Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ІШКІ ТАЛДАУЫ БОЙЫНША СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МОНИТОРИНГ ЖҮРГІЗУ КЕЗІНДЕГІ ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

І. Кіріспе

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Бөлім)- бөлім басшысы басқаратын, өз құзыреті шегінде тиісті білім беру саласын басқаруды жүзеге асыратын атқарушы мемлекеттік орган.

Бөлімде мемлекеттік қызметшілер саны-5; азаматтық қызметшілер саны-16. Олар: 4 мемлекеттік қызметкер (бөлім басшысы және 2 орынбасары, 2 бас маман) мен бөлімнің әдістемелік кабинетінде 9 қызметкер (1 әдістемелік кабинет меңгерушісі, 8 әдіскер,) жұмыс істейді.

Бөлімге қарасты 15 жалпы білім беретін мектептер мен 4 қосымша білім беру мекемесі жұмыс жасауда.

1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің мәні:

Бөлімдегі және бөлімге қарасты мекемелердегі сыбайлас жемқорлықтың туындау себептері мен жағдайын сипаттайтын сандық және сапалық көрсеткіштерді зерделей отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдауы жүргізу мен сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторингтің нәтижесі туралы ақпаратты ұсыну.

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізілді:

«Индер ауданы білім, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі. Мекен жайы мен байланыс мәліметтері: Атырау облысы, Индер ауданы, Индербор кенті, Меңдіғалиев көшесі 30А, тел.: 8(71234)2-04-20 эл.поштасы:inder_raioo@mail.ru

ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім

Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі бойынша Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған «Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 26 желтоқсандағы № 986-шы Жарлығы мен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V Заңы басшылыққа алынып, іске асыру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл шараларын сапалы ұйымдастыру мақсатында «Бөлімнің сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастырудың іс-қимыл шараларының 2019 жылға арналған жоспарын бекіту туралы» бөлімінің бұйрығымен іс шаралар жоспары жасақталып, жоспар барлық білім беру ұйымдарына таратылып, сәйкесті жоспарлау жұмыстары барлық білім беру ұйымдарында да жүзеге асырылды.

1) 2019 жылдың он екі айы бойынша бөлімде қабылданған құқықтық акті саны:-512. Құқықтық актілердің дұрыс жасақталуы бақылануда Бөлімге қарасты білім мекемелеріндегі түрлі тексерістер кезінде қатаң есептегі құжаттар тобында мекемелердегі бұйрықтардың жүргізілуі бақыланып отыр.

2) Мүдделер қақтығысы жоқ.

3) Кадрлық тағайындауларға үнемі талдау жүргізіледі.

Бос лауазымдарға конкурстар әкімшілік мемлекеттік бос орындарына конкурс өткізу Ережелері қатаң сақтала отырып жүргізіледі. 2019 жылдың ішінде: 1 орта мектепке және 3 балабақшаға конкурс жарияланылды.

4) Бөлімдегі мемлекеттік қызмет атқаратын тұлғалар мен олардың жұбайларының табыстары мен мүліктері туралы декларацияларының уақытылы тапсырылуы қамтамасыз етілген.

Бөлімде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» және «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заңдарының, Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің ар-намыс кодексінің (Мемлекеттік қызметшілерінің қызметтік этика ережелері) талаптарын қатаң сақталуы үнемі бақыланып, осы талаптарды қатаң сақтау сезімін тәрбиелеу үшін қызметкерлер арасында жауапкершіліктері таныстырылып, телефонмен сөйлесу, жұмыс орнында және қоғамдық орындарда және мемлекеттік қызметшілерге теңестірілген басшылардың әдеп нормаларына нұқсан келтіретін материалдарды әлеуметтік желілеріне (facebook, mail.ru, instagram, vk) жарияламау және сол сияқты бұзушылықтарды алға қарай болдырмауды қамтамасыз ету мемлекет қызмет имиджіне кері әсер ететін әрекеттерден сақтандыру түсінік жұмыстары тұрақты жүргізіліп тұрады. Мемлекеттік мекемелерге фото, бейнежазба және интернетке шығу функционалдығы бар мобильдік құрылғыларды енгізбеудің қатаң сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы жұмыстар қызметкерлерге қол қойдыру арқылы жүргізіліп отыр.

5) Бөлімге қарасты барлық білім беру ұйымдарында мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаларының нормалары мүлтіксіз сақтау міндеттелген.

6) Бөлімде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер тізіліміне сәйкес, 2019 жылғы 12 айлығында 24 мемлекеттік қызмет түрінен көрсетілетін мемлекеттік қызметтер бойынша мерзімдерін бұзу фактісі болған жоқ.

Бөлімге 2019 жылдың 12 айында барлығы 36 өтініш-арыздар түсіп, оның 31-і жеке тұлғадан өтініш-арыздар түсіп, Ал, заңды тұлғадан 5-і өтініш-арыздар түсіп, 2-уі де түсіндірілді. Бөлімге түскен арыздарға үнемі уақытылы жауап беріліп отыр.

Мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасын арттыру бойынша білім бөліміне қарасты барлық білім беру ұйымдарында стенд жасақталып, ілінген.

Барлық білім беру ұйымдарына сыбайлас жемқорлыққа байланысты жоғарғы органдардан келген нұсқау хаттар мен жоспарлар уақытылы жолданып, таныстырылуда.

Білім бөлімінің дәлізінде арнайы «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - басты міндет» тақырыбында ақпараттық стенд жаңартылды. Бөлімнің ғимаратында тұрғындар үшін сыбайлас жемқорлық мәселелеріне арналған шағымдар мен ұсыныстарға арналған «сенім жәшігі» орнатылған. Бөлімнің сенім телефоны ретінде 2-04-20 нөмірі бекітілген.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған әлеуметтік жарнаманы кеңінен қолдану мақсатында барлық білім беру ұйымдарында ақпараттық стендтер мен 15 мектепте «Парасатты азамат» тақырыбындағы бұрыш жасақталды. «Парасатты Азамат» бұрыштары барлық білім беру мекемелерінде дайындалып, жоспарға сәйкесті материалдары өзгертіліп тұрады.

Сонымен бірге, барлық білім беру ұйымдарында «сенім жәшігі» мен «сенім телефондары» жұмыс жасайды.

ІІІ. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау мына бағытта бойынша жүзеге асты:

1) Бөлімнің қызметін қозғайтын нормативтік құқықтық актілерде және құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау;

2) Бөлімнің ұйымдастырушылық-басқарушылық қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтау.

Бөлімнің және бөлімге қарасты білім беру ұйымдар қызметінде сыбайлас жемқорлық құқық бұқушылық жасауға мүмкіндік туғызатын ықпал ететін тәуекелдер анықталмады.

ІІІ. Қорытынды:

«Индер аудандық білім, денешынықтыру және спорт бөлімі» мемлекеттік мекемесі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

1) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жоспарына сай құқықтық жаппай оқыту жүргізуді жетілдіре жалғастыру;

2) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу жүйесін қалыптастыру бойынша жұмысты жалғастыру.


Мақаланың шыққан күні: 17.01.2020 12:42

Парақтағы соңғы өзгерістер: 17.01.2020 12:42

Қаралым саны: 151