Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
16.07.2020

Қызметтер

Қала әкімі

Аким города

Атырау қаласы әкімі - Оразбаев Қайрат Құлымұлы.

Қайрат Құлымұлы 1963 жылы Атырау облысында дүниеге келген. Еңбек өтілін 1987 жылы Қазан химия-технологиялық институты, «Мұнай өңдеудің химиялық технологиясы» мамандығы бойынша бастаған. Екінші жоғарғы білімі: Мұнайгаз бизнесі институты, мамандығы: Мұнайгаз бизнесінің менеджері (2010 жыл) Еңбек өтілі:

1979-1987 жж., "МаңғышлақМұнайГазБарлау" кешенді экспедиция операторы, МГӨБ - да слесарь, ГМӨЗ № 3 цех операторы.

1987-1996 жж., № 1 цехтың монтаждау бөлімінің бастығы, ауысым бастығы, штурман бастығы, цех бастығының орынбасары, № 4 цех бастығы, өндіріс бөлімі бастығының орынбасары.

1996 ж., АОЗТ Лукойл АМӨЗ бас директоры.

1996-1997 жж., Қазақстан Республикасы Мұнай және газ өнеркәсібі Министрлігінің өндірісті дамыту жөніндегі бас басқармасы бастығының орынбасары.

1997-2002 жж., «Қазақойл» ұлттық компаниясы

2001-2007 жж., Даму жөніндегі вице-президент, кәсіпорын директоры, даму жөніндегі вице-президент, күрделі жөндеу және даму жөніндегі директор, АМӨЗ бас директорының орынбасары.

2007-2012 жж., Өндірістік-техникалық және құрылыс қызметтерінің жетекшісі - бас директордың бірінші орынбасары - бас инженер, маркетингтік талдау департаментінің директоры, «ҚазМұнайГаз» ұлттық компаниясының мұнай өңдеу және мұнай химиясын дамыту жөніндегі директордың орынбасары.

2012-2016жж., «Атырау мұнай өңдеу зауыты» басшылық лауазымдарда қызмет атқарған.

2018-.2020 жж., «Kazakhstan Petrochemical Industries Inc.» ЖШС Басқарма төрағасының бірінші орынбасары.

2020 жылдың 17 қаңтарынан бастап Атырау облысы әкімінің № 11-ө өкімімен Атырау қаласы әкімі лауазымына тағайындалды.

"NurOtan" партиясының мүшесі, Құрмет орденімен наградталған. ҚР Президентінің алғыс хаттарымен марапатталған. АМӨЗ қайта жаңғырту жобасына белсенді атсалысқаны үшін Энергетика министрлігінің құрмет грамотасымен марапатталған. Бірнеше мақалалардың авторы.


Мақаланың шыққан күні: 17.06.2016 09:47

Парақтағы соңғы өзгерістер: 24.01.2020 08:28

Қаралым саны: 18573