Мобильді нұсқа Нашар көретіндерге арналған нұсқа
30.05.2020

Қызметтер

ЖАРСУАТ АУЫЛДЫҚ ОКРУГ ӘКІМІ

«Жарсуат ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің веб - сайтына кірушілер!

Сіздердің сұраныстарыңыз бойынша қызықтыратын немесе керекті мәліметтерді уақытында беріп отыруға және бірлесіп жұмыс жасауға әзірміз.

Біздің мекен-жайымыз: Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылы, Жаналисов көшесі, №11А.

Телефон: (871234) 2-33-33

Email: jarsuat-ok@mail.ru

 

АКИМ ЖАРСУАТСКОГО СЕЛЬСКОГО ОКРУГА

Балахметов Алифолла Хабиболлаұлы

1958 жылы 29 мамырда Атырау облысы, Индер ауданы, Құрылыс ауылында дүниеге келген. Ұлты-қазақ.

Білімі-жоғары. 1980 жылы – А.Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын «Тарих және қоғамтану пәндерінің мұғалімі, тәрбие жұмысы бойынша методист» мамандығы бойынша тамамдаған.

Еңбек жолын 1980 жылы С. Сейфуллин атындағы орта мектепте кластан тыс тәрбие жұмыстарының ұйымдастырушысы болып бастап, мектеп директорының орынбасары қызметінде жалғастырған. 1981-1983 жылдары Кеңес Әскерінің қатарында әскери борышын өтеген. 1983-1984 жылдары аталған білім ордасында қызметін жалғастырып, 1984-1987 жылдары аудандық «Білім» қоғамында хатшы, 1987-1990 жылдары аудандық партия комитетінің саяси ағарту кабинетінің меңгерушісі, идеалогия бөлімі меңгерушісінің орынбасары, 1990-1994 жылдары «Жамбыл» атындағы совхоздың партия комитетінің хатшысы, директордың орынбасары қызметтерін атқарған. 1994-2003 жылдары Жарсуат ауылдық округінің әкімі, 2003-2005 жылдары Махамбет атындағы орта мектеп директоры, 2005-2008 жылдары аудандық білім беру және спорт бөлімі, аудандық білім беру бөлімдерінің басшысы, 2008 жылдың қараша-желтоқсан айларында Жарсуат ауылдық округінің әкімі, 2008-2017 жылдары Индер ауданы әкімінің орынбасары қызметін атқарған. 2017 жылдың 16 тамызынан бастап Жарсуат ауылдық округінің әкімі болып тағайындалды.

 

Жарсуат ауылдық округі әкімі А.Балахметовтың 2017 жылғы жеке табыс салығы – 200 944 теңге, мүлкі бойынша мәліметтер – Атырау облысы, Индер ауданы, Жарсуат ауылы, М.Мусина көшесі, 5 үй мекенжайы бойынша жер участкесі және тұрғын үй.


Мақаланың шыққан күні: 06.09.2016 16:05

Парақтағы соңғы өзгерістер: 16.03.2018 08:47

Қаралым саны: 1902