Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
23.10.2017

Қызметтер

Киров ауылдық округінің әкімі

Тажбаев Олжас Сержанович

Тажбаев Олжас Сержанұлы 1980 жылы Атырау облысы Құрманғазы ауданы Ганюшкин селосында дүниеге келген. Ұлты – қазақ.

Білімі – жоғары. 2004 жылы Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университетін - құқықтану мамандығы бойынша бітірді.

Еңбек жолын 2004 жылы Киров селолық округінде «Сақшы сарбаз» тобының жетекшісі болып бастады.

2005-2007 жылдары Киров селолық округі әкімі аппаратының жетекші маманы.

2007-2008 жылдары Атырау облысы бойынша көліктік бақылау басқармасының бас маманы.

2008-2009 жылдары көліктегі және автожолдардағы бақылау бөлімінің жетекші маманы, бас маманы.

2009-2012 жылдары Атырау және Маңғыстау облыстары бойынша Атырау қаласындағы «Каспий» өңіраралық көліктік бақылау инспекциясының жетекші маманы, бас маманы.

2013-2014 жылдары Киров ауылдық округі әкімі аппаратының әкім кеңесшісі.

2014 жыл наурыз-желтоқсан Киров ауылдық округі әкімінің міндетін уақытша атқарушы.

2014 жылдың 11 желтоқсанында Киров ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

2006 жылдан бері «Нұр Отан» партиясының мүшесі.

Үйленген, төрт бала тәрбиелеуде.


Мақаланың шыққан күні:: 30.03.2017 12:26
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 30.03.2017 06:40