Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
21.01.2018

Қызметтер

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША 2017 ЖЫЛДЫҢ 26 ЖЕЛТОҚСАНЫНДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ ТУРАЛЫ ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Атырау облысы Ішкі саясат басқармасы басшысының 2017 жылғы 25 қарашадағы №160 бұйрығына сәйкес, басқарманың ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі және қоғамдық-саяси, талдау және мониторинг және қоғамдық-саяси, талдау және мониторинг бөлімдерінің қызметіне 2017 жылдың 4 қаңтары мен 26 желтоқсан аралығындағы жұмыс кезеңіне ағымдағы жылдың 26 желтоқсан күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалы анықтама жұмыс тобымен жасақталды:

1. Елеусинов Нұрболат Мақсотұлы – бөлім басшысы;

2. Құспанова Айгерім Сәбитқызы – бөлім басшысы;

3. Наурызбаева Сымбат Тұрсынғалиқызы – бөлім басшысы;

4. Теміржанов Алмат Маратұлы – бас маман-заңгер.

«Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша:

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы; - «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы; - «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі N 451 Заңы; - «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 16 қарашадағы № 401-V ҚРЗ; - «Жарнама туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 19 желтоқсандағы N 508 Заңы. - «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы»Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ.

Талдау анықтамасы бойынша нормативтік-құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.

Дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

«Ақпараттық саясат және БАҚ мониторингі бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – аталған бөлімде барлығы тұрақты. Кадрлардың алмасуы болған жоқ;

2) мүдделер қақтығысы – ағымдағы жылдың 27 желтоқсан жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;

3) бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;

4) рұқсат беру функциялары іске асырылмайды;

5) бөлімде бақылау функциясы іске асырылмайды.

Талдау нәтижесі бойынша құқықбұзушылықтар анықталған жоқ.

6) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер жоқ.

7) бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

8) бөлім қызметкеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;

9) прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;

10) сот актілері – бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

Қорытынды және ұсыныстар:

1. Басқармаға мемлекеттік қаражат есебінен бөлінген қаржыны уақытылы және тиімді игеру мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурстарын жыл сайын І тоқсанда жариялап, аяқтау;

2. Атырау облысы әкімдігі жанындағы бұқаралық ақпарат құралдары және Интернет-кеңістікті дамыту мәселелері бойынша Қоғамдық кеңесінің отырысын уақытылы өткізіп, қабылданған хаттамалық шешімдердің орындалуын қадағалау және кеңес жұмысы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 

«Қоғамдық-саяси, талдау және мониторинг бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша:

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:

- «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар және сыйлықақылар туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 12 сәуірдегі N 36 Заңы.

- «Коммерциялық емес ұйымдар туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 қаңтардағы N 142 Заңы. - «Қоғамдық бiрлестiктер туралы» Қазақстан Республикасының 1996 жылғы 31 мамырдағы N 3 Заңы. - «Қазақстан Республикасында бейбiт жиналыстар, митингiлер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар ұйымдастыру мен өткiзу тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 17 наурыздағы N 2126 Заңы. – «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексі 2014 жылғы 5 шілдедегі № 235-V ҚРЗ. – «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ. - «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 2015 жылғы 23 қарашадағы № 416-V ҚРЗ. - «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы N 221 Заңы.

Талдау анықтамасы бойынша бөлімде нормативтік-құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.

Дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

«Қоғамдық-саяси, талдау және мониторинг бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – аталған бөлімде бас маман орны бос (негізгі қызметкер бала күтіміндегі демалыста) Кадрлардың алмасуы болған жоқ;

2) мүдделер қақтығысы – ағымдағы жылдың 27 желтоқсан жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;

3) бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;

4) рұқсат беру функциялары іске асырылмайды;

5) бөлімде бақылау функциясы іске асырылмайды.

Талдау нәтижесі бойынша құқықбұзушылықтар анықталған жоқ.

6) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер жоқ.

7) бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

8) бөлім қызметкеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;

9) прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;

10) сот актілері – бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

Қорытынды және ұсыныстар:

1) Басқармаға мемлекеттік қаражат есебінен бөлінген қаржыны уақытылы және тиімді игеру мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурстарын жыл сайын І тоқсанда жариялап, аяқтау; 2) Атырау облысы әкімі жанындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері жөніндегі комиссия отырысының уақытылы өткізіп, қабылданған хаттамалық шешімдердің орындалуын қадағалау және кеңес жұмысы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау;

3) Атырау облысы әкімі жанындағы Үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс-қимыл жасау жөніндегі кеңес отырысының уақытылы өткізіп, қабылданған хаттамалық шешімдердің орындалуын қадағалау және кеңес жұмысы туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау.

 


Мақаланың шыққан күні:: 27.12.2017 00:02
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 27.12.2017 00:02