Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
07.04.2020

Қызметтер

Атырау облысы Жылыой ауданы әкімдігінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің ішкі талдауы бойынша ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Құлсары қаласы 4-14 желтоқсан 2018ж.

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 8 бабының 5 тармағына сай Мемлекеттік органдар, ұйымдар мен квазимемлекеттік сектор субъектілері сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауды жүзеге асырады, оның нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтар жасауға ықпал ететін себептер мен жағдайларды жою жөнінде шаралар қабылдайды және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы № 12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларында белгіленген тәртіппен жүзеге асырады.

Осы талдау аудан әкімінің 2016 жылғы 23 маусымдағы №61 өкімімен бекітілген талдау жүргізу жөніндегі жұмыс тобымен жүргізілді.

Талдаумен өкімде белгіленген «Жылыой ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау және персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу, мемлекеттік қызмет көрсету, бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары қамтылды.

Бөлімнің қызметін реттейтін нормативтік құқықтық актілердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бойынша: Прокуратура органдары тарапынан «27.04.2018 жылы жеке меншікке және жалға алу құқығын сату үшін өткізілген сауда саттық (аукцион) бойынша жеңімпаз болып анықталған 30 заңды және жеке тұлғаларға жер учаскесін табыстау туралы жергілікті атқарушылық органдарының актілерін қабылдамауда» және «кәсіпкерлік мақсатқа арналған жер учаскелерді сауда-саттықсыз өткізу» деген ұсынулар түскен. Сонымен қатар күнделікті жұмыста ҚР Президентінің 2001 жылғы 10 наурыздағы №357 «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Жарлығын негізге алған. Ал аталған жарлық Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен күшін жойған болатын.

Персоналды басқару, мүдделер қақтығысын реттеу бойынша:

«Жылыой ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі 3 штат бірлігінен (1- басшы, 2 бас маман) тұрады. 1 бас маман қазіргі таңда бала күтімі демалысында.

Бөлім басшысы Қ.Ағыраев лауазымға 3 қазан 2018 жылы аудан әкімінің №32-к өкімімен тағайындалған. Осыған дейін жер қатынастары бөлімінің бас маманы лауазымын (бала күтімі демалысындағы негізгі қызметкердің орны) атқарып келді. 1 желтоқсан 2018 жылға мемлекеттік қызмет өтілі 2 жыл 6 айды құрайды.

Н.Карабалина бөлімнің бас маманы лауазымына 01.10.2010 жылы тағайындалған, 1 желтоқсан 2018 жылға мемлекеттік қызмет өтілі 8 жыл 2 ай.

А.Оңдашева бөлімнің бас маманы лауазымына 05.05.2016 жылы тағайындалған, 1 желтоқсан 2018 жылға мемлекеттік қызмет өтілі 2 жыл 6 ай.

«Мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығын әзірлеу мен бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 21 қазандағы № 20 бұйрығына сәйкес бөлімнің мемлекеттік қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтары бөлім басшысының 14 наурыз 2017 жылғы №12 бұйрығымен бекітілген. Аталған нұсқаулықтың 6 тармағында «Персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) мемлекеттік әкімшілік қызметші лауазымға тағайындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік әкімшілік қызметшіні оның лауазымдық нұсқаулығымен таныстырып, сондай-ақ, лауазымдық нұсқаулық жаңа редакцияда бекітілгеннен кейін немесе лауазымдық нұсқаулыққа енгізілген өзгерістер мен толықтырулар бекітілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік әкімшілік қызметшіге лауазымдық нұсқаулықтың, лауазымдық нұсқаулыққа өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы актінің көшірмесін беріп, онымен таныстырады және қол қойғызады» делінген. Алайда қызметтік нұсқаулықпен қызметкерлер 4 ай өткен соң, яғни 27 шілде күні қолдарын қойдырту арқылы таныстырылған. Сонымен қатар, аталған нұсқаулықтың 5 тармағындағы «Лауазымдық нұсқаулық жобасының әрбір парағына мемлекеттік әкімшілік қызметшінің тікелей басшысы қол қояды» деген талаптары сақталмаған. Жоғарыда аталған нұсқаулықтың 9 тармағында «Егер мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық міндеттерін атқару басқа адамға, соның ішінде негізгі мемлекеттік әкімшілік қызметшінің демалыс уақытына жүктелсе, онда персоналды басқару қызметі (кадр қызметі) осы адамды мемлекеттік әкімшілік қызметшінің міндетін атқару жүктелген күннен бастап үш жұмыс күні ішінде мемлекеттік әкімшілік қызметшінің лауазымдық нұсқаулығымен қол қойғызып таныстырады.» деп көрсетілген. Алайда үстіміздегі жылдың 5 мамырында бөлім басшысының міндетін атқарушы Н.Карабалинаның №1 бұйрығымен бөлімнің бас маманы міндетін уақытша атқарушы лауазымына тағайындалған Қ.Ағыраев өзінің лауазымдық нұсқаулығымен таныстырылмаған.

