Array Қызылқоға ауданының әкімі | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.03.2017

Қызметтер

Қызылқоға ауданының әкімі

Мұқанов Мақсот Сайполұлы

Аудан әкімі

Жұмыс телефоны – 8/71238/2 13 45

Мұқанов Мақсот Сайполұлы – 1959 жылдың 21-ші қаңтарында Гурьев облысы, Қызылқоға ауданы, Қызылту совхозында дуниеге келген. 1976 жылы Н.К.Крупская атындағы орта мектепті аяқтағаннан кейін, Орал қаласындағы Батыс Қазақстан ауыл шаруашылығы институтының экономика факультетінде оқуға түсіп, ауыл-шаруашылығы өндірісін ұйымдастырушы экономист мамандығы бойынша бітіріп шыққан. 1985 жылдың қазан айында Абай атындағы совхозда қатардағы экономист, 1988 жылдың желтоқсан айына дейін Комсомол совхозында бас экономист қызметін атқарған. 1988-1989 жылдары агроөнеркәсіптік комитеті төрағасының орынбасары және аудандық жоспарлау комиссиясының төрағасы қызметін атқарған. 1992-1994 жылдар аралығында аудандық қаржы бөлімінің меңгерушісі, 1994-1997 жылдары қаржы бақылау бөлімі бастығы, 1997-2006 жылдары  аудан әкімі орынбасары, 2006-2009 жылдары ауылшаруашылық бөлімі бастығы, 2009-2012 жылдың қыркүйек айына дейін аудан әкімінің орынбасары, 2012 жылдың қыркүйек айынын бастап аудан әкімі лауазымын атқарып келеді.


Мақаланың шыққан күні:: 17.06.2016 14:40
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 17.06.2016 14:40