Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
11.07.2020

Қызметтер

«Балықшы ауылдық округі әкімінің аппараты» ММ-де 2017 жылғы екінші жартыжылдағы сыбайласжемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелері бойынша талдамалық анықтама

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында округ әкімі 2017 жылғы 26 маусымымен №62ө өкім етті.Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, жұмыстың нәтижесінде басшылық жасау, үйлестіру әкімнің көмекшісі Р.Бощиевке жүктелді.

Балықшы ауылдық округі әкімі аппаратының қызметі –ҚазақстанРеспубликасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбеккодексіне, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңына, «Қазақстан Республикасының мемлекеттік наградаларыт уралы» ҚазақстанРеспубликасының 1995 жылғы 12 желтоқсандағы Заңына, «Мемлекеттік қызмет өткерудің кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығына, «Б» корпусының мемлекеттік әкімшілік лауазымына орналасудың кейбір мәселелері туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 12 бұйрығына және «Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) туралы үлгілік ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 14 бұйрығына сәйкес, «Мемлекеттік қызметтер көрсету туралы» ҚР Заңы, сонымен қоса бөлімшенің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілердежәне құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау объектісі болып белгіленген.

Балықшы ауылдық округі әкімі аппараты мемлекеттік мекемесіне қарасты аймағы төрт елді мекеннен, олар: Водников, Ақжайық, Көкарна, Құрсай ауылдары жатады, аталған аймақта квазимемлекеттік сектор субъектілері тіркелмеген.

Қазіргі кезде аппарат қызметшілерінің штаттық саны -11 мемлекеттік қызметшіні құрайды. 2017 жыл басынан бір қызметкер өз еркімен қызметтен босап, бір қызметші бала қүтіміне байланысты еңбек демалысына шықты, екі штаттық орынға конкурстық комиссия негізінде бос орындарға бірнеші талапкер түсті. Талапкерлердің ішінен біліктілік талаптарға сәйкес танылып комиссия шешімімен қызметке алынды. Кадрлық ауысулар бір қалыпта, қызметшілер өз лауазымдық міндеттерін тиімді орындайды. Бұл бағытта сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелмеген және жол беретін тәуекелдері жоқ.

Балықшы ауылдық округі әкімі аппараты - 3 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Барлығы окргу әкімі аппарат орналасқан ғимаратта ашық түрде көрнекті стенділерде көрсетілген: біріншісі– «өзіндік қосалқы шаруашылығының бар немесе жоқтығы туралы анықтама беру», екіншісі – «елді мекен шегінде объект салу үшін жер учаскесін беру», үшіншісі – «жер учаскелерінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» қызмет түрлері. Аталған барлық қызмет түрлері Халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы көрсетіледі. Сондықтан, қызметалушы мен мемлекеттік қызмет көрсетуші бір-біріменб айланыспайтындықтан, халыққа қызмет көрсету кезінде сыбайлас жемқорлық әрекеттеріне жолберілмейді. Аталған қызмет түрлері стандарт пен регламенттерге сәйкес уақытылы және тиімді көрсетіледі.

Жүргізілген талдау нәтижесі бойынша бөлімнің лауазымды тұлғаларының өз қалауы бойынша шешім қабылдауына және жеке және заңды тұлғалардың өз құқықтары мен заңды мүдделерін жүзеге асыруда кедергі жасауға ықпал ететін жағдайлар, нормативтік құқықтық актілерді өз бетімен түсіндіруге мүмкіндік беретін құқықтық олқылықтар бүгінгі күнге дейін тіркелген жоқ. Дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталмады. Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңына сүйене отырып, азаматтардың өтініштерін қабылдау мәселелері заңға сәйкес қанағаттандырылуда. 2017 жыл басынан бүгінгі күнге дейін 489 өтініштері толық немесе жартылай қанағаттадырылды, көрсетілген қызмет бойынша арыз шағымдар болған жоқ.

Бұқаралық ақпарат құралдарында аппаратың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты теріс материалдар анықтауға мониторинг жүргізілді. Зертеу кезеңінде теріс материалдар анықталған жоқ.Арнайы сенім телефондары «51-56-61» бұқаралық ақпарат құралдарына жария етіліп, халыққа түсіндіру жұмыстары әрдайым жүргізіліп келді. Аппарат ғимаратында арыз-шағамдарға арналған жәшік орнатылған. Белгіленген күн тәртібімен әкім және оның орынбасары үнемі тұрғындармен әр түрлі мәселелер бойынша қабылдау кедергісіз жүргізіледі.

Жоғарыда көрсетілгеннін негізінде Балықшы ауылдық округі әкімінің аппараты мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайласжемқорлықтәуекелдерінің пайда болуына жолдары жоқ екенің анықтады.

«Балықшыауылдықокругіәкімі аппараты» ММ-де
Сыбайласжемқорлық тәуекелдеріне
ішкі талдау жүргізу тобы.


Мақаланың шыққан күні: 10.01.2018 06:38

Парақтағы соңғы өзгерістер: 10.01.2018 06:38

Қаралым саны: 1448