Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
20.09.2017

Қызметтер

Көптоғай ауылдық округінің әкімі

Муратов Сагындык Утепкалиевич

Муратов Сағындық Өтепқалиұлы 1963 жылы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Кудряшов селосында дүниеге келген. Ұлты-қазақ. Білімі жоғары. Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетін–тарих және құқытану пәнінің мұғалімі мамандығы бойынша бітірді. Еңбек жолын 1982 жылы №10 Атырау теміржол бөлімшесінде электромонтер болып бастады. 1984-1988 жылдары аудандық мәдени-тарихи ескерткіштерді қорғау қоғамында жауапты хатшы, 1988-1990 жылдары аудандық халық депутаттары атқару комитетінің ұйымдастыру бөлімінде нұсқаушы, 1990-1992 жылдары аудандық атқару комитетінде маман, нұсқаушы, 1992-1993 жылдары аудан басшысы орынбасарының нұсқаушысы, 1993-1996 жылдары аудан әкімінің көмекшісі, 1996-1997 жылдары Кудряшов селолық округ әкімінің орынбасары, 1998-1999 жылдары аудандық төтенше жағдайлар жөніндегі бөлімінде бас маман, 1999-2003 жылдары аудан әкімінің көмекшісі қызметінде болды. 2003-2016 жылдары Ганюшкин ауылдық округ әкімі аппаратының бас маманы. 2016 жылдың мамыр айынан бастап Көптоғай ауылдық округінің әкімі лауазымында. Отбасылы, 2 бала тәрбиелеуде.


Мақаланың шыққан күні:: 30.03.2017 12:58
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.03.2017 09:42