Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.07.2020

Қызметтер

Жаңаталап ауылдық округінің әкімі

Тажбаев Олжас Сержанович

Тажбаев Олжас Сержанұлы 1980 жылы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин селосында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

Білімі – жоғары. 2004 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетін - құқықтану мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 2004 жылы Киров селолық округінде «Сақшы сарбаз» тобының жетекшісі болып бастады.

2005-2007 жылдары Жаңаталап селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы.

2007-2008 жылдары Атырау облысы бойынша көліктік бақылау басқармасының бас маманы.

2008-2009 жылдары көліктегі және автожолдардағы бақылау бөлімінің жетекші маманы, бас маманы.

2009-2012 жылдары Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының жетекші маманы, бас маманы.

2013-2014 жылдары Жаңаталап ауылдық округі әкімі аппаратының әкім кеңесшісі.

2014 жыл наурыз-желтоқсан Жаңаталап ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы.

2014 жылдың 11 желтоқсанында Жаңаталап ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

2006 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Үйленген, төрт бала тәрбиелеуде.

 


 

Жаңаталап ауылдық округінің әкімі

 Ахметова Фарида Төлегенқызы

Атырау облысы әкімдігінің Әдеп жөніндегі уәкілі

 

Мекен-жайы: Атырау облысы әкімінің аппараты, Атырау қаласы, Әйтеке би көшесі, 77, жұмыс кабинеті №543 , 5 – қабат.

Эл.пошта: f.akhmetova@atyrau.kz, ahmetova_farida@mail.ru 

Жұмыс тел.: 8 (7122) 27-00-73

Қабылдау күндері: әр бейсенбі, сағ. 09:00-ден 18:00-ге дейін.


Мақаланың шыққан күні: 30.03.2017 12:26

Парақтағы соңғы өзгерістер: 12.09.2019 15:53

Қаралым саны: 1389