Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
08.04.2020

Қызметтер

АТЫРАУ ОБЛЫСЫ ЖЫЛЫОЙ АУДАНДЫҚ ІШКІ САЯСАТ БӨЛІМІНІҢ СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ТӘУЕКЕЛДЕРІНІҢ ІШКІ ТАЛДАУЫ БОЙЫНША ТАЛДАМАЛЫҚ АНЫҚТАМА

Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімінде штат бойынша 3 мемлекеттік қызметкер, қазіргі таңда нақты 2 мемлекеттік қызметкер жұмыс жасайды.

1. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімінің 2017 жылғы 07 маусымдағы №18 бұйрығына сәйкес жұмысшы топ құрылды.

2. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу кезеңі: 2018 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша.

3. Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу үшін жауаптылық жүктелетін лауазымды тұлға: Данисова Мөлдір Сарболатқызы – бөлім басшысының міндетін атқарушы, жұмысшы топ төрайымы.

«Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімі» ММ, Құлсары қаласы, Абдрахманов көшесі, 27, тел: 8/71237/ 5-15-48, 5-14-57 орналасқан.

Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімінде 2018 жылдың 6 ай қорытындысы бойынша 1 мемлекеттік қызметкер бөлім басшысы өз еркімен (жазған өтініші негізінде) жұмыстан босатылды.

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы №410-V «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл» Заңының 7,8 баптарын басшылыққа ала отырып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жұмыстары жүргізіліп, 2018 жылғы 6 ай қорытындысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар анықталған жоқ.

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының талаптарына сәйкес жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі мен мерзімдері қатаң сақталуға үздіксіз міндеттелген.

Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы №147 «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, бөлімге жеке және заңды тұлғалардан 6 (он бір) өтініш келіп түсіп, олар құрметті азамат атағын беру, рухани жаңғыру бойынша сұрақтар, тарихи орындар туралы өтініштер уақытылы қаралып, заң бойынша қанағаттандырылуда.

2018 жылдың 1-жарты жылдығында 1 мемлекеттік қызметшіге ескерту берілді.

Сонымен қатар, бөлім қызметкерлерінің қызметтік нұсқаулықтары мен еңбек шарттарында, мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдарын сақтау міндеттелген. 2018 жылдың 6 айында барлығы – 43 бұйрық қабылданған.

Халық арасында сыбайлас жемқорлыққа «мүлдем төзбеушілік» ахуал қалыптастыру үшін жасақталған жадынама бөлімнің ғимаратындағы көрінетін орынға ілініп, қызметкерлер арасында «Сыбайлас жемқорлыққа жол жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Бөлімнің ғимаратында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Заңнамасы тақырыбында ақпараттық стендтер, мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексі орналастырылды.

Жылыой аудандық ішкі саясат бөлімінің сыбайлас жемқорлық тәуекелдігіне ішкі талдау жүргізу қорытындысы бойынша ұсынылды:

1. Тоқсан сайын жұмысшы топ бөлім бойынша талдамалық жұмыс өткізу;

2. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы жаппай бөлімнің мемлекеттік қызметкерлеріне оқыту жүргізу.


Мақаланың шыққан күні: 19.06.2018 09:17

Парақтағы соңғы өзгерістер: 19.06.2018 09:17

Қаралым саны: 845