Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
25.04.2018

Қызметтер

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ТІЛДЕРДІ ДАМЫТУ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУ ҚОРЫТЫНДЫСЫ БОЙЫНША 2017 ЖЫЛДЫҢ 13 ЖЕЛТОҚСАНЫНДАҒЫ ЖАЙ-КҮЙІ ТУРАЛЫ ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының 2017 жылғы 14 қарашадағы №24-03-5/112 бұйрығына сәйкес басқарманың ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметіне 2017 жылдың 4 қаңтар мен 13 желтоқсан аралығындағы жұмыс кезеңіне ағымдағы жылдың 13 желтоқсан күні сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг және сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізілді.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындысы бойынша талдамалы анықтама жұмыс тобымен жасақталды:

1. Дияшева Жеміс Сәлуқызы – бөлім басшысы;

2. Мұханбетқалиева Мәншүк Тастемірқызы – бөлім басшысы;

3. Қуанышева Айгүл Базарбайқызы – бөлім басшысы;

4. Баярова Әсемгүл Еділқызы – бас маман-заңгер.

«Ақпарат және мониторинг бөлімінің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша:

Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілер:

- «Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Заңы;

- «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңы;

- «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 11 шiлдедегі Заңы;

- «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 29 маусымдағы № 110 Жарлығы;

- «Қазақстан Республикасының тіл саясатының тұжырымдамасы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 4 қарашадағы № 3186 Өкімі;

- Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 28 желтоқсандағы №428 қаулысымен бекітілген «Атырау облысы Тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы туралы ережесі»;

- «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөніндегі Атырау

облысының 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспарын бекіту туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 14 наурыздағы № 42 қаулысы (Атырау облысы әкімдігінің 2017 жылғы 8 тамыздағы № 207 қаулысымен өзгерістер енгізілген);

- «Атырау облысының ведомоствоаралық сипаттағы мәселелер жөніндегі консультативтік-кеңесші органдарын құру туралы» Атырау облысы әкімдігінің 2011 жылғы 18 қарашадағы № 321 қаулысы (Атырау облысы әкімдігінің 2012 жылғы 13 наурыздағы № 59, 2012 жылғы 25 қыркүйектегі № 269, 2012 жылғы 11 қазандағы № 283, 2012 жылғы 2 қарашадағы № 338, 2013 жылғы 15 наурыздағы № 102, 2013 жылғы 12 шілдедегі № 271, 2014 жылғы 28 қарашадағы № 368, 2015 жылғы 13 ақпандағы № 32, 2015 жылғы 6 наурыздағы № 62, 2015 жылғы 12 маусымдағы № 178, 2015 жылғы 25 қыркүйектегі № 298, 2015 жылғы 25 желтоқсандағы № 375, 2016 жылғы 12 сәуірдегі № 76, 2016 жылғы 18 шілдедегі № 149 және 2017 жылғы 10 қарашадағы № 275 қаулыларымен өзгерістер мен толықтырулар енгізілген).

Талдау анықтамасы бойынша нормативтік-құқықтық актілердің нормалары арасында қайшылықтар, коллизиялар мен олқылықтар, нормалардың қайталануы, сыбайлас жемқорлық әрекеттерді жасау және (немесе) шешім қабылдау мүмкіндігін туғызатын сыбайлас жемқорлыққа бейім нормалар (норма ақаулары) анықталмаған.

Дискрециялық өкілеттіліктер мен нормалардың болуы анықталған жоқ.

«Ақпарат және мониторинг бөлімінің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау» бағыты бойынша:

1) персоналды басқару, соның ішінде кадрлардың ауысуы – аталған бөлімде бір бірлік, яғни, бөлім басшысы тұрақты қызмет атқаруда. Кадрлардың алмасуы болған жоқ;

2) мүдделер қақтығысы – ағымдағы жылдың 13 желтоқсан жағдайы бойынша мүдделер қақтығысы орын алған жоқ;

3) бөлім бойынша мемлекеттік қызмет көрсетілмейді;

4) рұқсат беру функциялары іске асырылмайды;

5) Бөлімде бақылау функциясы іске асырылмайды.

Талдау нәтижесі бойынша құқықбұзушылықтар анықталған жоқ.

6) бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметінен туындайтын өзге де мәселелер жоқ.

7) бөлімге қатысты 2017 жыл ішінде мемлекеттік органдар тарапынан тексеру жүргізілген жоқ. Себебі, аталмыш бөлім 2017 жылы мамыр айында құрылды.

8) бұқаралық ақпарат құралдарында қызметкерлердің заңға қайшы әрекеттері мен теріс іс-қимылдарын әшкерлейтін материалдар жарияланған жоқ;

9) бөлім қызметкеріне қатысты сыбайлас жемқорлық мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалар тарапынан өтініштер түскен жоқ;

10) прокурорлық қадағалау актілері бойынша ескертулер болған жоқ;

11) сот актілері – бөлім бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне қатысты сот актілері түскен жоқ.

Қорытынды және ұсыныстар:

1. Басқармаға мемлекеттік қаражат есебінен бөлінген қаржыны уақытылы және тиімді игеру мақсатында мемлекеттік сатып алу конкурстарын жыл сайын І тоқсанда жариялап, аяқтау;

2. Сыбайлас-жемқорлыққа қарсы пиғыл қалыптастыру мақсатында коррупциялық қылмыстың салдары, нақты жаза туралы арнайы ақпараттық бетше жасақтап, басқарма қызметкелеріне тарату;

3. Басқарма қызметіне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарымен жұмысты жандандыру.

 


Мақаланың шыққан күні:: 14.12.2017 23:40
Парақтағы соңғы өзгерістер:: 15.12.2017 09:45