Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
13.12.2017

Қызметтер

Мақат ауданының әкімі

Сәрсенғалиев Берікқали Жоланұлы 1961 жылы туған. Гурьев ауыл шаруашылығы техникумын «Мал дәрігері» және Гурьев педагогикалық институтын «Тарих және қоғамтану пәнінің мұғалімі» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1977 жылы Қызылқоға ауданы, Миялы селосындағы «Казсельтехника» бірлестігінде ағаш ұстасының көмекшісі болып бастаған.
1981 жылы Қызылқоға ауданы Абай атындағы кеңшардың мал дәрігері.
1981-1983 жылдары Отан алдындағы борышын өтеген.
1983-1988 жылдар аралығында Қазақстан ЛКЖО Қызылқоға аудандық комитетінің нұсқаушысы, ұйымдастыру бөлімінің меңгерушісі.
1988-1989 жылдары Қызылқоға аудандық Кәсіподақтар кеңесінің аға нұсқаушысы.
1989-1990 жылдары Қазақстан Компартиясы Қызылқоға аудандық комитетінің нұсқаушысы.
1990-1997 жылдар аралығында Қызылқоға аудандық білім беру бөлімі әдістемелік кабинетінің әдіскері, аудандық білім беру бөлімінің маманы, Білім беру және ғылым қызметкерлері аудандық кеңесінің төрағасы.
1997-2003 жылдары Қызылқоға ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2003-2006 жылдары аудандық білім беру және спорт бөлімінің меңгерушісі, 2006 жылдың ақпан-наурыз айлары аралығында Миялы селолық округінің әкімі.
2006-2009 жылдары Атырау облыстық мәслихатының аппарат жетекшісі, 2009-2012 жылдары Қызылқоға ауданының әкімі, 2012-2013 жылдары Индер ауданының әкімі.
2013 жылдың маусым айынан бері Атырау облысы Білім беру басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.
Атырау облысы әкімінің 2015 жылғы 27 шілдедегі №301-ө өкімімен Атырау облысы Мақат ауданының әкімі болып тағайындалды.

 


Мақаланың шыққан күні:: 17.06.2016 12:37
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.06.2016 12:37