Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
02.06.2020

Қызметтер

Қайыршақты ауылдық округі әкімі аппаратының 2017 жылдың IІ жартыжылдығына арналған сыбайлас жемқорлықтың ішкі талдауының нәтижелері бойынша Талдау анықтамасы

Қайыршақты ауылдық округі әкімі аппараты (бұдан әрі - Аппарат) Сыбайлас жемқорлық қатерінің ішкі талдауын Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері бойынша министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №18 Бұйрығы мен Қайыршақты ауылдық округі әкімінің 2017 жылдың 15 желтоқсанындағы №50ө Өкімінде көрсетілген нормаларына сәйкес 2017 жылдың 15-17 желтоқсан аралығында өткізді.

Аппарат өз қызметінде басшылық ететін заңдарды, нормативтік-құқықтық актілерді, құқықтық актілерді зерделеді, Аппаратқа қатысты және нормативтік-құқықтық актілермен байланысты негізгі функциялары талқыланды (2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2001 жылғы 23 қаңтардағы №148 «Жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2007 жылғы 12 шілдедегі №221 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2002 жылдың 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2015 жылдың 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2003 жылғы 20 маусымдағы №442 Қазақстан Республикасының Жер Кодексі, 2014 жылғы 5 шілдедегі №235-V Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексі). Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға әрекет ететін дискретті уәкілетті және нормалар анықталған жоқ.

2017 жылдың IІ жартыжылдығында Аппараттың ұйымдастырушылық-басқару қызметін сыбайлас жемқорлыққа қарсы талдау кезінде келесі бағыттар талқыланды:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысулары:

Аппараттың штаттық саны 2017 жылғы ІI жартыжылдығының қорытындысы бойынша 8 бірлікті құрады. 1 бос орынға (жетекші маман) жалпы конкурс жарияланды.

Бұқаралық ақпарат құралдарында аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

2) мүдделі қақтығыстарды реттеу:

Мүдделер қақтығысын реттейтін Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызметі туралы» Заңының 51 бабының және Аппараттың кейбір қызметшілерінің қосымша жұмыс атқару ерекшеліктерін реттейтін Қазақстан Республикасының Еңбек Кодексінің 111 баптарының талаптары бойынша жұмыстың сәйкестігі тексеріліп, аталған мәселе бойынша құқық бұзушылық фактілері тіркелген жоқ.

3) мемлекеттік қызмет көрсету:

мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына сәйкес көрсетілетін «Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» қызметі

бойынша 1 анықтама берілген. Көрсетілетін қызмет стандартқа сай жүргізіліп отыр.

4) рұқсат етілген функцияларды және бақылау функцияларын жүзеге асыру:

2017 жылдың І жартыжылдығы қорытындысы бойынша Қайыршақты ауыдық округінен 143 адамға әскер қатарына шақырту қағазы таратылды. 3 рет медициналық комиссиядан өтуге шақырту қағазын алған 3 азаматқа округке жауапты мамандармен түсінік жұмыстары жүргізіліп, кейін медициналық тексеру комиссиясына жіберілді.

Жоғарыда мазмұндалған негізде жұмыс тобы Аппарат қызметінде сыбайлас жемқорлық қатерінің жоқ екендігі туралы шешімге келді.

 

Жұмыс тобының құрамы: Р.Нысанова

С.Орынғалиева

Г.Өтеғалиева

Келісілді: А.Жайбусинов


Мақаланың шыққан күні: 28.12.2017 07:33

Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.12.2017 07:33

Қаралым саны: 1157