Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
10.04.2020

Қызметтер

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ, ЖЫЛЫОЙ АУДАНЫ, «ҚАРА АРНА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ ӘКІМІНІҢ АППАРАТЫ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНДЕ 2019 ЖЫЛҒА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНЕ ІШКІ ТАЛДАУДЫ ЖҮРГІЗУ ТУРАЛЫ ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу мақсатында Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппаратында 2018 жылғы 18 маусымдағы №24-ө өкімімен жұмысшы тобы құрылған.

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 желтоқсандағы №12 бұйрығымен бекітілген сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес Атырау облысы, Жылыой ауданы «Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің жұмысшы тобы 2019 жылдың қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізді.

«Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Жылыой ауданы, Шоқпартоғай ауылы, Ботай Нұрмағанбетов көшесі №374 үй тел:871237/26074/; /26045/; /26345/ орналасқан.

«Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік әкімшілік қызметшілерінің штат саны– 6, нақты жұмыс істейтіндер саны – 5, теріс себептер бойынша – жоқ, тәртіптік жауапкершілікке тартылғандар – 2, мерзімінен бұрын тәртіптік жазасы алынғандар – жоқ.

Оның ішінде: ауыл әкімі - 1 бірлік; бас маман - 5 бірлік (о.і. бас маман-заңгер бала күтімі демалысында).

«Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілері атқарып отырған лауазымының біліктілік талаптарына сәйкес келеді, аудан әкімі аппаратының персоналды басқару қызметі бөлімінің кестесіне сәйкес, барлық мемлекеттік әкімшілік қызметшілер біліктілігін арттыру, қайта даярлау курстарын уақытылы, мерзімінде өтіп отырады.

Еңбек тәртібін бұзу, еңбек тәртібін қайталап бұзу, мемлекеттік қызметшілер арасында әкімшілік және қылмыстық құқықты бұзу, бұрын сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылыққа жол берген, қылмыстық құқық бұзушылық жасаған тұлғаларды жұмысқа қабылдау фактісі орын алмаған. Мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылықтары үшін тәртіптік, әкімшілік жауапкершілікке тартылған, қызметтен шығарылған мемлекеттік қызметшілер тіркелмеген.

Жеке және заңды тұлғалардан түскен өтініштер саны – 57. Өтініштердің басым бөлігі жер мәселелеріне қатысты. Өтініштер уақытылы қаралып, заң бойынша қанағаттандырылуда. Нормативтік құқықтық актілер бойынша 60 шешім, 43 өкім қабылданды.

Қазақстан Республикасы Президенті Қ.К.Тоқаевтың өңір басшыларына барынша халықпен жиі кездесу туралы берген тапсырмасына сәйкес, жыл ішінде 8 рет «Ашық есік» күні өткізіліп, 6 тұрғын қабылдауға келіп, мәселелері шешілген. Әкім аппаратында ауыл тұрғындарына «Жылыой – адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жұмысын насихаттау және азаматтарға құқықтық көмек көрсету мақсатында 2 рет кездесу өткізілген. Округ ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыру үшін жаднамалар ілініп, ауыл тұрғындарына таратылған.

Округ әкімінің бекітілген кестесіне сәйкес, әр аптаның сәрсенбі, жұма күндері тұрақты негізде жеке мәселелері бойынша азаматтарды қабылдау жүргізеді. 2019 жылы 18 азамат қабылданып, барлық азаматтардың өтініштері қанағаттандырылды.

Мемлекеттік қызметтер тізіліміне сәйкес әкім аппараты бір мемлекеттік қызмет көрсетеді, ол «Мектепке дейінгі балалар ұйымдарына жіберу үшін мектепке дейінгі (7 жасқа дейін) жастағы балаларды кезекке қою». Қара Арна ауылдық округі әкімі аппаратының көрнекі жеріне қызмет алушыларды мемлекеттік қызметті алудың рәсімін ақпараттандыру үшін, қазақ тілінде түрлі түсті инфографика орналастырылған. Бұл жүйе автоматтандырылған. Тұрғындарға түсіндіру жұмыстары жүргізілген.

Азаматтардың арыз-шағымдарын салуға арналған жәшік және Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің сенім телефондары көрнекі орынға орналастырылған.

Округ әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілеріне қатысты бұқаралық ақпарат құралдарында теріс сипаттағы материалдар жарияланбаған.

Прокурорлық қадағалау актілері, наразылық, ұсынымдар келіп түспеген. Мүдделер қақтығысы фактілері анықталмаған. Мемлекеттік қызметшілерден, жоғарғы органдардан және басқа да мекемелерден шағым түспеген.

Жоғарыда баяндалғандар негізінде, жұмысшы тобы «Қара Арна ауылдық округі әкімінің аппараты» бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуде, басқарушылық-ұйымдастырушылық қызметінде, нормативтік-құқықтық актілерде мемлекеттік мекеменің қызметіне қатысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталмады деген шешімге келді.


Мақаланың шыққан күні: 15.01.2020 14:00

Парақтағы соңғы өзгерістер: 15.01.2020 14:00

Қаралым саны: 100