«Мемлекеттік қызметшілердің лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін жұмыс өтілін есептеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2017 жылғы 30 қазандағы № 687 қаулысының 5 тармағында «Лауазымдық айлықақы белгілеуге құқық беретін өтілді еңбек өтілін белгілеу жөніндегі комиссия айқындайды, оның құрамын мемлекеттік органның қызметкерлерін лауазымға тағайындауға және лауазымнан босатуға құқығы бар адам бекітеді» деп көрсетілген. Бөлім басшысының бұйрығымен «Бөлімнің мемлекеттік қызметшілерінің мемлекеттік стажын белгілеу жөніндегі комиссия» бекітілген. Құрамында Н.Карабалина комиссия төрағасы, И.Нурғожаева, Ф.Байбулова комиссия мүшелері болып енгізілген. Комиссия отырысы 2018 жылдың 3 қаңтарында өтіп, хаттамаланған.

Еңбек өтілдерін анықтау жөніндегі комиссия ҚР Президентінің 2001 жылғы 10 наурыздағы №357 «Мемлекеттік қызмет өткеру тәртібі туралы ережені бекіту туралы» Жарлығын негізге алған. Аталған жарлық Қазақстан Республикасы Президентінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы №152 Жарлығымен күшін жойған болатын.

Хаттамаға сәйкес Н.Карабалинаның еңбек өтілі 7-9 жыл аралығы, А.Оңдашеваның еңбек өтілі 1-2 жылға дейін деп белгіленген. 2018 жылдың мамыр айында бөлімнің бас маманы А.Оңдашеваның мемлекеттік қызметтегі еңбек өтіліне 2 жыл толса да, осы жылдың мамыр айында А.Оңдашеваның орнына уақытша бас маман лауазымына тағайындалған Қ.Ағыраевқа қатысты еңбек өтілі комиссиямен мүлдем нақтыланбаған.

Үстіміздегі жылдың 24 шілдесі күні бөлімнің бас маманы Н.Карабалинаға бөлім басшысының №1 бұйрығымен жоғары тұрған уәкілетті органдардан және аудандық прокуратурадан түскен ұсыныс хаттарға уақытылы жауап жолдамағаны үшін «ескерту» түріндегі тәртіптік жаза қолданылған. Ал осы жылдың 30 қарашасы күні №2 бұйрықпен аталған тұлғаның «сөгіс» түріндегі тәртіптік жазасы мерзімінен бұрын алынып тасталған.

2018 жылғы 1 маусым жағдайымен жер қатынастары бөлімінің басшысымен бөлім бойынша 8 штаттан тыс қызметкерлердің штаттық кестесі бекітілген. Бекітілген штат кестесіне сәйкес И.Нұрғожиева инспектор-бухгалтер, Н.Тұрғанбаев инспектор, Қ.Досанғалиев статистик, М.Ерғалиева іс-қағаздарын жүргізуші, Б.Өскенбай бөлім басшысының хатшысы, Ф.Байбулова әдіскер, Б.Шудабаева техник, Б.Демеуова нұсқаушы болып бекітілген. Алайда, аталған қызметкерлермен еңбек келісім-шарттарын жасаған кезде лауазымдары мүлдем басқаша көрсетілген. Атап айтатын болсақ, Б.Шудабаева көшіру-көбейту операторы, Б.Демеуова шабарман, Н.Тұрғанбаев әдіскер, М.Ерғалиева тіркеуші-хатшы ретінде жұмысқа қабылданған. Б.Демеуовамен еңбек келісім шарты 10.04.2018-10.07.2018 жыл аралығында жасалған.

