Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
16.07.2020

Қызметтер

«МАҚАТ АУДАНДЫҚ ЭКОНОМИКА ЖӘНЕ ҚАРЖЫ БӨЛІМІ» ММ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУДЫ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ АҚПАРАТ

«Мақт аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ

«Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі» ММ, Атырау облысы, Мақат ауданы, Мақат кенті, Қ.Сәтбаев көшесі 1 үйде орналасқан.

Тел: 8(71239) 3-01- 47;

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүргізу туралы ақпарат.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағыттар бойынша жүзеге асты:

1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілеріне және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін аңықтау.

Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімінің штат саны – 6 (1 басшы, 1 басшының орынбасары, 4 бас маман) адам, азаматтық қызметшілер саны – 3 (1 мұрағатшы, 1 хатшы, 1 жүргізуші) адам.

2013 жылдан бастап Сарбалиева Светлана Ризаевна аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарады, 2014 жылдан бастап Джангабылова Акмарал Жаксылыковна экономика және қаржы бөлімінің басшысының орынбасары, 2009 жылдан бастап Келдибаева Ермек Аманкосовна бас маманы, 2014 жылдан бастап Кулбаева Гулмира Ахметовна бас маманы, 2016 жылдан бастап Кужбанова Базаргуль Адиловна бас маманы, 2016 жылдан бастап Суюншалиева Алмагуль Жадигеровна бас маманы қызметін атқаруда. Мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.

Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі өз қызметін Мақат ауданы әкімдігінің 2015 жылғы 29 сәуірдегі №109 қаулысымен бекітілген «Мақат аудандық экономика және қаржы бөлімі туралы Ережеге» сәйкес жүзеге асырады. Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқолық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу барысында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін дискрециялық өкілеттік пен нормалар анықталған жоқ.

Бөлім қызметіне қатысты әрекет етуші нормативтік құқықтық актілер қызмет барысында қолданылады.

Ауданда стратегиялық және бюджеттік жоспарлау жүйесін жетілдіру жөніндегі жұмыстарды жүргізу және үш жылдық кезеңге арналған аудандық бюджет, бюджетке өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы мәслихат шешімдерінің жобаларын әзірлеу, сондай-ақ тиісті қаржы жылына арналған аудандық бюджет туралы мәслихат шешімдерін іске асыру туралы аудандық әкімдіктің қаулыларының жобаларын әзірлейді. 2017 жылдың 9 айында бюджетті 3 нақтылау болды.

Аудандық аймақтық даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарын іске асыруын бақылауды жүзеге асыруға және аудандық әкімдігіне ауданның аймақтық даму бағдарламасын іске асыру жөніндегі іс-шаралар жоспарына түзету жөніндегі ұсыныстар енгізеді. «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізілімін бекіту туралы» ҚР Үкіметінің 2016 жылғы 15 желтоқсандағы №816 қаулысына сәйкес ауылдық елді мекендерге жұмыс істеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, білім беру, әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға әлеуметтік қолдау шараларын көрсету бойынша 15 маман тіркелген. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша 2017 жылдың 9 айында 5 маманға тұрғын үй сатып алынды және 7 маманға көтерме жәрдем ақы төленді.

Аудандық бюджеттің бекітілуіне, нақтылауына және түзетілуіне байланысты бағдарламалар әкімгерлерінен бюджеттік өтінімдер қабылдау және бюджеттің атқарылуын ұйымдастыру және бюджетті атқару бойынша бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің қызметін үйлестіреді.Міндеттемелер және төлемдер бойынша қаржыландырудың жиынтық жоспарын жасау, бекіту, өзгерістер енгізу және жергілікті бюджет бойынша түсімдердің жиынтық жоспарын жүргізеді.

Аудандық коммуналдық мүліктің жекешелендіруін жүзеге асырады, коммуналдық мүліктің жекешелендіру процесін ұйымдастыру үшін делдалды тартады, жекешелендіру объектісін бағалауды қамтамасыз етеді, жекешелендіру объектісін сатып алу-сату шарттарын дайындайды және сатып алу-сату шарттары талаптарының сақталуын бақылауды жүзеге асырады. 9 ай 2017 жылда 2 автокөлік сатылды.

Бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл үшін дербес жауаптылық белгілене отырып, осы жөнінде тікелей міндет жүктеліп, қосымшалар енгізілген.

2017 жылдың 9 айында өтініш түскен жоқ.

Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ атты жадынамалар ілінген.

Бөлімде сенім телефоны ретінде 3-01-47 нөмірі бекітілген.

Аудандық экономика және қаржы бөлімі Облыс экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының және Қаржы басқармасының жұмыстарының ауданда орындалуын қамтамасыз етеді.

Аудандық «Мақат тынысы» газетіне 3 мақала жарияланды.Сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын сыни материалдар жарияланған жоқ.

 

Электронды пошта: raifo.makat@mail.ru

Телефон нөмір: 8/71239/ 3 01 47, 8/71239/ 3 00 14

Сенім телефоны: 8/71239/ 3 01 47

 


Мақаланың шыққан күні: 27.11.2017 07:25

Парақтағы соңғы өзгерістер: 26.02.2019 23:55

Қаралым саны: 1578