Array Жылыой ауданының әкімі | Атырау облысы әкімдігінің ресми интернет ресурсы
Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
24.03.2017

Қызметтер

Жылыой ауданының әкімі

Жылыой ауданының әкіміАты-жөні: Ізбасов Мақсым Шафихұлы

Лауазымы: Жылыой ауданының әкімі

Қабылдау күні: айына бір рет

Телефон: 8 (71237) 5-12-42

Ескертпе: Аудан әкімінің қабылдауына алдын-ала жазылу қабылдау болатын күннен бір апта бұрын сәрсенбі күні сағат 10:00-ден 16:00-ге дейін №14 кабинетте болады. Тел: 5-19-83

Ізбасов Мақсым Шафихұлы 1954 жылы 3 тамызда Атырау облысы Қызылқоға ауданы Сағыз станциясында дүниеге келген. 1976 жылы В.И.Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын тау- кен инженері мамандығы бойынша бітірген.

1991 жылы Алматы саясат және басқару институтын үздік бітірген. Дипломдық тақырыбы «Мұнай саласындағы экономика».

1976-1985 жылдары «Құлсарымұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасында мұнай және газ операторы, өндірістік-технологиялық бөлімінің инженері, аға инженері, жер асты жабдықтарын жөндеу цехының бастығы, мұнай және газ өндіру цехының бастығы.

1985-1989 жылдары «Құлсарымұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасының партия комитетінің хатшысы. 1991-1993 жылдары «Құлсарымұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасында жоспарлау-экономикалық бөлімінің бастығы, бас инженері.

1993-1999 жылдары аралығында «Теңізмұнайгаз» өңдірістік бірлестігі өндірістік-технологиялық бөлімінің бастығы, директорының бірінші орынбасары, бас инженері, бірінші тете-президенті. 1999-2004 жылдары «Құлсарымұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасының бастығы («Қазмұнайгаз» және «Ембімұнайгаз» екі АҚ-ның қосылуына байланысты). 2004-2007 жылдары аралығында «Қазмұнайгаз» ҰМК-ның «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының бастығы.

2007 жылдың қантар айынан шілде айына дейін «Құлсарымұнайгаз» мұнай газ өндіру басқармасының бастығы. 2007-2009 жылдары «Ембімұнайгаз» өндірістік филиалының бас техникалық жетекшісі болған.

2009-2012 қазан айына дейін Норт Каспиан Оперейтинг Компаниясының жергілікті биілік органдарымен байланыс жөніндегі аға кеңесшісі болып қызмет атқарған.

2012 жылдың қазан айынан бастап Жылыой ауданының әкімі.

1999 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған, «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005ж), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011) мерекелік медальдарымен, Қазақстан Республика Президентінің Құрмет дипломы (2006ж), Қазақстан Республикасы Президентінің (2001,2005 жж) және Атырау облыс әкімінің (2001, 2005, 2007 жж) алғыс хаттары, КСРО мұнай өнеркәсібі Министрлігінің (1980),

Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстары Министрлігінің (2004ж), мұнай және газ Министрлігінің (2010ж) Құрмет грамоталары, облыстық Кеңестің және облыстық маслихаттың Құрмет грамотасы, аса құрметті әулиетті Даниил Мәскеу 3 дәрежелі Орыс Православиелік шіркеуінің Орденімен (2006ж), мұнай кеніштерінің мерекелік төстік белгілерімен марапатталған.

Атағы:

* Мұнай және газ өндірістік кәсіподағының халықаралық конфедерациясының лауреаты;

* Жылыой ауданының (2004ж) және Қызылқоға ауданының (2007 ж) Құрметті азаматы;

* «Жыл мұнайшысы» атағы (2001ж);

* аудандық маслихатының депутаты (1994-1999 жж);

* облыстық маслихатының екі шақырылымдық депутаты (1999-2003 және 2003-2007 жж).

Үйленген. Екі ұл, екі қызы бар.


Мақаланың шыққан күні:: 17.06.2016 16:38
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 07.03.2017 06:04