Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
22.11.2017

Қызметтер

Айтмагамбетова Алия Мусаевна

Айтмагамбетова Алия Мусаевна

Қатысушының аты - жөні: Айтмагамбетова Алия Мусаевна, жоғары санатты бастаушыш сынып мұғалімі

Мекеме: Жалпы білім беретін № 6 орта мектеп

Номинация: Жұмысшы жастардың үздік тәлімгері

Қысқаша мінездеме: Жалпы білім беретін № 6 орта мектепте 1993 жылдан бері бастауыш сынып мұғалімі болып қызмет атқарады. Осы уақыт аралығында өзін сенімді және жоғары саналы маман ретінде көрсете білді. Педагогикалық қызметі кезінде Айтмагамбетова Алия 5 жыл бастауыш сыныптар бойынша директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары, 8 жыл мектептің кәсіподақ ұйымы төрайымы міндетін атқарды. Мектептің қоғамдық жұмыстарына да белсене қатысады. Мектеп ұжымында әріптестері мен мектеп әкімшілігінің сенімі мен құрметіне ие болған Алия Мусаевна – мектеп оқушылары мен олардың ата – аналарының ықыласына да бөленген жан. Мектеп әкімшілігінің, қалалық білімі бөлімінің және облыстық білім департаментінің «Алғыс хаттары» мен «Құрмет грамоталарымен» марапатталды. Сонымен қатар, ерекше еңбегі үшін медальмен марапатталды. 2016 жылы Атырау облысы бойынша «Жыл мұғалімі» атағын иеленді. Жұмысшы жастардың тәлімгері.

Қосымша мәлімет: Атырау қаласы, Азаттык даңғылы, 162 «ц», ж/т 8(7122)456837

Айтмагамбетова Алия Мусаевна (PPTX 10332 Kb)

 

 


Мақаланың шыққан күні:: 04.08.2017 09:31
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 07.08.2017 04:24