Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.06.2017

Қызметтер

Құрманғазы ауданының әкімі

Құрманғазы ауданынының әкіміШаяхметов Бибоз Байдаулетұлы

18.01.1960 жылы Атырау облысы Қызылқоға ауданы Миялы ауылында туған, жоғары білімді, 1982 жылы Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтын «Бухгалтерлік есеп және ауыл шаруашылық ісін талдау» мамандығы, «ауыл шаруашылығындағы бухгалтерлік есеп жөніндегі экономист» біліктілігі бойынша бітірген.

Еңбек жолын 1976 жылы «Казсельхозтехника» бірлестігінде жөндеуші болып бастаған. 1976-1977 жылдары «Казсельхозтехника» бірлестігінде ІІ санатты слесарь жөндеуші, 1977-1983 жылдары Батыс Қазақстан ауылшаруашылық институтында студент, 1983-1984 жылдары аудандық қаржы бөлімінде аға экономист, 1984-1985 жылдары аудандық жоспарлау бөлімінде аға экономист, 1985-1986 жылдары аудандық комсомол комитетінде екінші хатшы, 1986-1988 жылдары аудандық комсомол комитетінде бірінші хатшы, 1988-1990 жылдары «Миялы автотранспорт» кәсіпорнында аға экономист, 1990 жылдары халықтық бақылау комитетінде инспектор, 1990-1991 жылдары аудандық партия комитетінде нұсқаушы, 1991-1994 жылдары Қызылқоға аудандық қаржы бөлімінде ауылшаруашылығы жөніндегі аға экономист, 1994-1995 жылдары аудандық төлем орталығында бірінші санатты маман, бас маман, 1995-1996 жылдары аудан әкімінің орынбасары, экономика басқармасының бастығы, 1996-1999 жылдары аудандық экономика басқармасының бастығы, 1999-2003 жылдары аудандық экономика, инвестиция және кәсіпкерлікті қолдау бөлімінің меңгерушісі, 2003-2004 жылдары аудандық коммуналдық меншік, құрылыс, көріктендіру және тұрғын үй шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі, 2004-2006 жылдары аудандық қала құрылысы, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің меңгерушісі, 2006-2008 жылдары аудандық құрылыс бөлімінің меңгерушісі лауазымдарын атқарған.

2008-2016 жылдары Атырау облысы Қызылқоға ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.

Еңбек еткен жылдары 1986 жылы облыстық, аудандық комсомол комитетінің пленум және бюро мүшесі, 1986 жылы Қазақстан ЛКСМ XVI съезінің делегаты, 1986-88 жылдары аудандық партия комитеті пленумы және бюро мүшесі, Халық депутаттары аудандық Кеңесінің депутаты болған.

2000 жылы облыс әкімі мен облыстық мәслихаттың Құрмет грамотасымен, «10 жыл Астана» мерекелік медальмен, 1997-2010 жылдары аудан әкімінің Алғыс хаттарымен, 2011 жылы облыс әкімінің Алғыс хатымен, 2013 жылы Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен, Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медалымен марапатталған.

Жанұялы, 4 баласы бар.


Мақаланың шыққан күні:: 20.06.2016 10:51
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.05.2017 05:19