Қызметкерлермен еңбек-келісім шарттарын жасаған кезде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Еңбек Кодексінің» 21 бабында «Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жағдайларды қоспағанда, еңбек қатынастары жұмыскер мен жұмыс берушінің арасында осы Кодекске сәйкес жасалатын еңбек шартының негізінде туындайды.» деп көрсетілген. Қызметкерлермен жасалған келісім шарттың мазмұны Еңбек кодексінің 28 бабында сәйкес жасалмаған. Жоғарыда аталған қызметкерлерге еңбек ақы еңбек шартына көрсетілген лауазым бойынша емес, штаттық кестеде бекітілген лауазым бойынша төленген. Одан басқа, бөлім басшысының 02.07.2018 жылғы №19 бұйрығы негізінде Р.Текебаеваға, 01.08.2018 жылғы №21 бұйрығы негізінде П.Тәжіғалиеваға 50 пайыз, 01.06.2018 жылғы №15 бұйрықпен М.Ерғалиеваға, 03.01.2018 жылғы №3 бұйрығымен К.Досанғалиевке 40 пайыз, И.Нұрғожиеваға 50 пайыз, Н.Тұрғанбаевқа 30 пайыз, Ф.Байбуловаға 50 пайыз, Б.Шудабаеваға 30 пайыз, А.Мирмановаға 30 пайыз мөлшерінде атқарып жүрген жұмыстарына қосымша міндеттер жүктелуіне байланысты қосымша ақы белгіленген.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V «Еңбек Кодексінің» 111 бабында « Сол бір ұйымда, еңбек шартында көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа немесе осындай лауазым бойынша қосымша жұмыс орындайтын не уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін өзінің негізгі жұмысынан босатылмай орындайтын жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу жүргізіледі. Жұмыскерлерге тапсырылатын қосымша жұмыстар:

1) жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа бос лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – лауазымдарды қоса атқару;

2) жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар жұмыс күнінің (ауысымның) белгіленген ұзақтығы ішінде қосымша жұмысты орындауы – қызмет көрсету аймағын кеңейту;

3) жұмыскердің еңбек шартында (лауазымдық нұсқаулықта) көзделген өзінің негізгі жұмысымен қатар басқа және осындай лауазым бойынша қосымша жұмысты орындауы – уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқару (алмастыру) арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Егер уақытша болмаған жұмыскерді алмастыру алмастыратын жұмыскердің лауазымдық міндеттеріне кіретін болса, уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны (алмастырғаны) үшін жұмыскерлерге қосымша ақы төлеу жүргізілмейді.

Лауазымдарды қоса атқарғаны, қызмет көрсету аймағының кеңейгені немесе уақытша болмаған жұмыскердің міндеттерін атқарғаны (алмастырғаны) үшін берілетін қосымша ақының мөлшерлерін жұмыс беруші орындалатын жұмыс көлемін негізге ала отырып, жұмыскермен келісім бойынша белгілейді. деп көрсетілген. Ішкі талдау жүргізу барысында жоғарыда аталған тармақтарға сәйкес келетін қызметкерлерге қосымша жүктелген функционалдық міндеттерді көре алмадық. Себебі, штаттан тыс қызмет- керлердің функционалдық міндеттері бөлім басшысымен бекітілмеген.

Штаттан тыс қызметкерлерге еңбек ақы төлеу:

Жалпы бөлім бойынша 2018 жылдың қаңтар айынан бастап басшы мен бас маманның орны бос болуына байланысты 1757960 теңге қаражат үнемделген.

2018 жылдың қаңтар- мамыр айлары аралығында D- категориясымен есептелген кезде штаттан тыс қызметкерлерге басшы мен бас маманның орындары бос болуына байланысты үнемделген қаражат есебінен 372733 теңге төленген, маусым айынын бастап С-категориясына ауысуына байланысты 6 штаттың қызметкерлеріне қосымша ақы төленбеген, инспектор-бухгалтер мен тіркеуші хатшыға -248652 теңге төлеген. Жыл қортындысымен үнемделген қаражат есебінен барлық штаттан тыс қызметкерлеге -621385 теңге төленген.

Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша:

«Жылыой ауданы жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі өз жұмыстарында мемлекеттік қызмет көрсету кезінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет көрсету туралы» Заңын басшылыққа алады. ҚР Ұлттық экономика министрінің м.а. 2015 жылғы 27 наурыздағы №272 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру», «Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру», «Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы», «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік қызметтерді көрсетеді. 2018 жылдың басынан бері:

«Іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскесін пайдалануға рұқсат беру» - 1;

«Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» - 35

«Жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту туралы» - 743:

«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» - 27 мемлекеттік қызмет көрсетілген.

