Array Ақкөл ауылдық округ әкім аппараты | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.03.2017

D-3, D-4, D-5, D-O-2, D-O-3, D-O-4, D-O-5, E-1, E-2, E-R-1 санатындағы «Б» корпусы мемлекеттік қызметшілерін екінші деңгейдегі аттестаттау комиссиясында әңгімелесуден өткізу кестесі

Қызметтер

Ақкөл ауылдық округ әкім аппараты

alipbaev_turarbekАқкөл селолық округінің әкімі
Рамазанов Бисембай Каримович

Өмірбаян

1966 жылы 26 қыркүйекте бұрынғы Гурьев облысы, Теңіз ауданы, Киров селолық советінде дүниеге келгенмін. Ұлтым қазақ ана тілім қазақ тілін және орыс тілін еркін меңгергенмін.1973 жылы мектепке барып 1983 жылы Нұржау селосындағы Линин атындағы орта мектепті тамамдадым. Мектепті бітіргеннен кейін «Октябрьский» кеңшарында бақташының көмекшісі болып мал шаруашылығы саласына жұмысқа араластым.1983 жылдың қыркүйек айында Орал қаласындағы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының ауыл шаруашылығын механикаландыру факультетіне инженер-механик мамандығы бойынша оқуға түстім. Аталған оқу орнында оқи жүріп 1985-1987 жылдар аралығында Кеңес Армиясы қатарына алынып,Забайкалье әскери округінде,Ұлан-Батыр қаласында әскери қызметте болдым және аталған институтты 1990 жылы аяқтап инженер-механик мамандығын алып шықтым. 1990 жылдың қыркүйек айынан бастап «Октябрьский» кеңшарына қол еңбегін жеңілдету инженері мамандығы бойынша жұмысқа қабылдандым және аталған шаруашылық «Қазақстан» өндірістік кооперативі болып қайта құрылғаннан кейінде осы ұжымда жұмыс жасадым. 1996 жылдың наурыз айында ұжымның таратылуына байланысты жұмыстан босатылдым. 1999 жылдың наурыз айында Атырау облысы бойынша Кедендік бақылау Департаментіне қарасты Ақкөл кеден бекетіне инспектор болып жұмысқа қабылдандым. 2001-2006 жылдар аралығында осы Департаменттің «Құрманғазы» кеден бекетінде маман, аға маман,бас маман лауазымдары бойынша, 2006-2011 жылдар аралығында «Ақкөл» кеден бекетінде бас маман, бекет бастығының орынбасары лауазымында, 2011 жылдың шілде айынан бастап Жылой ауданындағы Теңіз поселкесіндегі «Теңіз» кеден бекетінде бас маман лауазымы бойынша жұмыстар атқардым. 2011 жылдың желтоқсан айында Атырау облысы,Құрманғазы ауданы,Ақкөл селолық округінің әкімі қызметіне тағайындалып 2013 жылдың тамыз айына дейін қызмет жасадым.2013 жылы тамыз айында өткізілген сайлау нәтижесінде Ақкөл ауылдық округінің әкімі қызметіне сайланып осы уақытқа дейін аталған лауазымда қызмет атқарамын.

Семья жағдайым отбасын құрғанмын, жанұяда үш қызым бар. Ресей елінен басқа шет елдерде тұратын жақын –туыстарым жоқ. Өзімнің және жұбайымның жақын-туыстарында сотты болғандар жоқ.

 

Ақкөл ауылдық округі әкімі аппаратының құрамы


Мақаланың шыққан күні:: 12.07.2016 17:55
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 29.03.2017 10:56