-79 эл.поштасы: shakkala.68@mail.ru

3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілу кезеңі:

Басталды: 1 шілде 2019 жыл, аяқталды: 25 желтоқсан 2019 жыл.

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

Мектеп бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы басшылыққа алынып, іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында мектептің «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын бекіту туралы» бұйрығымен іс шаралар жоспары жасақталып, жоспар жүзеге асырылды.

1) Мектепте түрлі тексерістер кезінде қатаң есептегі құжаттар тобындағы бұйрықтардың жүргізілуі бақыланып отыр.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Кадр қабылдауда үнемі талдау жүргізіледі.

Бос лауазымдарға қызметкерлерді Индер аудандық жұмыспен қамту орталығына хат жолдау арқылы сұралады.

4) Мектепте мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар болмағандықтан олардың және жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы міндетті емес.

Соынмен қоса, Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (facebook, mail.ru, instagram, vk) жарияламау және сол сияқты бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады. Мемлекеттік мекемелерге фото, бейнежазба және интернетке шығу функционалдығы бар мобильдік құрылғыларды енгізбеудің қатаң сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қызметкерлерге қол қойдыру арқылы жүргізіліп отыр.

5) Мектепте мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген.

6) Мектепте мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, 2019 жылғы 12 айлығында 24 мемлекеттік қызмет түрінен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша мерзімдерін бұзу фактісі болған жоқ.

Мектепте 2019 жылдың 12 айында барлығы 41 өтініш-арыздар түсті. Оның барлығы жеке тұлғадан. Түскен арыздарға үнемі уақытылы жауап беріледі.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша мектеп дәлізінде стенд жасақталып, ілінген.

Мектепке сыбайлас жемқорлыққа байланысты жоғарғы органдардан келген нұсқау хаттар мен жоспарлар уақытылы кіріске алынып, тиісті қызметкерге жолданып, таныстырылып тұр.

Мектеп дәлізінде арнайы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - басты міндет» тақырыбында ақпараттық стенд жаңартылып отыр. Мектепте оқушылар мен қызметкерлер үшін сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған шағымдар мен ұсыныстарға арналған «сенім жәшігі» орнатылған. Сенім телефоны ретінде 79-0-79 нөмірі бекітілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әлеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында «Парасатты азамат» тақырыбындағы бұрыш

жасақталды. «Парасатты Азамат» бұрышы жоспарға сәйкесті материалдары өзгертіліп тұрады.

 

ІІІ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылады:

1) Мектептің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Мектептің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Мектеп қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұқушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

ІІІ. Қорытынды:

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімінің Аққала орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынады:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жалғастыру;

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.


Мақаланың шыққан күні: 24.01.2020 16:44

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.01.2020 16:44

Қаралым саны: 193