Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
18.08.2017

Қызметтер

Кудряшов ауылдық округінің әкімі

Ертелеуов Сахтапберген1 қазан 1959 жылы Кудряшов советінде Красноармий ауылында дүниеге келдім. 1968 жылдан 1977 жылы Гоголь орта мектебін бітіріп, орта білім алып, сол жылы Гурьев қаласындағы ауыл шаруашылық техникумға түстім. 1977 жылғы 29 қарашасында әскер қатарына алып, Мурманск облысы Севереморск қаласында әскери борышымды атқарып 1979 жылғы 29 қарашасында елге келдім. Келген жылы оқуымды жалғастырып 1982 жылғы мамыр айында оқуымды бітіріп «Техник-механик» мамандығы бойынша диплом алып шықтым.

1982 жылғы 9 маусымда Гурьевская ММС мекемесіне инженер болып жұмысқа орналастым. ММС (Арна) мекемесінде 2002 жылға дейін жұмыс істеп, 2002 жылығы 18 қаңтар күні Аудан әкімінің №13 өкімі мен Кудряшов селолық округінің әкімі болып тағайындалып. 2007–2010 жылдары аралығында Атырау инженерлік–гуманитарлық институтың «Мұнай–газ ісі» мамандығы бойынша бітіріп шықтым. 2009–2012 жылдар аралығында Байда селолық округі әкімі аппаратының бас маман қызметінде болдым. 2012 жылғы 14 желтоқсанан бастап Кудряшов ауылдық округі әкімінің аппаратының әкімі болып тағайындалып осы күнге дейін істеп келемін.


Мақаланың шыққан күні:: 30.03.2017 16:04
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.03.2017 16:04