Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.07.2020

Қызметтер

Мүлікті қабылдап алу-беру актісі

Үлгі

 

Бекітемін

Атырау облысы Қаржы басқармасының басшысы

_______________ Н. Бисембиев

«___»__________2018 ж

 

 

«Атырау облысы Қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 31 мамырдағы №89 «Автомобильді беру туралы» бұйрығы негізінде біздер, төмендегі қол қоюшылар:

Тапсырушы тарап: «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Мекеме), оның атынан:

1. Утешев Мадияр Амангелдіұлы – Мекеме басшысының орынбасары, комиссия төрағасы;

2. Жаумбаева Амина Серікқызы – Мекеменің жоспарлау және есеп бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі;

3. Хайруллин Суйеу Хояшұлы – Мекеменің жұмылдыру жұмыстары мемлекеттік құпияларды қорғау және инвестициялық жобалар бөлімінің басшысы, комиссия мүшесі;

4. Рскалиева Айжан Қайсағалиқызы – Мекеменің жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің бас маман - бас есепшісі, комиссия мүшесі;

5. Мусағалиев Аслан Айсабекұлы – Мекеменің көлік жүргізушісі, комиссия мүшесі.

Қабылдаушы тарап: «Атырау облыстық медициналық жедел жәрдем бекеті» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорны (бұдан әрі – Кәсіпорын), оның атынан:

1. Жанысбаева Лаура Қырықбаевна – Кәсіпорын директорының емдеу ісі жөніндегі орынбасарының міндетін уақытша атқарушы, комиссия төрайымы;

2. Рахметова Гулнафис Жақсылыққызы – Кәсіпорынның бас фельдшері, комиссия мүшесі;

3. Биржанова Гаухар Бисембайқызы – Кәсіпорынның бас есепшінің міндетін уақытша атқарушы комиссия мүшесі;

4. Изтелеуова Гүлдара Құсанқызы – Кәсіпорынның материалдық есепші, комиссия мүшесі;

5. Абдулов Дулат Сайфоллаұлы – Кәсіпорынның гараж меңгерушісі, комиссия мүшесі, осы акті бойынша «Атырау облысы Денсаулық сақтау басқармасы» мемлекеттік мекемесінің теңгерімінен «Атырау облыстық медициналық жедел жәрдем бекеті» коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының теңгеріміне 2017 жылы шыққан, тіркеу нөмірі 283AR06, шанақ нөмірі XW7BF4FK80S162365, қара түсті, бастапқы теңгерімдік құны 10 599 999,98 (он миллион бес жүз тоқсан тоғыз мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз теңге 98 тиын) теңгені құрайтын Toyota Camry маркалы автомобильге қабылдап алу-беру жүргіздік.

Осы қабылдап алу-беру актісі мемлекеттік және орыс тілінде үш данада, тараптардың әрқайсысы үшін бір данада жасалынды.

 

 

Тапсырушы тарап:                                                                                  Қабылдаушы тарап:

«Атырау облысы Денсаулық                                                         «Атырау облыстық медициналық

сақтау басқармасы»                                                                          ММ жедел жәрдем бекеті» КМҚК

 

____________ М.Утешев                                                                               _____________ Л.Жанысбаева

 

____________ А.Жаумбаева                                                                         _____________ Г.Рахметова

 

____________ С.Хайруллин                                                                          _____________ Г.Биржанова

 

____________ А.Рскалиева                                                                           _____________ Г.Изтелеуова

 

____________ А.Мусағалиев                                                                          ______________ Д.Абдулов

 

М.О.                                                                                                                   М.О.


Мақаланың шыққан күні: 08.08.2018 07:32

Парақтағы соңғы өзгерістер: 03.01.2019 16:06

Қаралым саны: 4047