Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
12.08.2020

Қызметтер

2018 ЖЫЛДЫҢ ІІ ЖАРТЫЖЫЛДЫҒЫ БОЙЫНША ҚАЛАЛЫҚ ВЕТЕРИНАРИЯ БӨЛІМІНДЕГІ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ЖҮРГІЗІЛГЕН ІШКІ ТАЛДАУ БОЙЫНША АНЫҚТАМА

І.Кіріспе

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу, бөлім қызметінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет ету, алдын алу, жол бермеу болып табылады. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы заңнамасын негізге алып қызмет ету.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді: «Атырау қалалық ветеринария бөлімі» ММ, Атырау қаласы, М.Өтемісұлы 118 Е/2 телефон: 320798, email: gor.vet@mail.ru.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілетін бөлімнің басшысы: Н.Г.Сатенов

Бақыланатын кезең:

2018 жылдың ІІ жартыжылдығы.

ІІ.Ақпараттық-талдамалық бөлім

Бөлім өз қызметінде басшылық ететін заңдарды, нормативтік-құқықтық актілерді зерделеді. Бөлімге қатысты және нормативтік-құқықтық актілермен байланысты негізгі функциялары талқыланды (2015 жылғы 23 қарашадағы №416-V «Мемлекеттік қызмет туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2015 жылғы 23 қарашадағы №414-V ҚР3 «Еңбек кодексі» Қазақстан Республикасының Заңы, 2002 жылдың 10 шілдедегі №339 «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының Заңы, 2015 жылдың 4 желтоқсандағы №434-V «Мемлекеттік сатып алу туралы» Қазақстан Республикасының Заңы. Талдау нәтижелері бойынша сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығын жасауға әрекет ететін нормалар анықталған жоқ.

Ішкі талдау Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау бағытында жүргізілді.

Ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметі мына мәселелерді қамтыды:

Бөлімде 2018 жыл ішінде, талдау кезінде кадрлар ауысуы болған жоқ, мүдделер қақтығысы, жұмысқа қабылданған қызметкерлердің басшымен бірігуі, қызметкерлердің негізсіз жұмыстан шығуы, ауысуы, лауазымынан төмендетілуі, өзінің жақын туыстары немесе жұбайы (зайыбы) атқаратын лауазымға тікелей бағыныстағы мемлекеттің лауазымды атқаруы сияқты фактілер болған жоқ.

Қалалық ветеринария бөлімінде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 6 мамырдағы "Ветеринария саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы" №7-1/418 бұйрығына сәйкес 4 мемлекеттік қызметтер түрлері көрсетіледі:

1. «Мемлекеттік ветеринариялық-санитариялық бақылау және қадағалау объектілеріне ветеринариялық-санитариялық қорытынды беру»;

2. "Ветеринариялық зертханалар (сынау хаттамалары) беретін сараптама актілерін беру", яғни өтінішті қабылдау және мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін беру;

Сонымен қатар, қалалық ветеринария бөлімінің шаруашылық жүргізу құқығындағы "Атырау қалалық ветеринария стансасы" коммуналдық мемлекеттік кәсіпорнымен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер:

3. "Ветеринариялық анықтамалар беру";

4. Ауыл шаруашлығы жануарларын ветеринариялық паспорт бере отырып бірейлендіруді жүргізу".

Мемлекеттік қызмет көрсету функциясына ішкі талдау жүргізу барысында – қызметті алушыдан стандарттарда көзделмеген құжаттарды талап ету анықталмаған, алайда қызмет алушылардың өздерінің бастамшылықтарымен жеке куәліктерінің көшірмелерін тапсыру жағдайы орын алған, қызметтің көрсетілу мерзімдерін бұзу, мемлекеттік қызметті көрсетуден негізсіз бас тарту сияқты фактілер анықталған жоқ. Жергілікті баспасөз басылым беттеріне сенім телефоны және қабылдау кестесі жөніндегі ақпараттар жарияланды

ІІІ.Қорытынды

1. Талдаманы қорытындылай келе, Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінде сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады.

2. Бөлім тарапынан көрсетілетін мемлекеттік қызмет көрсету кезінде стандарттар мен регламенттерді қатаң басшылыққа алып, жұмысты жалғастыру.


Мақаланың шыққан күні: 28.12.2018 17:27

Парақтағы соңғы өзгерістер: 28.12.2018 17:27

Қаралым саны: 1041