Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.08.2020

Қызметтер

Абилхайров Абат Амангелдиевич

Абилхайров Абат АмангелдиевичҚатысушының аты-жөні : Абилхайров Абат Амангелдиевич – өңдіріс жөніндегі департамент инженері;

Кәсіпорын: Атырау облысы, Атырау мұнай өңдеу зауыты;

Номинациясы: «Өндірістегі ең үздік жас маман»;

Абилхайров Абат Амангелдиевич 1990 жылы тамыздың 17-сінде Атырау қаласында дүниеге келді. 2004-2008 жылдар аралығында Атырау облыстық ұлттық дарынды балаларға арналған интернаттық мекемесі бар гимназияда білім алған. Оқушы кезінде химия пәнінен облыстық және республикалық олимпиадалар мен ғылыми жұмыстарға қатысып бірнеше мәртеге жүлделі болды.

2008 жылы Атырау мұнай және газ институтының химиялық заттардың органикалық технологиясы мамандығын таңдады. Студент кезінде де химия және технология салалары бойынша республикалық олимпиадаларға қатысып бірнеше рет жеңімпаз болған. 2011 жылы Алматы қаласында өткен халықаралық ғылыми жұмыс сайысында жүлделі 1-ші орынды иеленіп және сол жылы химия саласында жеткен жоғары жетістіктері үшін «Одорённые дети - будущие Казахстана» энциклопедиясына енді.

2012 жылы Атырау мұнай өңдеу зауытының Бензин мен дизель отындарын сутекпен тазалау құрамдастырылған қондырғысының газды аминмен тазалау бөлімінің операторы болып жұмысқа орналасып, содан соң бензинді изомерлеу, бензинді гидротазалау қондырғыларының операторы қызметін атқарды. 2013 жылы бензинді гидротазалау мен изомерлеу қондырғысын пультпен басқару операторы қызметін атқарып, 2014 жылдың маусым айында дизель отынын гидротазалау және парафинсіздендіру қондырғысының аға операторы қызметіне ауыстырылды. 2014 жылы зауытта үздік маман сайысына қатысып жүлделі 3-ші орынды және 2016 жылы үздік маман сайысында жүлделі 2-ші орынды иеленді. Аға оператор қызметінде екі жарым жылдай еңбек етіп 2017 жылдың қаңтар-мамыр айлары аралығында зауыттың диспетчері қызметінде болды. 2017 жылдың мамыр айында техникалық бөлімнің инженері қызметіне ауыстырылып, 2017 жылы зауытта «Лучший рационализатор 2017 года» жүлдесінің иегері атанды. Қазіргі таңда техникалық бөлімінде қызмет атқарып жүр. 2012 жылы отбасы құрып, бір қызды, бір ұл балалы болды.

Абилхайров А.А кандидатурасы «Ең үздік жас маман»номинациясы бойынша «Трудовой путь» байқауына қатысу үшін талқыланған және ұсынылған.

Презентация (PPT 13172 Kb)


Мақаланың шыққан күні: 12.07.2018 05:08

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.07.2018 16:03

Қаралым саны: 4036