Array Асан ауылдық округі бойынша аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия отырысының хабарламасы | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.04.2017

Қызметтер

Асан ауылдық округі бойынша аудан әкімдігі жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі комиссия отырысының хабарламасы

Қазақстан Республикасындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс – қимыл жөніндегі жоспарға сәйкес мемлекеттік қызмет атқаратын мемлекеттік қызметшілердің және жұбайларының мүлкі мен табысы туралы декларациялары уақытылы және толық тапсырылып отыр. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын болдырмау мақсатында жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз – шағым, өтініштер уақытылы қаралып, олардың есебі жүргізіліп отыр. Жыл басында электронды нұсқада табыс және мүлік салығы декларациясы уақытылы және толық көлемде аудан бойынша мемлекеттік кірістер басқармасына тапсырылды.

Сыбайлас жемқорлық еліміздің дамуына үлкен кедергі келтіріп отырған қоғамымыздың ең басты мәселесі болғанымен, округте жоспарлы жұмыстар өз шешімін табуда. Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы», «Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі» туралы заңдарына сәйкес округте сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тиімділігін одан әрі көтеруге, алдын алуға бағытталған жұмыстар жүргізіліп келеді. Округтегі мемлекеттік қызметкерлерге заңнама қағидаттарын бұзуға жол бермеу, ондай қадамға барған жағдайда заң бойынша жауапкершілікке тартылатыны қатаң ескертілген. Округ ғимараты ішінде өтініштер мен ұсыныстарға арналған сенім жәшігі орнатылып, «Сенім» телефоны жұмыс жасайды.

Округі бойынша ҚР мемлекттік қызмет істер және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс қимыл агенттігінің бұрынғы баннерлері алынып, аудан орталығынан келген эскиз үлгісіне сәйкес жаңадан баннер 2м х 1,50м көлемінде тапсырыс беріліп, Т.Рысқұлов көшесіне орналастырылды.

Облыс әкімінің веб – сайтында аудан әкімінің блогы жұмыс жасауын ұйымдастыру мен блогта аудан көлемінде орналасқан барлық мемлекеттік органдар жөнінде мәліметті енгізу жұмыстары бойынша Асан ауылдық округіндегі мемлекеттік органдар тізімі мен қызметкерлері жөнінде мәлімет аудандық ішкі саясат, мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне жолданды.

Округке қарасты ауылдық кітапханалар мен клуб қызметкерлерінің бірлесіп ұйымдастыруымен сыбайлас жемқорлық қылмыстарының құрамы: қызмет өкілеттілігін асыра, теріс пайдалану, пара беру, пара алу т.б. қылмыстарды болдырмау және алдын алу мақсатында мекемелер, ұжым басшылары мен тұрғындар арасында баяндама оқып, көрініс көрсетті.

Үштаған ауылдық клуб қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Жемқорлық індет, жою міндет» атты дөңгелек үстел өтіп, тұрғындардың сыбайластыққа жол бермеу жөнінде, мемлекет қаржысының талан – таражға түспеуі бағытында ойларын ортаға сала білді.

«Өзіңнен баста» акциясы аясында округ әкімі Г.Кабдражитова табыстарын, жергілікті бюджетке аударылған салық мөлшерін, сонымен қатар өзіне тиесілі мүлікті анықтап аудандық «Серпер» газетіне табыстады.

Біздің округіміз бойынша сыбайлас жемқорлық фактілері тіркелген жоқ. Алайда сыбайлас жемқорлықтың алдын алу мақсатында комиссия мүшелері өз жұмыстарын жүргізе бермек.

Асан ауылдық округінің әкімі: Г. Кабдражитова


Мақаланың шыққан күні:: 05.12.2016 11:23
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 05.12.2016 11:23