Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.10.2017

Қызметтер

Аудан әкімі

Аким районаРысқалиев Сырым Мұратұлы, Гурьев облысы, Махамбет ауданы, Махамбет селосында 1966 жылы 6 сәуірде дүниеге келген. Отбасылы, үш баласы бар. 1973 – 1983 жылдары аралығында Махамбет селолық орта мектебінде тәлім талды. 1984 жылдың 1 қаңтарынан 1984 жылдың 5 мамырына дейін жұмысшы ретінде Махамбет селосы «Казсельхозтехника» мекемесінде жұмыс атқарды. 1984 – 1986 жылдары аралығында СССР қарулы күштері қатарында екі жыл әскери міндетін өтеді. 1986 -1987 жылдың 7 желтоқсанына дейін Махамбет селосында «Жөндеу мекемесінде» автокөлік жүргізушісі болып жұмыс жасады. 1987 жылы 20 желтоқсаннан 1988 жылғы 25 маусымға дейін Алматы қаласының Қазақ ауыл шаруашылығы институты жанындағы дайындық курсында оқыды. 1988 – 1993 жылдары Қазақ ауылшаруашылығы институтында оқыды. 1993 жылы институты аяқтап өсімдік қорғау агрономы мамандығымен 13 мамаырда Атырау облысы, Махамбет ауданы ауыл шаруашылығы бөлімінің бас – маман аграном болып қызметке тағайындалды. 1999 жылы ауыстыру жолымен облыстық ауыл шаруашылығы басқармасына маркетингілік және аграрлық саясат бөлімінің бастығының қызметіне тағайындалды. 2002 жылы 28 маусымда Атырау облыстық ауыл шаруашылығы басқармасы бастығының орынбасары болып тағайындалды. 2007 жылы 11 қаңтарда Атырау облысы ауыл шаруашылығы департаментінің директоры болып тағайындалды. 2007 жылдың 5 қыркүйегінде Атырау облысы әкімі аппаратының басшысы болып тағайындалды.

2008 жылдың 25 қаңтарында Атырау облысы әкімінің орынбасары қызметіне тағайындалды. 2008 жылдың 20 қарашасынан бастап Мақат ауданы әкімі қызметіне тағайындалды. 2010 жылдың 26 қарашасынан бастап Атырау облысы Ауыл шаруашылығы басқарма бастығының қызметін атқарды. 2012 жылдың 25 қаңтарынан Қызылқоға ауданы әкімі. 2012 жылдың 13 қыркүйегінен Атырау облысы Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы бастығының қызметін атқарды.

2017 жылдың 13 қыркүйегінен бастап Махамбет ауданының әкімінің қызметін атқаруда. Қазақстан Республикасының және оның астанасының дамуы мен қалыптасуына елеулі үлес қосқаны үшін, сондай-ақ Астана қаласының 10 жылдығы құрметіне «Астананың 10 жылдығы» мерекелік медалімен наградталды. «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған. 2014 жылы «Құрмет» Ордені иегері.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 11:40
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 26.09.2017 14:22