Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
04.04.2020

Қызметтер

«Атырау қалалық мәдениет және демалыс саябағы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның 2018 жылдың І жартыжылдығының қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлықтың тәуекелдеріне ішкі талдауының нәтижелері бойынша Талдау анықтамасы

1.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні.

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу.

«Атырау қалалық мәдениет және демалыс саябағы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынның қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету, алдын алу, жол бермеу болып табылады. Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңнамасын негізге алып қызмет ету.

2.Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Атырау қалалық мәдениет және демалыс саябағы» коммуналдық мемлекеттік кәсіпорны. Мекен жайы:Атырау қаласы, С.Сауырғалиев көшесі үй №1.Электронды пошта: parkatyrau@gmil.com, телефон нөмірі 8702 216 17 38, 8702 232 86 12.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі: 2018 жылдың І-жартыжылдығы қорытындысы.

I.Ақпараттық-талдамалық бөлім.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында мекеме директорының 2018 жылдың 18 маусымдағы №62 бұйрығымен жұмыс тобы құрылды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдаудың жұмыс тобы мекеменің өз қызметінде басшылыққа алатын Заңдарды, нормативтік құқықтық актілерді басқа да құқықтық актілермен байланысты негізгі функциялары талқыланды.

Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға мүмкіндік туғызатын дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

2018 жылдың І-жартыжылдығына мекеменің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдауға мына бағытт

3.Кадрлардың ауысуы;

Мекемеде штат саны 32 құрайды.Нақты жұмыс жасайтындар 25 қызметкер, бос орын – 7, қызметкер.

Кадрлардың ауысуы – 2 бірлік, Өз еркімен жұмыстан босатылған - 13, қабылданған - 28. Жағымсыз себептер бойынша жұмыстан босатылғандар жоқ.

Бекітілген кестеге сәйкес қызметкерлерге кезекті еңбек демалысы уақытында беріледі. Ескерту 2 қызметкерге қолданылды.

Қызметкерлерден қызмет бабында түскен өтініштер уақытында қаралуда. 4.Мәдени-демалыс қызметі бойынша;

2018 жылдың І-жартыжылдығының қорытындысы бойынша мекемеде жоспарлы және жоспардан тыс(ұлттық, мемлекеттік, кәсіби мерекелерге арналған шаралар, атаулы мерекелер, қайырымдылық шаралар, Елбасының халқына жолдауы, мемлекеттік бағдарламалар бойынша, халықтық салт-дәстүр, балалармен жастар арасында, сайыстар мен фестивальдар) 250 мәдени іс-шаралар өз деңгейінде өткізіледі деп жоспарлануда.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде жұмыс тобының қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.

 

Жұмыс тобының құрамы: __________________ М.Жумашев

_________________ Д.Ахимова

_________________ М.Каштиев

_________________ Н.Азаматов

_________________ Д.Махимов

_________________ А.Серікбай

 

 

«Атырау қалалық мәдениет және демалыс

саябағы» (шаруашылық жүргізу құқығындағы)

коммуналдық мемлекеттік кәсіпорынының

директоры А.Жұмабай

Бас есепші Р.Тунешова


Мақаланың шыққан күні: 27.06.2018 01:06

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.06.2018 01:06

Қаралым саны: 1033