Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.04.2020

Қызметтер

2018 жылдың бірінші жартыжылдығында «Жаңа Қаратон кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне жүргізілген ішкі талдау қорытындысының АНЫҚТАМАСЫ

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының заңының 8 бабының 5 тармағына сай Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

Осы талдау Жаңа Қаратон кенті әкімінің 2018 жылғы 15 маусымдағы №35 өкімімен бекітілген «Жаңа Қаратон кенті әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінiң қызметінде талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобымен жүргізілді.

Талдаумен өкімде белгіленген аппараттың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

Аппараттың қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша: нормативтік құқықтық актінің қолданыстағы заңнамаға және құқық қолдану практикасына мерзімінде талдау жүргізілуде. Прокуратура органдары тарапынан және Әділет департаменті тарапынан қандай да бір ұсыныстар мен наразылықтар келіп түспеген. Түрлі нормативтік құқықтық актілердің нормалары арасындағы қайшылықтар мен олқылықтар нормаларының қайталануы анықталмаған. Сонымен қатар, талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және шешімдер қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.

Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу бойынша: кент әкімінің өкімімен Мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға қойылатын біліктілік талаптары заңдылығына сай бекітілген және барлық мемлекеттік қызметшілер бекітілген біліктілік талаптарына сай.

Аппараттың штат саны - 9 мемлекеттік қызметкер. 2018 жылдың 7 маусымында аудандық конкурстық комиссиясының қортындысы негізінде

А.Е.Итібаев 3 ай сынақ мерзімімен бас маман міндетін уақытша атқару үшін жұмысқа қабылданды.

Құқықтық статистика органдарының деректерiне сәйкес есептi кезеңде Аппарат қызметiнде әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықтар, мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтар, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің нормаларын бұзып тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар фактілері жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы орындау үшін аппараттың барлық мемлекеттік қызметшілері сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулерді қабылдаған, қаржылық бақылау шараларын жүзеге асыру мақсатында қызметшілер және олардың жұбайлары мемлекеттік кірістер органдарына декларацияларды уақытында тапсырған. Есептi кезеңде аппарат қызметкерлері арасында жақын туыстарының, жұбайлары (зайыптары) мен жекжаттарының бiрге қызмет (жұмыс) iстеу фактiлерi, жұмысқа қабылданған қызметкерлердiң үлестестiгi анықталған жоқ.

Мүдделер қақтығысы фактілері анықталған жоқ;

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша:

Жаңа Қаратон кенті әкім аппараты өз жұмыстарында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңын басшылыққа алады.

«Қазақстан Республикасы Атырау облысы Жылыой ауданы Жаңа Қаратон кенті әкімінің аппараты» ММ бойынша Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2015 жылғы 28 сәуірдегі №3-2/378 «Мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына, Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 13 қарашадағы №339 «Атырау облысы бойынша мал шаруашылығы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес «жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру», Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2015 жылғы 7 сәуірдегі №172 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында жергілікті атқарушы органдар көрсететін мемлекеттік қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына, Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 10 шілдедегі № 210 «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласында мемлекеттік қызмет регламенттерін бекіту туралы» қаулысына сәйкес «мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» мемлекеттік қызметтері көрсетіледі.

Есепті кезеңде кент әкімімен:

1.«Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» -31;

2.«Жеке қосалқы шаруашылықтың бар екендігі туралы анықтама беру» -2 мемлекеттік қызмет көрсетілді. Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына есептік кезеңде түскен шағымдар саны жоқ.

Қазақстан Республикасында мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді алу және алудың қолжетімділігі, мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді электронды түрде алуды халыққа түсіндіру жұмыстары жыл басынан бері жүргізіліп

келеді. «Электронды үкімет» веб-порталына тіркелу, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдануға тұрғындарға түсіндірме беру және мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу жұмыстары басты назарда. Есепті кезеңде «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі жастағы (7 жасқа толмаған) балаларды кезекке қою» -53 мемлекеттік қызмет электрондық түрде көрсетілген.

2018 жылғы 21 мамырында Жаңа Қаратон кенті әкімі аппаратының ғимаратында жергiлiктi атқарушы органдардың қатысуымен мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтер жәрмеңкесi өткiзiлдi. Аталған iс-шараның мақсаты egov.kz. «электрондық үкiмет» порталын әйгiлеу, әкiмшiлiк кедергiлердi азайту, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерiн алып тастау, мемлекеттiк қызметтердi ұсыну процесiн айқын, ал мемлекеттiк көрсетiлетiн қызметтердi сапалы қылдыру.Жәрмеңке барысында азаматтарға мемлекеттiк қызметтердi көрсету бойынша қажеттi кеңестiк-әдiстемелiк көмек көрсетiлдi. Көрсетiлетiн қызметтi алушылардың негiзгi сұрақтары тұрғын үй кезегіне тұру, әлеуметтiк сала, жер учаскелерiн алу, жапсарлас құрылыстарын жүргізу және т.б.

Бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша: Аппаратта рұқсат беру және бақылау – қадағалау функциялары жоқ.

Жергілікті «Кең Жылой» газетінде және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында «Жаңа Қаратон кенті әкімі аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметiне қатысты сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерінің атына сын айтылған теріс мақалалар жарияланбаған.

Жаңа Қаратон кенті әкіміне 2018 жылдың 20 маусымына дейін жеке тұлғалардан – 97 өтініш, ал заңды тұлғалардан - 3 хат келіп түсті. ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сәйкес, келіп түскен өтініштер қаралып, өз уақтында өтініш иелеріне жауаптар берілді.

Азаматтар мен заңды тұлғалардан қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне байланысты өтініштер, қызметкерлердің әрекетіне шағымдар келіп түспеген.

Аппарат бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын алдын алу және жол бермеу, сыбайлас жемқорлық көріністеріне ұжымның теріс қатынасын қалыптастыру, сыбайлас жемқорлықтың кез-келген көріністеріне төзбеушілік жағдайын жасау және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелері бойынша қажетті шаралар қабылдануда.

Жоғарыда көрсетілген шаралар бойынша Жаңа Қаратон кенті әкіміне ұсынылады:

1)Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлық туралы» Заңын орындау барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шаралар жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.

2)Мемлекеттік қызмет стандартын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу.

3)Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын мемлекеттік қызметкерлердің қатаң сақтауы және жауапкершіліктерін күшейту туралы шаралар қабылдау.

 

«Жаңа Қаратон әкімі аппараты»

мемлекеттік мекемесінiң сыбайлас

жемқорлыққа қарсы мониторингі

мен сыбайлас жемқорлық

тәуекелдеріне талдау жүргізу

жөніндегі жұмыс тобы

 

 

 

Жұмыс тобының төрағасы:

 

Шаргабаев Каржау Сагинбаевич

 

 

Жұмыс тобының мүшелері:

 

Жалгасбаева Шаштыбике Кенжегалиевна

 

Бултекова Зига Атшыбаевна

 

Жумагалиева Гулзада Далабаевна

 

Тауманова Шолпан Казиевна


Мақаланың шыққан күні: 27.06.2018 02:22

Парақтағы соңғы өзгерістер: 27.06.2018 02:22

Қаралым саны: 985