Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.07.2020

Қызметтер

«Алтын қазына»: көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауы

«Алтын қазына»: областная выставка-конкурс художественного и декоративно-прикладного детского творчества«Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру аясында Атырау қаласы №30 мектеп-гимназиясының базасында «Алтын қазына» көркем және сәндік-қолданбалы балалар шығармашылығының облыстық көрме-байқауы өтті.

Мақсаты: білім алушылардың көркем, шығармашылық қабілеттерін дамыту, тәрбие беру және тұлғаны әрі қарай үйлесімді дамыту бойынша жүйелі және мақсатты қызмет жүргізуге жағдай жасау, рухани-адамгершілік және мәдени құндылықтарға араластыру.

Көрме-байқауға қатысушылар келесі номинациялар бойынша жұмыстарын ұсынды:

- тоқыма бұйымдарын дайындау: гобелен, кестелеу, батик, киіз басу,құрақ пластикасы;

- ағашты, сүйекті, теріні көркемдеп өңдеу: көлемді және тегіс кесу, ағашқа сәндеп жазу, қайың қабығынан жасалған бұйымдар;

- шыныны көркемдеп өңдеу: витраж;

- металлды көркемдеп өңдеу: зергерлік бұйымдар, шағын формалардың мүсіні, бедер салу, соғу;

- ағаштан, сабан, тоқымадан шағын формадағы мүсіндерді жасау;

- ұлттық ою-өрнегі бар халықтық киімдерінің үлгісін жасау;

- қағаздан бұйымдар жасау: оригами, аппликация, папье-маше.

Байқаудың қорытындысы бойынша бірнеше оқушы Білім беру басқармасының Алғысымен марапатталса, бір топ қатысушы – 3 дәрежелі дипломмен, бірқатары – 2 дәрежелі дипломмен, ал бірінші орын жеңімпаздары:

- Каким С. (Атырау қаласы, №34 лингвистикалық мектеп-гимназия);

- Серік Г. (Жылыой ауданы, №8 орта мектеп);

- Әлібекқызы З. (Исатай ауданы, Х.Наубетов атындағы орта мектебі);

- Сатылғанов С. (Құрманғазы ауданы, Б.Бегалиев атындағы орта мектебі);

- Жоламан С. (Атырау қаласы, И.Тайманов атындағы орта мектеп);

- Самат Р. (Жылыой ауданы, №23 орта мектеп) Байқаудың республикалық кезеңіне қатысуға жолдама алды.

Облыстық байқауға шәкірттерін дайындағаны үшін жетекшілерге Басқарма басшысының атынан алғыс жарияланды.

Жеңімпаз оқушылар мен олардың ұстаздарына марапаттарды Басқарма басшысының орынбасары Злиха Дүйсекенова тапсырды.

Осындай байқаулар білім алушыларды көркем өнерге, тарихи мұраға араластыру, оларды белсенді шығармашылық қызметке тарту, оларды әлеуметтендіру; балалардың бойында отансүйгіштік сезімін, Қазақстан Республикасында тұратын халықтардың ұлттық мәдениетіне, халықтық дәстүрлеріне, халықтардың салтына деген құрмет және ұқыпты көзқарасты тәрбиелеуге ықпал етеді.

 

«Алтын қазына»: областная выставка-конкурс художественного и декоративно-прикладного детского творчества «Алтын қазына»: областная выставка-конкурс художественного и декоративно-прикладного детского творчества «Алтын қазына»: областная выставка-конкурс художественного и декоративно-прикладного детского творчества «Алтын қазына»: областная выставка-конкурс художественного и декоративно-прикладного детского творчества «Алтын қазына»: областная выставка-конкурс художественного и декоративно-прикладного детского творчества «Алтын қазына»: областная выставка-конкурс художественного и декоративно-прикладного детского творчества «Алтын қазына»: областная выставка-конкурс художественного и декоративно-прикладного детского творчества

Мақаланың шыққан күні: 21.06.2018 10:05

Парақтағы соңғы өзгерістер: 21.06.2018 10:05

Қаралым саны: 3269