Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
03.06.2020

Қызметтер

2019 ЖЫЛДЫҢ І ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫ БОЙЫНША ҚАЛАЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ БӨЛІМІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ БОЙЫНША АНЫҚТАМА

І.Кіріспе

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету, алдын алу, жол бермеу болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы заңнамасын негізге алып қызмет ету.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

Атырау қалалық білім бөлімі ММ, Атырау қаласы, Азаттық 65 А телефон: 321020, email: goroo@atyrau.gov.kz

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін бөлімнің басшысы: Ф.Г.Шангереева

Ішкі талдауды жүргізген жауапты тұлға: бөлімнің бас маман заңгері

А.Б.Тулепова

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу кезеңі:

Басталды – 01.01.2019 ж., аяқталды – 30.06.2019 ж.

Бақыланатын кезең:

2019 жылдың I жартыжылдығы.

ІІ.Ақпараттық-талдамалық бөлім

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу бөлім басшысының 2017 жылғы 6 желтоқсандағы №440/1 бұйрығына сәйкес жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізуге жауапты тұлға өз қызметінде:

Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V ҚРЗ

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызмет туралы» 2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V ҚРЗ;

Қазақстан Республикасының «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» 2007 жылғы 12 қаңтардағы №221 ҚРЗ;

Қазақстан Республикасының «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы №401-V ҚРЗ;

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдегі №319 Заңын, Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігінің бұйрықтары және мемлекеттік қызмет аясындағы басқа да нормативті құқықтық актілерді басшылыққа алады.

Ішкі талдау Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында жүргізілді.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мына мәселелерді қамтыды:

1) Персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – бөлімде 2019 жылы 15 штаттық орында 14 мемлекеттік, 35 келісім шарт негізінде қызметшілер еңбек жасайды.

2) мүдделер қақтығысын реттеу - бұл бағытта фактілер орын алмаған;

3) мемлекеттік қызмет көрсету - Бөліммен 2019 жылдың І жартыжылдығында 25 мемлекет қызмет түрінен барлығы 37149 мемлекеттік қызмет түрі көрсетілген.

«Электронды үкімет» веб –порталы және қағаз түрінде көрсетілгендер саны-29

Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген қызметтер саны – 412

Электрондық түрде көрсетілген мемлекеттік қызметтер саны – 21381

Мемлекеттік қызметті орындаусыз кері қайтарылғандар саны - 17

Талдау нәтижесінде Бөліммен мемлекеттік қызмет көрсетуде заңбұзушылық жағдай анықталмаған.

4) Рұқсат беру функциясында – бұл бағытта заңбұзушылық фактілер анықталмады;

5) Бақылау функцияларын іске асыру бойынша – 2019 жылдың бірінші жартыжылдығында Бөлім тарапынан жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау мерзімдерін кешіктіру бойынша факт орын алған жоқ. Уақытылы ҚР Бас Прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің Атырау облысы бойынша басқармасына салыстыру актісі, қала әкімі аппаратына есеп тапсырылып отыр.

Бөлімге қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері туралы ақпараттар бұқаралық ақпараттық құралдарының жарияланымдарда және бөлімге келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтінштерінде, өзге де мәліметтер көздерінен ақпараттар болған жоқ. Құқықтық статистика органдарынан деректер түскен жоқ.

Мекеме ғимаратында арыз-шағымдарға арналған жәшік орнатылған. Жергілікті баспасөз басылым беттеріне сенім телефоны жөнінде ақпарат жарияланды.

2019 жылдың I жартыжылдығында Бөлім қызметіне Ішкі мемлекеттік аудит департаменті, Тексеру комиссиясы, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) атырау облысы бойынша департамент тексерістер жүргізілді.

ІІІ.Қорытынды

Талдаманы қорытындылай келе, Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

Алдағы уақытта сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін болдырмау және алдын алу бойынша төмендегідей Ұсыныс беремін:

Бөлім өз қызметінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы», «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы», «Білім туралы» Заңдарын, Қазақстан Республикасының «Еңбек кодексін» және бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңын және осы Заңға тәуелді нормативті актілердің талаптарын қатаң басшылыққа алып жұмыс істеуді.


Мақаланың шыққан күні: 13.01.2020 16:36

Парақтағы соңғы өзгерістер: 13.01.2020 16:36

Қаралым саны: 171