Array Аудан әкімі | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
26.03.2017

Қызметтер

Аудан әкімі

Арыстан 
Серик Бисешулы

Арыстан Серік Бисешұлы 1965 жылдың 2 наурызда Атырау (Гурьев) облысы, Махамбет ауданы, Алға селосында дүниеге келген. Ұлты - қазақ.

Еңбек жолын 1982 жылы Алға селосындағы ХХІ-партсъезд атындағы совхозда механизатор болып бастаған.

1983-1985 жылдары Совет Армиясы қатарында Отан алдындағы жауынгерлік борышын өтеген.

1985-1987 жылдары Алға селосындағы ХХІ-партсъезд атындағы совхозда механизатор болып жалғастырған.

1987-1992 жылдары Атырау педагогикалық университетін «тарих, қоғамтану және советтік права пәнінің мұғалімі» мамандығы, 2014 жылы Х.Досмұхамедов атындағы университетті «құқықтану» мамандығы бойынша аяқтаған.

1992-2000 жылдары Алға орта мектебінде тарих пәнінің мұғалімі, 2000-2004 жылдары Алға орта мектебінде–директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары, 2004-2006 жылдары Қ.Қалыбеков атындағы орта мектептің директоры, 2006-2007 жылдары Махамбет аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастығы, 2007-2012 жылдары Махамбет ауданы әкімі аппаратының басшысы, 2012 жылдың қарашасынан 2013 жылдың маусымына дейін Махамбет ауданы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарған.

2013 жылдың маусымынан бастап Индер ауданының әкімі.


Мақаланың шыққан күні:: 17.06.2016 11:36
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 06.09.2016 10:43