Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
29.06.2017

Қызметтер

Мақаш ауылдық округінің әкімі

Болат Зинетоллаевич

Мен Болат Зинетоллаевич желтоқсан 1957 жылы Зормата ауыл кеңесі, Құрманғазы (Теңіз) ауданы, Атырау (Гурьев) облысында дүниеге келдім. 1965 жылы Ә.Сәрсенбаев (Карл Маркс) орта мектебінің 1 сыныбына барып, осы мектепті 1975 жылы бітіріп шықтым. Еңбек жолымды 1975 жылы Калинин кеңжарында бақташы болып бастадым. 1976 жылы Совет Армиясы қатарына шақырылып, Ресей Федерациясы Новосібір, Чита қалаларында әскери қызметте болып, 1978 жылы елге оралдым. Осы жылы Калинин кеңшарына құрылысшы болып жұмысқа тұрып, осы жылы жоғары оқу орынның дайындық бөліміне барып түсіп, Жамбыл гидромелиоротивтік құрылыс институтына оқуға түсіп, оны 1984 жылы инженер-құрылысшы мамандығы бойынша бітіріп шықтым. Сол жылы «Киров» кеңшарына құрылыс шебері мамандығы бойынша жұмысқа орналасып, 1986 жылы «Коммунизм жолы» кеңжарына аға прораб мамандығы бойынша жұмыс жасадым. Осы кеңшарда 1992 жылы шаруашылық бөлімі жөніндегі орынбасары, ал 1998 жылы «Мақаш» өндірістік кооперативінде директордың мал шаруашылығы жөнінде орынбасары болып тағайындалдым. Өз еркіммен 2000 жылы «Темірәлі» ЖШС құрылыс участкесі бастығы болып, 2001 жылы осы ЖШС-нен жанұя жағдайына байланысты босадым. 2005 жылы «НефтеХимТранс» ЖШС директордың орынбасары болып, 2008 жылы ұжымның тарауына байланысты қысқартылдым. 2008 жылы «Интеграл Атырау» ЖШС құрылыс прорабы болып, ал 2010 жылы өз еркіммен босадым. 2010 жылы «ЦентрСтрой ЛТД» ЖШС құрылыс учаскесі бастығы болып, 2014 жылы қысқартылуға байланысты босап, осы жылы «БатысАльянсСтрой» ЖШС-де участке бастығы, осы жылы басқа жұмысқа шақырылуыма байланысты өз еркіммен босадым. 2014 жылы «Интеграл Атырау» ЖШС –нің директорының құрылыс жұмыстары жөніндегі орынбасары, 2017 жылы басқа жұмысқа тағайындалуыма байланысты босадым. 2017 жылдың қаңтарынан Мақаш округі әкімі міндетін атқарушы қызметіндемін. Үйленген 5 балам, 4 немере, 1 жиенім бар.


Мақаланың шыққан күні:: 30.03.2017 17:08
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.03.2017 17:08