Атырау облысы әкімдігінің 2015 жылғы 12 маусымдағы №182 қаулысымен бекітілген «Жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге шешім беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде «жер қатынастары жөніндегі уәкілетті органның маманы келіп түскен құжаттарды қарап, 2 (екі) жұмыс күні ішінде шешім жобасын дайындайды, 4 (төрт) жұмыс күні ішінде мемлекеттік органдармен келіседі және көрсетілетін қызметті берушінің басшысы 1 (бір) жұмыс күні ішінде шешімге қол қояды және кеңсеге береді» деп көрсетілген. Демек жер қатынастары бөлімінің қызметкерлері мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне сәйкес мемлекеттік қызметті 6 (алты) жұмыс күні ішінде көрсету керек. Жылыой ауданы аумағында жер учаскелерін беру немесе беруден бас тарту жөніндегі комиссияның 2018 жылғы 14 маусымдағы №59 қорытындысымен азаматша З.Тлеубергеноваға пайдалануындағы жер учаскесінің нысаналы мақсатын өзгертуге келісім берілген. Шешім жобасы қала әкімдігіне 9 шілдеде жолданған, яғни құжаттар кешіктіріліп жолданған. Ұқсас кемшіліктер Л.Қуатбаеваның, А.Кенжебекованың, Қ.Шамкуловтың, Г.Отарбаеваның, Б.Нармағамбетовтың, Е.Уналбаевтың, Р.Ешбаеваның, Н.Бекмагамбетовтың, М.Ибраевтың, А.Каримованың, Б.Ажибаеваның, А.Бердибекованың, Б.Спандияровтың, А.Каленованың, Қ.Битималиевтің арыздары бойынша орын алған.

Бақылау-қадағалау қызметтерін іске асыру және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелердегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыты бойынша: Бөлімде рұқсат беру және бақылау – қадағалау функциялары жоқ.

Жергілікті «Кең Жылой» газетінде және өзге де бұқаралық ақпарат құралдарында Жылыой ауданы жер қатынастары бөлімінің қызметiне қатысты сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерінің атына сын айтылған теріс мақалалар жарияланбаған.

Жылыой ауданы жер қастынастары бөліміне 2018 жылдың басынан бері жеке тұлғалардан – 312 өтініш, ал заңды тұлғалардан – 307 өтініш келіп түскен. ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Заңына сәйкес, келіп түскен өтініштерге мерзімінде өтініш иелеріне жауаптар берілмеген.

Азаматтар мен заңды тұлғалардан қолданыстағы заңнаманы бұзу мәселелері сыбайлас жемқорлық сипатындағы әрекеттеріне байланысты өтініштер, қызметкерлердің әрекетіне шағымдар келіп түспеген.

Жоғарыда көрсетілген шаралар бойынша Жылыой ауданы жер қатынастары бөліміне ұсынылады:

1) Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңын орындау барысында кемшіліктерге жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлер арасында тиісті іс-шаралар жиі жүргізу және жауапкершіліктерін күшейту.

2) Мемлекеттік қызмет стандартын бұзуға жол бермеу мақсатында мемлекеттік қызметкерлері арасында түсіндіру жұмыстарын жиі жүргізу.

3) Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарын мемлекеттік қызметкерлердің қатаң сақтауы және жауапкершіліктерін күшейту туралы шаралар қабылдау.

 

Жұмысшы топтың төрағасы Ф.Ахметова

 

Мемлекеттік-құқықтық бөлімнің

басшысы, жұмысшы

топтың мүшесі А.Арыстанғалиева

 

Кеңсе басшысы, жұмысшы

топтың мүшесі Ш.Жанаева

 

Персоналды басқару қызметі

(кадр қызметі) бөлімінің басшысы,

жұмысшы топтың мүшесі Г.Мирманова

 

Экономика және қаржы бөлімі

басшысының орынбасары ,

жұмысшы топтың мүшесі А.Сабирова


Мақаланың шыққан күні: 25.12.2018 15:27

Парақтағы соңғы өзгерістер: 25.12.2018 15:27

Қаралым саны: 723