Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
28.03.2020

Қызметтер

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТУӘЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ЖҮРГІЗУ НӘТИЖЕЛЕРІ БОЙЫНША ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8 –бабына және «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығының талаптарын орындау мақсатында Нарын ауылдық округі әкімінің 2018 жылдың 21 маусымдағы №35 өкіммен бекітілген «Исатай ауданының Нарын ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жұмыс тобы құрылды.

Осы өкімге сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау мекеменің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және мекеменің ұйымдастырушылық –басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағыттары бойынша жүзеге асыралады.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау 03.01.2019ж-28.06.2019ж кезеңдері аралығына жүргізілді.

Атап айтқанда, аталған мерзім аралығында округ әкімімен жер туралы заңнамаға қатысты 8 шешім және 44 өкім қабылданды. Қабылданған актілер бойынша заң бұзу фактілері анықталмады.

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысулары:

Бекітілген штаттық   кесте бойынша 3 мемлекеттік   әкімшілік   қызметшілер ( 1-әкім, 2 бас маман) Бұқаралық ақпарат құралдарында Аппараттың мемлекеттік қызметшілеріне қатысты жағымсыз материалдар анықталған жоқ.

2) мемлекеттік қызмет көрсету:

ауылдық округ әкімі аппаратына көрсетілген мерзім ішінде жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштер мен арыздар саны - 8. Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы №221 Заңына сай барлық арыздар уақытылы қаралып, жауабы кешіктірілмей арыз иелеріне жазбаша хабарланған. Мекемеге түскен кіріс және шығыс құжаттарды да электрондық құжат айналымының бірыңғай жүйесіне енгізілуі арқылы уақытылы жүргізіліп келеді. Мемлекеттік мекеме бойынша «Жеке қосалқы шаруашылықтың болуы туралы анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарттарын көрсетіліп келеді. «Egov.kz» порталы арқылы 12 бағыт бойынша тұрғындарға 86 - электрондық цифрлық қолтаңба алынып, басқалай қызметтер - 243 қызмет көрсетілді.

3) рұқсат етілген және бақылау функцияларын жүзеге асыру:

2019 жылдың көктемгі әскерге шақыртулар бойынша Нарын ауылдық округінен 28 адамға әскер қатарына шақырту қағазы таратылды. округтің бас маманы мен жауапты полиция инспекторына шақыру қағазын таратып, олармен Қазақстан Республикасының Заңдарындағы нормаларына сәйкес қызметтер жүргізілді.

2019ж 6 айлық қортындысы бойынша ресми жұмыссыздыққа тіркелген жұмыссыз саны 60. Тоқсан сайын қоғамдық жұмысқа алынып отыр.

Нарын ауылдық округі әкімі аппаратында 2019 жылдың 6 айлық қорытындысы бойынша ішкі талдау жұмыстарын жүргізудің нәтижесінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

                                                         

 

 Жұмыс тобының құрамы:  Қазбек Ғабит

                                          А.Қалиматова

                    

Келісілді:                 Р.Такенов


Мақаланың шыққан күні: 22.07.2019 18:05

Парақтағы соңғы өзгерістер: 22.07.2019 18:05

Қаралым саны: 482