Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.07.2020

Қызметтер

Қор туралы

Қор туралы

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» коммерциялық емес акционерлік қоғ­амы Қазақстан республикасы Үкіметінің 2016 жылы 1 шілдедегі № 389 қаулысына сәйкес құрылған.

МИССИЯСЫ

- Халықты тиімділігі дәлелденген, қолжетімді медициналық көмекпен теңдей қамтамасыз ету;

- Жұртшылықты медициналық көмекке негізсіз жұмсалатын артық шығындардан қорғау;

- Медициналық қызметтерді кепілдік пен теңгерімді сақтай отырып сатып алу.

МАҚСАТЫ

- Қор – пациенттердің мүддесіне сай тиімді әрі сапалы медициналық көмекті стратегиялық сатып алумен айналысатын қаржылық орнықты ұйым.

МІНДЕТІ

- Азаматтарды жаппай сапалы медициналық көмекпен қамтамасыз ету;

- Көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын тиісті деңгейде ұстап тұру;

- Қорды медициналық қызметтерді стратегиялық сатып алушы ұйым ретінде дамыту.

СОНЫҢ КЕЙБІРІНЕ ТОҚТАЛСАҚ:

2017 жылдан 2021 жылға дейін дәрігерлер жалақысы орта есеппен 30% өседі

МӘМС шеңберінде қызмет көрсететін жеке меншік клиникалардың үлесі 2018 жылдан бастап 2 есе артады

 

ОНЫҢ ТАБЫСТЫ ІСКЕ АСЫРЫЛУЫН ҚАДАҒАЛАУҒА МҮМКІНДІК БЕРЕДІ

МӘМС арқасында 2021 жылға қарай пациенттерге көрсетілетін жоғары технологиялық қызмет саны 30% артып, жылына 3,5 мың ота жасалатын болады


Мақаланың шыққан күні: 16.08.2017 08:36

Парақтағы соңғы өзгерістер: 04.12.2018 08:38

Қаралым саны: 3082